400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әке, Ана – үш-ақ әріп тіршілік, Үш әріптен үлбірейді гүл шығып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды анаға деген құрмет, әсемділікке , әдемілікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің музыка-ырғақ пәнінің мұғалімі дефектолог

Бекенбаева Ақсұлу Ергешбайқызы

ОҚО. Түркістан қаласы

Тақырыбы: Әке, Ана – үш-ақ әріп тіршілік,

Үш әріптен үлбірейді гүл шығып.

Мақсаты: а) білімділігі: Бала бойына сүйіспеншілікті , жылылықты ұялату, ата-анасын

құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;

ә) дамытушылығы: Халқамыздың тәлім-тәрбиесінің ананың ақ сүтімен, әже

өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалар

бойына дарыту.

б) тәрбиелілігі: отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырым

дылық, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Ұлттық салт-дәстүрімізге

байланысты әке орынының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала

махаббатын ояту.

Көрнекілік: Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, гүлдер, шарлар, Слайдтар, Жанұядағы әке мен

бала, ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Сабақтың барысы:

Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу. Алдамен сүй, ардақты ата-анаңды, Үлгілі ұрпақ атадан бата алады. Бар жақсылық балаға бұл ғаламда Мейірімінен ананың жасалады. Жырақ жүрген ата-анасын сағынған Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан. Екеуінің қуанышы, тілегі Әрқашан да бір арнадан табылған.


1. Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі Қазақ отбасында ата -ана ның қадірі ерекше әспеттелген.

Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ана ны ардақтамайтын халық та жоқ.

«Аналық сезім» әні Байболат Диана

2. Балаларға жұмбақтар шештіру:

Әлпештеп өзіңдей өсірген Нағашы әжеңнің баласы

Төрінде жалпиып көсілген Бұл күнде жиеннің анасы Ол кім? (анаң)

Аймалайды күнім деп Мейірімді жүзі күлімдеп

Тәтті-ақ дейді немере Бал шырындай үнің деп Ол кім? Әже

Айтары мол ғұлама Көп жасаған бұл адам

Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған Ол кім? ата

Атаңның баласы Кей кезде таласып

Қаласың әжеге Білгенің асады кәдеге Ол кім? әке

«Аяулы анашым» әні Рустем Назыма

3. Арайлы ақ тілекпен

Ән жолдаймын өзіңе

Сағыныш сазды жүрекпен

Жыр арнаймын өзіңе.

Бексұлтан мен Зилоланың орындауында «Жан әке» әні.

4. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады.

«Баланы – жастан» дегенге мен де толық қосыламын. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уата тын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры.

«Анаға арнау» әні Маржан мен Арман

5. Қуанышым - арай жүз,
Сөйлесерміз талай біз.
Бар ағайын жиналып,
Мәз боп саған қараймыз.
Сендей бала ешкімде,
Болмаған деп санаймыз.
Жалғыз дара - өзіңсің,
Атасының көзісің,
Әжесінің сөзісің,
Мен барымды аяман,
Ботқаным, сен үшін.

«Менің әжем» әні Серікбай Әсел

6. Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі. – деп Абай атамыз айтқандай балалар Ата - анаға көз қуаныш,сіздерге тек қуаныш, шаттық әкелсін!

«Асыл ана» әні Дарынат Әліпбай

7. “Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жана шыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.

Ана – жүрек, жүректі құдіретте.

Ана – тірек, тіректі құрметте,

Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.

Ана – күнің, күніңе табынып өт. – деп жырлағым келеді.

«Мама» әні Нұрилла Орынбай

8. Жұмбақ шешу.

Маған да,саған да туыс бес адам.

Үш әріптен тұратын

Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан

Бәріде өз жұртың,

Айтады кәне кім атын?

Топтастыру Отбасы Ата әже әке ана аға ұл

«Мен қазақтың қызы» әні Маржан мен Диана

9. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Мұзды бесік таянған, - да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана .

«Менің мамам» Жанар Әжібек , Аида Тұрмағамбет

10. Балаларға сұрақтар: -Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не? -Анаңның туған күні қашан? -Үйдегі адам саны қанша? -Бауырың неше жаста? Үйде ыдысты кім жуады? -Үйді кім жинастырады? -Таңертең сені кім оятады? -Әкеңнің туған күні қашан?

«Ана-ұстаз» әні Тубегі мен Мұхаммед

11. Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі. – деп Абай атамыз айтқандай балалар Ата - анаға көз қуаныш,сіздерге тек қуаныш, шаттық әкелсін!

«Мамочка милая»әні Диана Ишметова

12. Ал нәресте өмірінің нәрі - Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп ата лады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді.

«Әкеге арнау» әні Тұрмағамбет Аида

13. Сұрақтар:

- Не тәтті ? Ананың сүті

- Не жұмсақ ? Ананың қолы

- Кім жақын ? Тату болса ағайын жақын, Бауырмал болса, інің жақын.

- Не қымбат ? Алтын ұяң, Отаның қымбат, Құт – береке атаң қымбат. Аймалайтын анаң

қымбат, Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

«Әжеме» Азиза Абдумаулен

Мақалдың жалғасын тап-ойыны.

1.Атаға қарап-.(ұл).. Анаға қарап-..(қыз).

2.Ананың көңілі балада,...

3.Ата-ананың қадірін ...

4.Атаның баласы болма ...

5.Ұядан не көрсе,...

7.Қарағайға қарап..... Отбасына қарап .... жарайсың


14. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ана ны құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі ана ңа, тағы да ана ңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда.

“Егер ата ң мен ана ң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі ана ңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.

Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата -ана сының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.

«Ана ғой» әні Айда Тұрмағамбет.

Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен ана дан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбата ды.
Кешке қатысқандарыңызға көп рахмет! Отбасыларыңызда тек әрқашан бақыт болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі