400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әке-асқар тау" әкелермен кездесу кеші.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әкелермен кездесу кеші
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Күні:

Тақырыбы: «Әке-асқар тау»

Мақсаты: Отбасы тәрбиесінде әкенің балаға тәрбиелік ықпалын арттыру; Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі

заман  талабынан шығатынын дәлелдеу.

Барысы:

1-Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Әр отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы "Әке — асқар тау", "Әке — бәйтерек" деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. "Әке балаға сыншы" дейді халқымыз. Ендеше «Әке – асқар тау» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!


2-жүргізуші: Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз.


1-жүргізуші:

Ыстық ау кім кімге де әке деген
Суыққа шалындырмай мәпелеген
Өмірдің соқпағымен өрге тартып
Алдымен адам бол деп жетелеген

Сіз балаңыз туралы қаншалықты білесіз? Келесі кезекті «Қызықты сұрақтар» айдарына берейік.


2-жүргізуші:

Сұраққа - жауап:

1. Балаңыздың парталас көршісі кім?

2. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

3. Балаңыздың сізді қатты қуантқан немесе режеткен кезі болды ма?

4. Балаңыздың пікірімен санасасыз ба?

5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

8. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

9. Балаңыздың туған күні?

10. Балаңыздың сүйікті хоббиі қандай?

11. Соңғы рет балаңыздың күнделігіне қашан қол қойдыңыз?

12. Балаңыздың достарының есімі

13 Балаңыздың соңғы алған жетістігі қандай?

14. Балаңыз қай сыныпта оқиды?

15. Балаңыздың сүйікті тағамы?

16. Балаңыздың ең жақсы көретін пәні қандай?

17. Балаңыздың жылы қай жыл атауына жатады?

1-жүргізуші: Құрметті кішкентай бүлдіршіндер сендерді артқы парталарға сурет салуға шықырамыз.

(Ақ беттер таратылады, Бейне ролик аяқталғанша оқушылар сурет салап аяқтауы керек.)

2-жүргізуші: Отбасында әкенің рөлі қандай болу керек.Бейнероликке назар аударайық.

1.Отбасындағы әкенің орны қандай болу керке?

2.Балаңызбен қаншалықты сырлас, доссыз?

3.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

Рахмет жауаптарыңызға.

1-жүргізуші:

Өмірдің көрген талай жол тарабын 
Әкеден кім аяйды қолда барын
Әкенің ақ тілегін өтеу парыз
Мен бүгін әкемді ойлап толғанамын

Келесі «Мен салған сурет» айдарына кезек берейік. Бірінші оқушыларымызды ортамызға шақырайық.

балаларымыздың салған суреттерін сіздер табуларыңыз керек. Суреттердің астында номерлер беріледі сол арқылы кімнің салғанын айтамын.

2-жүргізуші: Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу - айрықша парыз. «Әкеге бағыну - Аллаға бағыну. Әкенің адал күшін ақтау - өз болашағыңды сақтау. Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып - қағатын болады делінген.

1-жүргізуші:

«Өткенге серуен»

-Бала кезде бұзықтық жасаған кезіңіз бол ды ма?

-Ерте кездегі тәрбие мен қазіргі кездегі тәрбиенің айырмашылығы бар ма?

2-жүргізуші: Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше.

Ойын Әке туралы әндердің бастапқы екі жолын оқимын. Әрі қарай музыкасымен тауып айту керек. Ендеше бастайық

1-жүргізуші:

Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем-дағы, қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған?!
Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған?!

2-жүргізуші:

Отқа түстін суға түстін мен үшін

Енді міне бағын берді жемісін

Бала қыран шыңға шықса бұл күнде

Мұның бәрі әке сенің жемісін


Анашымды отырғызып жаныма

Той берейін салып алаканыма

Ей адамда шүкіршілік етіңдер

Мына өмірде әкелерің барына

Тек әкелер сендер ғана лайықсын

Хан сарайы патша тағын

1-жүргізуші:

Ұшырдың баптап ұядан

Кетпейсің ойдан, қиялдан

Арманға биік қол созсам

Тұрасың демеп жиі алдан

Қайырмасы

Көңілім бүгін алаңды

Күттің бе, әке, балаңды

Шаттықпен жарқын тойыңа

Сыйлаймын сазды бұл әнді

Шаттықпен жарқын тойыңа

Сыйлаймын сазды бұл әнді

2-жүргізуші:

Алладан кейінгі шеберім

Жан әке жан жүрегім

Самғасам күш қуат демедің

Сүрінсем тірегім

Қайырмасы

Әр қашанда биік көретін мен басқадан

Менің әкем,менің әкем ең жақсы адам

1-жүргізуші:
Шешесін ұқпайтын
Әкеден ықпайтын
Ұл болмайды.
Шешеге тартпайтын,
Әкеге жүк артпайтын
Қыз болмайды - деп тегін айтпаған. Оларды жақсы тәрбиелеп, өнегелі еңбекке баулып, еліне пайдалы азамат етіп өсіру сіздердің абзал борыштарыңыз. Ерте ме, кеш пе сіздің тәрбие беру жолындағы еңбегіңіз белгілі бір табыстарға жеткізері сөзсіз.

Ендеше бүгінгі дөңгелек үстеліміздің құрметті қонақтары. «Әу демейтін қазақ жоқ» дегендей бүгінгі кешімізді «Әкелер» әнімен аяқтасақ.

Ән: «Әкелер»

2-жүргізуші: Сіздердің аялы алақандарыңызбен, жылы жүректеріңізбен тербеткен әрбір азаматтарыңыз барыс текті, елін, жерін қорғайтын намысты ұрпақ болсын дегіміз келеді.

Бүгінгі «Әке-асқар тау» атты дөңгелек үстелімізге уақыттарыңызды бөліп, бала деп келгендеріңізге көптен - көп алғыс айтамыз. Біз сіздермен қоштаспаймыз , келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.



(Естелік суретке түсуге шақырамын)






«Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалқар ауданының білім бөлімі»

Мемлекеттік мекемесінің «Сарысай негізгі орта мектебі» КММ









« Әке –асқар тау»

( дөңгелек үстел)





Ұйымдастырушылар:

Жолдасов Н.Ш.

Еңсепбаева Н.Б.














2020-2021 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
27 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
5400
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі