400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әке-асқар тау қазақ тілі 10 сынып ашық сабақ үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары пән мұғалімдеріне тиімді жоспар түрі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақ тілі, 10-сынып .Мұғалім.Мұсаева.Қ.С.

Сабақтың мақсаты: отбасындағы әкенің орнын түсініп, оған деген қажетті қадір-қасиет сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

  • мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ой-пікірін ауызша-жазбаша тіл арқылы білдіруге дағдыландыру, ықпал түрлерін қайталау;

  • логикалық ойлауын, коммуникативтік қабілеттерін дамыту;

  • әкеге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдістері: СТО жобасының кластер стратегиясы, оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, өздік жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Әке нұсқаған жолмен» тақырыбына — эссе/мәтін мазмұндау (33-бет)

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Сабақтың тақырыбы айтылады, мақсат, міндеттері айқындалады.

2. Кластер — «Әке» сөзінің мағынасын ашатын сөз тіркестер, сөйлемдер жазады.

3. Оқулықпен жұмыс (1920-бет, қосымша оқулық, Д.Е.Рысқалиева, Д.Қ.Ибрагимова, А.С.Жақанбаева,.Астана:Арман-ПВ баспасы,2014 )

Әке - асқар тау

Отбасында әкенің орны бөлек.Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке- бала үшін асқар тау.Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым.Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.

Әке- ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес,ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Әкені ренжітпей, оның айтқанын орындап отыру әрбір перзенттің басты парызы екен.

Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады.”Әкең ренжіп қалар”,”Әкең жіберсе,бара ғой”, ”Әкеңе барып сәлем бер”, “Әкеннің керегін дайында” деп, әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса,мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз.

3.1. Сөздік жұмыс

Әулет, асырап сақтаушысы, енші, бөлек шыққан, киелі, иеленген, мінез-құлқы, нысанасы, өнегелі.

Мұнда жаңа сөздер түсіндіріледі, оқушылар бұл сөздерге мүмкіндігінше синонимдер келтіреді. Мысалы: әулет, отбасы.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері қазақ ақын-жазушыларының көркем шығармаларында көрініс тапқан. Осыған байланысты көркем әдебиет үлгілерін еске түсіру.

3.2. Оқылым.

3.3. Мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс.

а) Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын тексеру (16-б.).

ә) Деңгейлік тапсырмалар орындау (жазбаша) — 5 мин.

ІІІ д. Мәтінді түсініп, мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастыру, мәтінге ат қою (жеке жұмыс).

ІІ д. Мәтіннің мазмұны бойынша және тақырып төңірегінде полилог құру (3-4 оқушы).

І д. Мәтін мазмұнын кеңейтіп, жалғастыру. Өз ой-пікірін білдіру.

Тексеру барысында оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, қате болған жағдайда түзетіп, толықтырады.

3.4. Жазылым. Ықпал түрлерін қайталау.

Ықпалдың ілгерінді, кейінді түрлерін еске түсіріп, мәтіннен 6 мысалдан теріп жазады. Мұнда жазуда ескерілетін, ескерілмейтін мысалдарды көрсетіп келтіреді.

4. Сабақты қорытындылау.

4.1. Білімін жинақтау — сұрақтар қою (ауызша жауап береді).

  1. Отбасында әкенің орны қандай?

  2. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың тәрбиесінде өте маңызды. Неге? Бұл ойды дәлелдейтін мақалды келтіріңдер.

  3. «Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше» демекші, ана туралы айтпай кетуге болмайды. Бала тәрбиесінде ананың рөлі қандай? Осыған байланысты мақалдар келтіру.

4.2. Сабақ басында жасалған кластер жаңа ұғымдармен толықтырылады (жазады).

4.3. Тілдесім.

Оқушылар жаңа сөздерді, ұғымдарды пайдаланып, тақырып төңірегінде бір-біріне 2 сұрақтан қояды.

IV. Оқушыларды бағалау.

V. Үйге тапсырма:

сөздерді жаттау, мәтінді оқу.

. Әке туралы шағын мәтін құрастырып жазыңдар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
883
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі