400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Әке асқар тауым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орынының ерекше екендігін ұғындыру.Әкеге деген бала махаббатын ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Зеленов АББ

Володар жалпы орта білім беретін мектебі» КММ





«Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды» Мектеп директоры директордың ТІЖ орынбасары ӘБ жетекшісі

Н.Н Муханбетжанова Галиева Н.С_______ Супушева Ф.А_____

«____»________2018ж «____»_________ 2018ж «____»_______2018ж






«Әкем–асқар тауым!»


( Әке мен бала сайысы 1-2 сынып)






Бастауыш сынып мұғалімі: Умбетова А.Б





2017-2018 оқу жылы


Күні:11.04.18ж

Уақыты: Саг 18.00

Өтетін орны : өзін -өзі тану кабинеті

 

Тақырыбы:   Әкем –асқар тауым.

Мақсаты:  Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орынының ерекше екендігін ұғындыру.Әкеге деген бала махаббатын ояту.

Көрнекілік: Мақал-мәтелдер, ребус, гүлдер, шарлар.


Барысы:    Құрметті әкелер сіздерге арналған «Әкем –асқар тауым» -атты тәрбие

сағатымызды бастаймыз.  Хормен «Әкем –әнім» әні орындалады.

 Сабақтың барысы:

«Ата –сая болар бағың болса, Әке-асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар, жылытар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәттсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім,-дей отырып, сіздерге арналған «Әкем –асқар тауым.» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!



— Қадірменді әкелер! Сіздің осы кездесуге үй шаруларыңызды тастап, бас тартпай  келуіңіздің өзі – бала бақыты сіз үшін маңызды екенін көрсетеді.

Тренинг: «Мен үшін әке болу – бұл… »

Сөз басында мына ойыншықты /жұмсақ қонжық / бір- бірімізге жалғай отырып, мына фразаны аяқтайық! «Мен үшін әке болу – бұл… »  /бақыт, жетістік, байлық, арман, дәреже, мәртебе, өмір,  жауапкершілік…т.с.с./

Жүргізуші: Керемет! Ой бөліскеніңізге  рахмет! Олай болса, жалғастырайық!

— «Әке – асқар  тау» деп теңестіреді халық даналығы. Әр бала Әкесі мен анасының махаббатының жемісі болғысы келеді. Бақыты бала тек бақыты ата-анада ғана болады. Бала тәрбиесінде Әкенiң  рөлі  ерекше. Алайда,  қанша мүмкіншілік болса да көптеген ер адамдар бала тәрбиелеудің негізгі   жауапкершілігін мойнына алмайды. Психологтардың зерттеуі бойынша, егер әкелер балаларымен тығыз байланыста болып, тәрбиелеу міндетінің жүктемесін мойындарына алатын болса –анаға қарағанда тигізетін әсері басым болатынын айтады.

Ер бала әкені тыңдағысы келеді, оған ұқсас болғысы келеді. Ерекше әсер әрине, — бірігіп ойын ойнау. Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша, мысалы, ана баламен ойын ойнаса, ол әкеге қарағанда, ойнай отырып,баланы күтуді жалғастырады /мысалы: ойнаса да, ол бала құлап қалмаса екен, немесе бір жерін ауыртып алмаса екен, киімін ластап тастамаса екен т.с.с. / Ал әке керісінше,күш, қозғалыс ойындарын таңдайды.Осының салдарынан баланың даму белсенділігі арта түседі. Бұған дәлел, ұлы Аристотель « Ана — өсiредi, Әке – үйретедi» деп бекер айтпаған

І. «Әке – отбасының тірегі»- балалардың әкелері туралы ойы, тілегі, жыр шашулары

«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,

Жаманнан жақсы туады,  адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.

Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала-жетім. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы.Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Халық ер адамды сыйлай білмесе тексіз деп атайды. Әке отбасының асыраушысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. «Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар-кері кете туады» деген тұжырымға сай баланың қандай болмағына негіз қалайтын әкенің өзі.


Бүгінгі кешіміз V бөлімнен тұрады.

Сайыс шарттары:

1.Өзін –өзі таныстыру

2. « Менің әкем өнерлі» (ән айту, қамшы өру т.б.)

3. Мақал –мәтелдің жалғасын табу Топтастыру

4. Ойын «Сіз балаңызды жақсы білесіз бе?» сұрақ

5. «Сіздер қандай әкесіз?» тест


 Ең тамаша сөз бұл өмірде «Әке» деген,

Суыққа бір шалдырмай мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына.

Алаңсыз сауық-сайран, құрып жүрміз,

Біз бүгін әкелердің арқасында.

Әкешім, жүреміз біз бір өзіңді арқаланып,

Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық.

Жүзге жет жүзің жарқын, денің сау боп,

Оны да аман-есен қарсы алалық.-дей келе, ұл-қыздарыңыздың өнерлерін тамашалауға шақырамыз.


І.  Әдеби музыкалық монтаж

1.Атамның ән-күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мейірімі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып


2.Әкем  шытса қабағын

Байқа балам –дегені

Алғаным көп-ақ сабағым

Жақсы көрем мен оны


3.Бойға қуат береді

Әй жарайсың дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді


4.Сабағымнан қалмаймын

Бес аламын бәрінен

Озат оқып әрдайым

Қуантамын әкемді       

5.Ойнаймыз,күлеміз

Жарқылдап жүреміз

Әкені сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз

6.Арайлы ақ тілекпен

Ән жолдаймын өзіңе

Сағыныш сазды жүрекпен

Жыр арнаймын өзіңе

7.Қамқорсың әке өмірде

Қуатым сенсің көңілге

Әлпештеп мені өсірдің

Ұшармын ертең көгіңде

8.Аңсадым жылы сөзіңді

Ақылшым болған кезіңді

Есімде әке сақтаймын

Асқар биік өзіңді

9.Арманым едің аңсаған

Әкелсем бақыт мен саған

Ұрпағың болып жалғадым

Қуаныш әкеп сен маған

10.Теңіздей шалқып жүремін

Сүйенер сенсің тірегім

Барсам да қайда жан әкем

Өзіңмен бірге жүрегім

11.Аққудай ақ арманым

Ауырмашы әкешім

Ауруы көп-ау жалғанның

Қартаймашы әкешім

12.Көкке өрмелеп көңілің

Нұрға толсын өмірің

Бақытты бол жан әке

Ұзақ болсын ғұмырың


Мұғалім: Ойлайды әрқашан да бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемнен алған асыл қасиетті,
Елімнің керегіне жаратамын.

1.Өзін –өзі таныстыру

( Сайысқа қатысушы әке өзін таныстырады)

Мұғалім: Асқар тау әкешім бар сүйенішім,
Ізгілік, адалдықты сүйеді шын.
Қабақ шытса балалық қылығыма,
Ешқашан болмақ емес ренішім.
Көмегімен біздерді мәпелеген,
Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастаушым - биікке жетелеген.



2. « Менің әкем өнерлі» (ән айту, қамшы өру т.б.)

Мұғалім: Ойлайды әрқашан да бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемнен алған асыл қасиетті,
Елімнің керегіне жаратамын.
3. Мақал –мәтелдің жалғасын табу:

1. Әке көрген оқ жонар......................................

2. Жақсы әкенің даналығы- ...................................

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, .............................

4. Әкесі құрдастың баласы ................................

5. Әкесін сыйламаған адамды ........................................

6. . Әкеге қарап ұл өседі, .............................................

Мұғалім: Әке!Әке!Әке!Қымбат әрине

Ол қамқоршы жанұяға, әр үйге

Отан үшін, жанұя үшін, мен үшін

Аямайды не өмірін, не күшін



4. Ойын «Сіз балаңызды жақсы білесіз бе? »

Мұғалім: Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл,
Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,
Жанымдасың, қамқорымсың білемін.

5.«Сіз балаңызды жақсы білесіз бе?» ойыны 
Ойынның мақсаты: ата – ана баласын қаншалықты білетінін байқау.  
Қызықты сұрақтар: 
1. Балаңыздың туған күні? 
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні? 
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді? 

4. Балаңыздың парталас көршісі кім? 
5. Бүгін сабақта қандай баға алды? 
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды? 
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай? 

9.Балаңызға қандай еркелететін сөз айтасыз?

10.Балаңыздың ең жақын досы?

11.Балаңыздың сүйікті пәні?


Жүргізуші:- Ал енді,сіздер қандай әке екеніңізді білгіңіз келеме? Олай болса, мына тест сұрақтарына назар аударайық?





Тест сұрақтары

  1. Сіз өзіңіздің ата-анаңызға көмектесесізбе?

  2. Сіз қайың жұртыңызбен жиі араласасызба?

  3. Балаңыз сұраған заттардың бәрін алып бересізбе?

  4. Балаңыздың көзінше анасымен ұрыспауға тырысасызба?

  5. Сіз балаңыздың \қызыңыздың\ дене бітімінің, ой ұшқырлығының дамуына ат салысасызба?

  6. Балаға берген сертіңізді үнемі орындайсызба?

  7. Балаңыздың \қызыңыздың\    үй шаруасында белгілі бір міндеті бар ма?

  8. Балаңыздың \қызыңыздың\ досы кім екенін білесізбе?

  9. Балаңыз \қызыңыз\ сізге сырын айтама?

  10. Өзіңізді жақсы әке деп есептейсізбе?

Тест қортындысы:

-егер барлық сұрақтарға ,,ия,, деп жауап берген болсаңыз – сіз нағыз үлгілі әкесіз!

-егер ,,4,, немесе ,,6,, сұраққа ,,ия,, деп жауап берген болсаңыз – сіз міндетті түрде жанұяңызбен айналысып, балаларға деген көзқарасыңызды жедел өзгерту керексіз!

— егер ,,1,, немесе ,,3,, сұраққа ,,ия,, деп жауап берген болсаңыз – сіз бәрінде түсүніп,  бүгіннен бастап жанұяңызға және балаларыңызға көзқарасыңызды өзгертесіз!

Көрініс ,,Бала мен әке,,

Мадақтау рәсімі: «Өнерлі әке» номинациясына____________ отбасы

«Ақылшы әке» номинациясына ___________ отбасы,

«Мейірімді әке» номинациясына  _____________ отбасы,

«Шебер әке» номинациясына __________________ отбасы,

«Үлгілі әке» номинациясына ________ отбасы,

«Өнегелі әке» номинациясына _____________ отбасы ие болды.



Ф.Оңғарсынованың өлеңі тыңдалады:

Әкем-біреу, анамда біреу менің, 
Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім, 
Олар барда – мереке. Көрген емен, 
Қабақтарын шытқанын түнергенін 
Әке-білек, саусағы-балалары, 
Қан тамырмен жалғасқан аралары. 
Ана-тамыр бойымен бәріне де, 
Тіршіліктің жылуы таралады. 
Сіздердің аялы алақандарыңызбен, жылы жүректеріңізбен тербеткен әрбір азаматтарыңыз барыс текті, намысты ұрпақ болсын дегіміз келеді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
971
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі