"Әке асқар тауым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әке асқар тауым"

Материал туралы қысқаша түсінік
ІІ кіші топ тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әкелер канференциясы

Мерзімі: 14.02.18ж

Тәрбиеші: Хасенова В.Ж.

Мақсаты:

Білімділік: Бала мен әкенің шығармашылық қабілетін шыңдап, баламен жұмыс жүргізу.

Дамытушылық: Баланың тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Амансыздар, Асқар таудай әкелер!

Бүгінгі «Әкелер конференциясына» қош келдіңіздер!

Әке – асқар тау,

Ана- етегіндегі бұлақ,

Бала- жағасындағы құрақ,- демекші отбасындағы мүшелерін айтып тұрғаны бәрімізге анық. Олай болса біздің топтың әкелері бір-бірімен танысып алсын. Танысу өте қызық болайын деп тұр. Ендеше үстел үстінде тұрған құрылыс,сайман құралдарын таңдап алыңыздар.Сол құралдардың артында Реп бойынша, опера ретінде,

халық әуенінің ырғағымен, Марш арқылы таныстырасыздар.

( әр заттың артында Реп бойынша, опера ретінде,

халық әуенінің ырғағымен, Марш) айтылады. Өзіңіздің атыңыз, балаңыздың аты, топтың аты, тәрбиешінің аты мен тегі.

Мысалы: Опера бойынша менің а---тым Ве- не- раааа т.б.

Осылай танысып алады.

Ой қозғау: «Баланың өмірде еркін өсуіне не қажет?» деп ойлайсыздар, құрметті әкелер! Үстел үстінде қағазбен қалам бар, соған өз ойларыңызды жазып оқып берсеңіздер.

(Әкелер тақтада тұрған бала суретінің қасына жабыстырады).

Сіз бен біз болып баланың өз ойын еркін айтуға жағдай жасауымыз керек. Ендеше видеобейне көріп алайық.

Видеобейне көрсету: «Әек бір сағат уақытыңды сатшы»

Міне, әкелер балада өзіне уақыт бөліп, сіздер қарағанын, бірге ойнағанды қалайды. Олай болса тәп- тәпті балаларымызды қарсы алайық!

Балалар әуенмен кіреді.

Шаттық шеңберде тұрып амандасады.

Балалар: (Қимылмен көрсетеді)

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз

Тәрбиеші:

Балалар бүгін балабақшаға әкелеріміз келіпті. Әкелеріңнің алдына барып отыра- ғойыңдар (балалары отырады).

Тәрбиеші: Балалар әкелеріңмен бірге ойын ойнағыларың келе ме?

«Алтын балық» ойнын ойнайық. Балалар сіздер білесіздер ме? Балық қайда тіршілік етеді,өмір сүретінін? Балық қалай жүзеді.

Балалар: Балық су, өзенде тіршілік етеді. Сусыз өмір сүре алмайды.

Қол жаттығу: қол мен қолды қосып, ирек ирек жасаймыз, көрсетіп, жаттығу жасап аламыз.

Балалар «Алтын балық» айтқан тілектеріңді орындайды. Ойынның шарты: «Алтын балықты » өзеннен қармақпен балықты аулап аламыз, «Алтын балықтың» артында берген бейненің атын атап беру керек, жүрісін, даусын салып берулеріңіз керек.


Сіздер өз балаларыңызға « Алтын балық» боласыздар, бала тілегі балықта. Олай болса өзенге әкемізбен бірге барып балық аулайық.

( Ілінген балықтың артында суреті болады соған қарап жүрісін, даусын салып береді)

« Алтын балық» Баланың тілегін әкесі орындайды. Мысалы: Алтын балық маған қояның жүрісін салып берші деп өтініш білдіреді. Осылай жалғасып кете береді.

Міне жарайсыздар! Балаларыңызды қуандып алдыңыздар!

Балалар хормен айтады: « Әке, әке ертегі айтып берші»

Тәрбиеші: Әкелер ертегі дайындағанша біз өлең айтып, би юбилеп алайық.

( Әкелер ертегіге дайындалып жатқанда балалар өлең айтып береді).

Балалар:Бала, бала, балапанды айтады

Ертегі қойылады. Ертегі ойлап табуғада болады.Қуыршақ театр және үстел үсті театр арқылы қойылады.

Тәрбиеші:

Балалар бүгінгі күн сендерге ұнады ма? Әкелерге сыйлық беретінде сәтте келіп жетті.

Әкелеріміз сендерді тауып алу керек көздерін жұмып, ал сендер әкелеріміз тауып алғанда, біз жасаған сыйлықты береміз.

Әкелер сіздерге рахмет! Осылай келіп балаларыңызға көңіл бөліп, бала тілегін орындағандарыңызға. Отбасыларыңызға амандық, денсаулық, бақыт тілеймін!

Балабақша меңгерушісі: Амангүл Өтешовнаға сөз береміз.






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.05.2018
1327
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі