400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әке –әулет басшысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг сабақ ата-аналарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары: Б.Баяхметова

Күні: Сыныбы: 8




Тақырыбы: "Әке – әулет басшысы" тренингі

Кіріспе: Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы болса, отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір шапағат көзі, ерінің адал жары, отбасы беріктігін сақтаушы, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуші адал жан. Сондықтан да отбасы тәрбиесінде әке мен аналардың орны ерекше.

"Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер", "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің", "Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер", "Анасына қарап, қызын ал", деп халық бәрін бастап кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.

Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер -білім ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: "Оның әкесі немесі атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой", -деп мадақтаған. Олай болса бүгінгі " Әке - ұлдың тірегі, Ұл - әкенің жүрегі" атты тренингке қош келдіңіздер.

1.Видеобейне : "Әке, мен сенің 1 сағат уақытыңды сатып алайыншы"

Соңғы уақытта көпшілік әке тәрбиеден шет қалуда, Баласының тәрбиесін анаға жүктеп қою жиі кездеседі. Мектепке жиналысқа баратын да көбінесе ана, балаға бірнәрсе қажет болса, соны тауып беретін де-ана. Ал әке рөлі төмендеуде. Психологтардың зерттеуі бойынша, егер әкелер балаларымен тығыз байланыста болып, тәрбиелеу міндетінің жүктемесін мойындарына алатын болса-анаға қарағанда тигізетін әсері басым болатынын айтады.

Ер бала әкесін тыңдағысы келеді, оған ұқсас болғысы келеді. Ерекше әсер әрине, -бірігіп ойын ойнау. Көптеген зерттеулер бойынша, мысалы, ана баламен ойын ойнаса, ол әкеге қарағанда, ойнай отырып, баланы күтуді жалғастырады. (мысалы: ойнасада да, балам құлап қалмаса екен, немесе бір жерін жарақаттап алмаса екен, киімін ластап алмаса екен т.б) Ал әкекерісінше, күш, қозғалыс ойындарын таңдайды. Осының салдарынан баланың даму белсенділігі арта түседі. Бұған дәлел, ұлы Аристотель "Ана -өсіреді, Әке-үйретеді" деп бекер айтпаған.

2. Танысу. Әкелер шеңбер бойымен тұрады. Әр қатысушы өзінің есімін айтып отбасындағы алатын орнын неге теңейтінін айтады.

Біздің әрқайсымыздың отбасымызда алатын орнымыз бар. Қандай орын алсақ та, қандай дәрежеде болсақ та барлығымыздың тілейтініміз отбасыамандығы, бірлігі. Олай болса, мен сіздерге отбасыларыңыздың аман, бақытты болуын тілеймін.

3. "Ауызша волейбол" жаттығуы

Нұсқау: ата-аналарға доп лақтыру арқылы қызықты сұрақтар қойылады, ата-аналар жауабын тез айтып допты кері қайтаруы керек.

Сұрақтар: 1. Балаңыздың туған күні? 2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні? 3. Балаңыз қандай аяқ өлшемді аяқ киім киеді? 4. Балаңыздың парталас көршісі кім? 5. Бүгін сабақтан қандай баға алды? 6. Балаңыздың сүйікті асы қандай? 7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді? 9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз? 10. Балаңыз сізді ренжіткенде қандай сөз аузыңызға түседі?

4. "Біз бақытты жанұямыз"

Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суретін тауып алыңыздар.

Талдау: 1. ¬Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?

2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

3. Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?

5. "Әріптер сөйлейді"

"Отбасы бақыты бала" -әр әріптерге сөз ойлап айту.

6. Рефлексия

Әкелерге жұлдызшалар беріледі сол жұлдызшаға өз тілектерін жазады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
817
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі