Өнеге
сағаты: «Әке жолы - ізгі
жол»
Мақсаты:
-
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту.
-
Ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру.
-
Әкеге деген бала махаббатын ояту.
Көрнекіліктер: әке туралы нақыл сөздер, АКТ, суреттер, бейнебаян.
1. Әке - асқар тау.
2. Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
3. Жақсы әкенің даналығы - балаға мың жылдық азық.
4. Әке - шаңырақтың негізгі тірегі.
5. Жаманнан жақсы туады, жақсыдан жаман туады - адам айтса нанғысыз.
6. Әке - балаға сыншы.
7. Бір бала бар – атаға жете туады, бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар - кері кете туады.
8. Ана - сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың
9. Әке - асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала
жағасындағы құрақ.
Сабақ түрі: тәрбие сағаты
Әдістер: әңгіме, талдау, бейнебаян көру.
Өнеге сағат
барысы:
(«Әке» туралы видео ролик
көрсету.)
Видео ролик көріп болған соң оқушыларға қойылатын сұрақтар:
-
Бейне баянның негізгі түйіні неде деп ойлайсыздар?
-
Қандай әсер алдыңыздар?
Сізсіз әке - ең ақылды, ең
шыншыл,
Сізсіз әке - ең жақыным, ең
сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда асыл
жүрегің,
Жанымдасың, қамқорымсың
білемін.
Қабыл алғын бала – жүрек
тілегін...
«Әке - бәйтерек, бала жапырақ»
деп қазағымыз айтқандай бүгінгі сыныбымызда өткелі отырған «Әке
жолы – ізгі жол» атты өнеге сағатын
бастаймыз.
«Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой.
Кезекті бүгін біздің тәрбие
сағатымызға қонаққа келген
............................................. сөз кезегін
береміз.
-
Жақсы әке болудың құпиясы неде?
-
Отбасында әкенің орны қандай?
-
Ұл немесе қыз тәрбиесіндегі әкенің рөлі.
Викториналық сұрақтар
қою
1. Балаңыздың туған күні, айы,
жылы
2. Балаңыздың сізді қатты қуантқаны, әлде
ренжіткені есіңізде
ме?
3. Балаңыздың ізгі
қасиеттері
4. Балаңыздың жаман
қасиеттері
5. Балаңыздың пікірімен санасасыз
ба?
6. Балаңыздың үйдегі тұрақты міндеттері
не?
Оқушы
Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар. сол тағдырдың басты себепкері - біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам, ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да, әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы - осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.
Бала өмірінің бірінші
жылында-ақ анасын әкесінен, ал әкесін өзге ер адамдардан ажырата
біледі. Баланың әкесі мен анасына деген қарым-қатынасы екі түрлі
болады. Осы алғашқы жылында әке баланың жанында көп болып, тәрбиесі
мен қамқорлығына көп мән берсе екеуінің арасында тығыз
психологиялық байланыс орнайды. Ал бұл сәбидің болашақ дұрыс мінез
қалыптастыруына алғашқы қадам болмақ.
Аналар балаларына «ол болмайды», «оған тиіспе», «ол дұрыс емес» деп шектеуді көп қояды. Ал әкелер баласын еркіндік бере отырып шектен шығып кетпеуін қадағалайды. Осылайша ненің дұрыс ненің бұрыс екенін өз көзімен көріп тәжірибе жасап өскен бала, өзін және өзінің іс-әрекетін сырттай бақылап, баға беріп, кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатын болады.
Әке – баланың идеалы, қай жағынан алса да үлгі тұтар жалғыз адамы. Отбасының басшысы әке екенін анасы «әкең ұрсады», «әкеңнің ашуы жаман» деу арқылы әкеден қорқуға емес, сыйлауға, «әке» абыройын сақтауға өз үлесін қосады.
Бала әкем менен күшті, сондықтан айтқанын екі етпеуім керек деген ұғыммен емес, дұрыс жол көрсетуші, ақыл айтып, қорғаушы, қамқоршы жақын адам болғандықтан айтқандарын тыңдауым керек деп өскен бала өзінің болашақ отбасында осы іс-әрекеттерді қайталай отырып, өзінің балаларына да дұрыс тәрбие бере алатын болады.
Қорытынды.
Әке баласының физикалық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да мықты болып өсуіне көп мән беруеді. Сондай-ақ, ұқыптылық, адалдық, мейірімділік, өзгелерге жақсылық жасау сияқты адами қасиеттерді әңгіме, ұзынсонар ақыл ғып айтып емес, әке өзінің іс-әрекетімен көрсетеді.
Мақал - мәтелдер
Алты аға бірігіп әке
болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана
болмас.
Әке балаға
қарыз,
Бала далаға
қарыз.
Әке балаға
сыншы.
Әкеден - ақыл, анадан -
мейір.
Әкеден безген ұл
болмас,
Анадан безген қыз
болмас.
Әке жүрегі таудан үлкен,
Ана жүрегі теңізден
терең.
Әкелі бала
жаужүрек,
Әкесіз бала сұм жүрек (Бұқар
жырау).
Әкелі жетім анық
жетім,
Шешелі жетім жарым
жетім.
Әкем аты шапқан сайын
өрлейді.
"Әкем бар" деп мақтанба топқа түсері жоқ
болса.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Әке жолы – ізгі жол»

шағым қалдыра аласыз