"Әке көрген оқ жонар"

Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Әке көрген оқ жонар"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әке көрген оқ жонар" тренингі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№24 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024-2025 оқу жылы

«Бастауыш білім саясы» атты апталығымыздың аясында өткен «Әке көрген оқ жонар» атты шарасының

Ақпарламасы

Ақпанның 19-ы күні отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу, оқушыларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу, бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру мақсатында «Әке көрген оқ жонар» атты тренинг өтті.

Тренингке 3-сынып оқушыларының әкелері қатысты.

Бірінші отбасындағы Әкенің рөлі туралы кіріспе сөз оқылды. «Ана – сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың» дейді халқымыз, бүгінгі кешімізде әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке шаңырақтың тірегі. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие.

Әкенің баламен қарым-қатынасын көрсету мақсатында мағыналы бейнеролик көрсетілді. Бейнероликке байланысты сұрақтар қойылды.
1. Баласы әкесіне неге ренжіді?
2. Баланың орнында сіз болсаңыз әкеңе қалай жауап берер едіңіз?

3. Әкенің орнында сіз болсаңыз не істер едіңіз? Қатысушы әкелер бейнероликке қатысты пікірлерін, одан алған әсерлерін айтып берді.

«Қызықты сұрақтар» айдары. Сіз балаңыз туралы қаншалықты білесіз?

Балаларға қойылған сұрақтар:

  1. Әкенің аты-жөнін,мамандығын атап бере аласың ба?

  2. Сенің парталасың кім?

  3. Сүйікті түсің қандай?

  4. Спорттың қай түрін ұнатасың?

  5. Кеше қандай баға алдың?

  6. Әкеңнің/ағаңның айтқанын тыңдайсың ба?

  7. Әкең сені еркелеткенде қандай сөз айтады?

  8. Әкең ашуланғанда қандай сөз айтады?

  9. Туған күнің қашан?

Әкелерге сұрақтар

1. Балаңыздың парталас көршісі кім?

3. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні

4. Балаңыз кеше қандай баға алды?

5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

8. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

9. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

10. Балаңыздың туған күні

Тренинг барысында жағдаяттық сұрақтар қойылды.
1.Әкесі жұмыстан келе сала жұмыс дегенің құрып кетсін, жатып алып дем алғанға не жетсін, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты ақымақтар - ақ істесін деп өзіне – өзі ызаланады. Осыны естіген 7 - сыныпта оқитын баласы да «Сабақ күннен- күнге қиындап барады. Басты ауыртып қайтемін, бәрібір түсінбеймін.» деген сөзді жиі айтып, оқуға салқын қарай бастайды.
Сұрақ: Осы жағдайда әкеден қандай тәрбие күтуге болады? Бұл отбасындағы тәрбие қандай болмақ?
2.
Әкесі өзінің жұмысымен айналысып отырады Үстелінің үстінде шашылған қағаздар. Қасына баласы келеді:
- Әке, біздің сыныпта ертең ата - аналар жиналысы болады. Апай: Жиналысқа міндетті түрде әкелерің келсін,- деді. Сіз барасыз ба? Күнделігіме қол қойып беріңізші. Әкесі:
- Көрмейсің бе менің отырысымды.? Қаншама жұмысым бар. Шешеңе баршы. Мұғалімдер де қызық осы. Міндетті түрде әкелерің келсін дегенді қайдан шығарған?
Балаларға: - Осы баланың орнында өздерің болсаңдар не істейтін едіңдер?
Әкелерге: - Әкенің бұл әрекетін қалай бағалайсыздар?

Қатысушы әкелерімізді сергіту мақсатында өлеңді тауып айту кезеңі болды. Әке туралы әндердің бастапқы екі жолын оқимын. Әрі қарай музыкасымен тауып айту керек. Бұл кезеңге де әкелеріміз белсенді қатысты.

Тренингіміздің соңында қорытынды сөз оқылды.

Әке неғұрлым баласының қасында көбірек болса, пайдалы өнерге баулыса, жақсы, өнегелі орталармен үйір етсе, бала соғырлым жақсыға қарай бейімделе береді. Музыкаға, ән-күйге , сүрет салуға әуестік, кітап оқуға, спортпен шұғылдануға құштарлық т.б. өнердің бәрімен де баланың қабілетіне қарай ата-ана таныстырып, достастыруы парыз.

Жақсы әкелер сондай алуан өнермен табыстыра жүріп, өзі де баласының жан дүниесін, көңіл күйін, қабілет- қасиеттерін жақсы сезетін болады. Баламен өмір жайлы, көрген кино, оқыған кітаптар, адамдар, достар жайлы әңгімелесіп, сыр алысу- әке мен баланың достығын нығайтып, бір-біріне деген сүйіспеншілігін шыңдай түседі. Ондай жағдайда әке мен баланың арасында ешқандай қырғиқабақтық, салқын көзқарас, жасырын, жұмбақ нәрселер болмайды.

Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас,арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей,өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық.

Сонымен «Әке көрген оқ жонар» атты тренингіміз өз мақсатына жетті. Қатысушы әкелерге мектеп өміріне белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат ұсынылды.

Шараға жауаптылар: Жәнібекқызы Сұлушаш, Қожабай Жанат, Мағзамова Айзада.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.08.2025
104
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі