400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Әке мен бала

Материал туралы қысқаша түсінік
Түрлі мәтіндерді дыбыстағанда дұрыс тыныс алу, түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстау дағдыларын қалыптастыру. Әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіру, оны адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: Әке мен бала (Ы. Алтынсарин)

Мақсаты: Түрлі мәтіндерді дыбыстағанда дұрыс тыныс алу, түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстау дағдыларын қалыптастыру. Әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіру, оны адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалау.

Билинвальды компонент: әке-отец, бала-ребенок

Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік

Барысы: Шаттық шеңбері

Таң атады арайлап,

Күн күлімдеп туады.

Жадырады бар аймақ,

Жарқырайды шуағы.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінің қай айы?

-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Күз туралы кім тақпақ біледі?


Аружан:

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.


Мирас:

Сары алтындайсарыкүз,

Қамбадағыдәніміз.

Шелек-шелекбалымыз,

Ағыл-тегілдәніміз.


Айназым:

Сап-салқын боп келе жатқан,

Сезді ме екен күзді олар.

Қарлығаштар ұшып кетті,

Ұшып кетті тырналар.


Балаларға Ы. Алтынсариннің портретін көрсету.

  • Бұл кім?

Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы адам, жазушы, орыс әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы.

Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар

Балаларға әке мен баланың суретін көрсету.

- Әңгіме не туралы болады деп ойлайсыңдар?

-Балалар сендер әкелеріңді жақсы көресіңдер ме? Айтқан тілін аласыңдар ма?

- Ендеше, бүгін мен сендерге «Әке мен бала» туралы мультфильм көрсетемін.

Балаларға мультфильм көрсету.

Сұрақ-жауап:

1.Әкесі мен баласы қайдан қайтты?

2. Әкесі жолда не тауып алды?

3. «Анау тағаны ала жүр, балам» - кімнің сөзі ?

4. Баласы не деді?

5. Әкесі тағаны не істеді?

7. Әкесі баласына жүзімді неге бермеді?

8. Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

9. Бұл әңгіме сендерді неге үйретті?


Әңгімедегі кейіпкерлердің рөлдерін балаларға бөліп беріп, сахналату.

Рөлдерде: Әке-Айбар, Бала-Ернұр, Саудагер-Айназым, Ұста-Мирас.


-Әңгіме не туралы?

-Не үйрендіңдер?

-Еңбек туралы кім мақал айтады!

Аниса:

Азға қанағат етпесең

Көптен құр қаласың


Жанел:

Ырыс алды – ынтымақ


Жанерке:

Еңбек ет те, міндет ет.


Ерасыл:

Бақыт кілті еңбекте.


Сергіту сәті.

«Тук-тук, кап-кап-кап»

Қорытындылау

- Бұл әңгімеде әке қаңдай?

- Баласы қаңдай?

Рөлдерде ойнаған балаларға жұлдыз тарату. Мадақтау.






Әке мен бала

    Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда аттың ескі тағасын көріп, баласына: 

Айбар:
    — Балам, анау тағаны, ала жүр! — дейді.

Бала әкесіне:

Ернұр:
   — Әке, сынып қалған ескі таға ғой, пайдасы жоқ, не қыламыз оны,

— дейді.

Әкесі үндемейді. Тағаны өзі иіліп жерден алады да, жүре береді.
Олар қалаға жақындайды. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, әкесі жолда тапқан ескі тағаны сол ұсталарға үш тиынға сатады.
Одан біраз жер өткен соң, саудагерлерден үш тиынға жүзім сатып алады. Әкесі жүзімді орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірден жеп, баласына қарамай, жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір жүзім жерге түседі. Соңынан ілесіп келе жатқан бала жерге түскен жүзімді жерден алып, аузына салады. Біраздан соң әкесінің қолынан тағы біржүзім түсіп кетеді. Содан кейін тағы бір жүзім жерге түседі. Сонымен бала әржерде әкесінің қолынан түскен жүзімді он рет иіліп, жерден алып жейді. Ең соңында әкесі тұрып:


Айбар:

  • Көрдің бе, балам тағаны керек емес деп едің, сол тағаға сатып алған жүзімді аламын деп он рет еңкейдің. Есіңде болсын: аз жұмысты қиын десең, көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете алмасаң – көптен құр қаласың!


    Бала ұялып, әкесінің сөзін түсініп, өмір бойы ұмытпапты.

 








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
450
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі