Материалдар / "Әке отбасының тірегі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әке отбасының тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әкелер мектебі туралы сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2024
156
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Әке отбасының тірегі» (отбасылық әкелер зияткерлік сайысы)

Мақсаты: Әке мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту;

Отбасындағы әке орнын,рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу. Мақал-мәтел, өнегелі сөздер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

Барысы: Сайыс сабаққа әкелер мен балалар қатысады.

Мұғалімнің сөзі:! Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Құрметті қонақтар біздің «Әке отбасының тірегі» атты отбасылық зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!

Бала десе елжіреп,еміренбес жүрек болар ма? Жас ұрпақты тәрбиелеп өсіруде ата-аналардың атақаратын қызметі зор. «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш. Уәлиханов, «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей еліміздің болашағы тек қана білімді, жастар екені даусыз.Олай болса баланы білімділкке жетілдіруде  отбасының алар орны бір бөлек.

Бүгін міне ардақты әкелеріміз келіп отыр.Енді осы әкелермен балалар арасындағы сайыс сабағымызды бастайық.

Ақ көңілмен,ниетпен

Әділдігін айтсын деп.

Шаршамай еш жалықпай

Айтқанына көндік деп

Сарапшылар алқасын

Сайлап алсақ жөн болар.

Алдымен сайыстың әділдігін бақылап ,сайыскерлерге баға беріп отыратын қазылар алқасымен таныстырып өтейін. (қазылар алқасы таныстырылады)

1.Мектеп директоры Онласынова Гүлшат Шарынбекқызы

2. ДТІЖО Уранбекова Марина Азанбайқызы

3. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Серікбаев Аян ағай

1. кезең «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» таныстыру

2. кезең Хан талапай» асық арқылы топқа бөлу( 3 топқа ) Тапсырма: Әке қандай болу керек? Кластер құру

3.кезең: «Білімді мыңды, білекті бірді жығады» әкелер топ бойынша білек күшімен сынасады және айтылған мақалдың жалғасын толықтырады.

4. кезең «Халық тәлімі-тәрбие бастауы» (Жағдайаттық сұрақтарға жауап беру)

5 кезең (Бейнеролик көсетіледі Әке мен бала туралы) тәрбиелік жағын әкелер айтады

6 кезең:Ұлағатты ұлттық ұғымдар

(Бұл кезеңде халықтың кие тұтқан сандарының құпиясын ашамыз,әкелер мен балалар бірлесіп жауап бере алады)

І кезең: «Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер» таныстыру кезеңіне кезек берелік.Әр әке өздерін қысқаша таныстырып өтеді.

ІІ кезең: «Хан талапай» асық арқылы топқа бөлу( 3 топқа ) Тапсырма: Әке қандай болу керек? Кластер құру. Бекназдың орындауында ән «Әке мен ана»

Мұғалім сөзі.

Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала-жетім. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы.Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Халық ер адамды сыйлай білмесе тексіз деп атайды. Әке отбасының асыраушысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас,дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. «Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар-кері кете туады» деген тұжырымға сай баланың қандай болмағына негіз қалайтын әкенің өзі.

Келесі кезекте Көрініс

- «Әке мен бала әңгімесі» деп аталатын көріністі тамашалаңыздар.

Ислам баласы: – Ата, маған сұрақ қойыңызшы.

Бекзат әкесі: - Балам, үйдің алтын қазығы кім?

Баласы: әке, үйдің алтын қазығы – бала.

әкесі: – Жоқ, балам, үйдің алтын қазығы – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғанышың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа.

Әкесі – Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

Баласы: – әке, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейірімді әке.

әкесі: – Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.

Әкесі:- Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?

Баласы: -Әке, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.

Әкесі: – Жоқ, балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су – тіршіліктің нәрін береді, от – өмірге жалын береді, тұз – астың дәмін келтіреді, қыз – өмірдің сәнін келтіреді, ақыл – өмірдің мәнін келтіреді.

Баласы: Түсіндім ата ақылыңызға рахмет!

ІІІ кезең: «Білімді мыңды, білекті бірді жығады» әкелер топ бойынша білек күшімен сынасады және айтылған мақалдың жалғасын толықтырады.

«Менің әкем» балалардан базарлық (эссе, өлеңдерін, арнауларын оқиды)

4 кезең: «Халық тәлімі-тәрбие бастауы»

1.Әкелерге сұрақ:

1. «Әке көрген оқ жонар» дейді ғой,ал сіз ұлыңызға қандай тәрбие, үлгі көрсетудесіз?

2. «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады,сол ақ қағаздың үстіне шимайды қалай салсаң, солай түседі. Бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, солай тәрбиеленеді» деген екен, Жан-Жак Руссо. Балаңыз қалай тәрбиеленуде?

3.Тіршілік болғаннан кейін шаруа көп. Алайда оның ішінде әсіресе, аналарымыз тыным таппай жатады. Осындай кезде, балаларыңыздың оқуын кім қадағалап отырады?

4.Сіз жұмысқа кеткен кезде балаларыңыз негізінен көп уақытын анасымен өткізеді. Сол кездерде сіздің «әтттеген-ай» деген кездеріңіз болған жоқ па?

5.Ұлы ғалым, философ Әбу-Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Қазіргі кезде бала тәрбиесімен аналар айналысып жүр, әке мен бала арасындағы қарым қатынас күрделеніп,баяулап қалған сияқты. Себебі, отбасын асырап жүрген әке бала тәрбиесімен жиі айналыса қоймайды.Ал сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңыз қандай?

6.Қасиетті,киелі,құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы

7.Отыз омыртқа,қырық қабырға,ауыз омыртқа бұл не?

8.«Балаңыз түнімен телефон көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», — деді. Сіздің әрекетіңіз?

9. Дүниеде не тәтті,не жұмсақ,не қатты?

10.«Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»

11.Мүшел жастарды атаңыз

12. Еліміздің шекаралас мемлекеттерін атаңыз

13. Балаңыз күнде сабаққа баратындығын жақсы білесіз.Күндердің бір күнінде сынып жетекші сізге қоңырау шалып,балаңыздың 2-3 рет сабаққа келмегенін айтты.Балаңызбен сөйлесуді сұрады.Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады?

14.Ата-ана баланың пікірімен санаспай өз бетінше шешім қабылдауға құқыңыз бар ма? (өз ойыңыз,пікіріңіз).

15. Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр.

Осы үйде неше адам отыр?

2.Балаларға сұрақ:

1.Сен әкеңді мақтан тұта аласың ба? Әлде ол жайлы ештеңе айта алмайсың ба?

2.Әкенің туған күні, айы, жылы ?

3. Әкеңіздің сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?

4. Әкенің ізгі қасиеттері

5. Әкенің пікірі сен үшін?

6. Жер шарындағы ең терең көл

7. Биенің сүтінен жасалған сусын?

8.Тәуке ханның тұсында жазылған заң жобасы қалай аталған?

9. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды?

10. Қазақша ай аттарын атаңыз.

11. Әкеңнің інісі анаңа кім болады?

12. Қазақ ұзынсары деп қай жыл мезгілін айтады?

13. Әкеніздің сүйікті ісі қандай?

14. Ат әбзелдерін ата

15. Жігіттің неше жұрты болады?

Көрініс: Әкесі Береке баласы Қыран

Ертеде бір қария қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:

-Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

-Балам, анау не?-деп сұрапты.

-Ол түйе,-деп жауап беріпті.Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Баласы әлгі жауабын тағы қайталапты.Әкесі үшінші рет сұрағанда баласы:

-Ол түйе, түйе! Өзім шаршап келе жатқанда қайта-қайта неге сұрай бересің?-деп ренжіпті. Сонда әкесі:

-Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір»,-деген екен.

Көріністен қандай ой түйгендері сұралады?) 1. Әке баласына неге ренжіді? 2. Баланың орнында сіз болсаңыз әкеңе қалай жауап берер едіңіз?

Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу-айрықша парыз. «Әкеге бағыну-Аллаға бағыну.Әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау. Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

5 кезең (Бейнеролик көсетіледі Әке мен бала туралы)

6 кезең:Ұлағатты ұлттық ұғымдар

(Бұл кезеңде халықтың кие тұтқан сандарының құпиясын ашамыз,әкелер мен балалар бірлесіп жауап бере алады)

1) 3 саны Үш жүз. Үш жұрт.Үш асыл.Үш даусыз

Үш жүз-Ұлы,Орта,Кіші

Үш жұрт-Өз жұрты (ағайын), Нағашы жұрты,Қайын жұрты.

2) 4 саны Төрт тұлға. Төрт құбыла.

Төрт тұлға-От,су,жел,жер

Төрт құбыла-Шығыс,Оңтүстік,Батыс,Солтүстік

3) 5 саны Бес асыл. Бес қару.

Бес асыл- Талап, еңбек,ой,қанағат, сөз

Бес қару-Садақ, мылтық,найза,қылыш,айбалта.

4) 6 саны Алты алаш.Алты игілік. Алты асқар.Алты амал.

Алты алаш-қазақ,қарақалпақ,өзбек,түрікмен,қырғыз,ноғай.

Алты игілік-Денсаулық,қазына,дос,әйел (жар),білім, бала(ұрпақ)

5) 7 саны Жеті ата. Жеті қазына.

Жеті ата-ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене

Жеті қазына-Ер жігіт,сұлу әйел,ақыл-білім,жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық,жүйрік тазы.

6) 3,4,5,7 саны Үш би.Төрт түлік. Бес кесепат. Жеті ғалам.

Үш би-Төле би,Қаз дауысты Қазбек,Әйтеке би

Төрт түлік-Түйе пірі ойсылқара,жылқы пірі қамбар ата, сиыр пірі зеңгі

Қорытынды, марапаттау. Баланы тәрбиелеуде отбасының екі тірегі әке мен ана басты тәрбиешілер, сол әлпештеген әке, аялаған ана. Біз ұстанатын басты ереже тәрбиешілердің – өзі тәрбиелі болуы керек. Әкеге баласы имандылығын, тазалығын, ұқыптылығын, еңбек сүйгіштігін көрсете білсе, ол әкесінің қуанышы, бақыты. Бала тәрбиесі ең алдымен отбасындағы ата–анасының ықпалымен жүзеге асып, қоғамдық тәрбиемен ұштасып отырады. Бүгінгі сайысқа белсенді қатысып, жауапкершілік көрсеткен әкелерімізге мың алғыс айта келе

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі бақи жаппасын.

Бәле-жала отбасын

Іздесе де таппасын-дей отырып,сарапшыларға сөз кезегін береміз.

…………………………Марапаттау

«Өнерлі әке» «Қайырымды әке» «Білікті әке» «Қамқор әке» «Іскер әке» «Үлгілі әке» «Алғыр әке» «Шебер әке» «Парасатты әке» «Батыр әке» «Жігерлі әке» «Талантты әке» «Мейірімді әке» «Батыл әке» «Қайсар әке» марапатталады.

Әкенің ақылы керек екен,

Таптырмас ой сана береді екен.

Алтыннан жасалған үш әріпке,

Өмірде еш нәрсе теңелмеген.

.Бүгінгі әкелер зияткерлік сайысымызға уақыттарыңызды бөліп, бала деп келгендеріңізге көптен-көп алғыс айтамын.

Н. Тілендиев «Әке туралы жыр» хор



















Мақалдар

1.Ұлдың ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге.

2. Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.

3. Әкең өлсе өлсін,
Әкеңді көрген өлмесін.



4. Әкенің қадірін,
Балалы болғанда білерсің

5. Әке тұрып бала сөйлесе,
Ер жеткені.
Шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бой жеткені.

6.Әкеден — ақыл,
Анадан — мейір.

7.Әкесі құрдастың, баласы құрдас.



8. Әке көрген – оқ жонар,
шеше көрген тон пішер

9. Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

10. Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға алмайды.

11.Әкенің жақындығы жездедей-ақ.

12 .Әке - тірегің, ана - жүрегің.

13 .Жеті атасын білмеген - жетімдік белгісі.

14. Ата - асқар тау,
Ана - бауырындағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.

15. Ата-ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!