«№33 «Әлия» бөбекжайы» ЖБҚ
МКҚК
Кармысова Алия Аскаровна
Қазақ тілі пән маманы
Педагог – модератор
Әкелер сайысы
Тақырыбы: «Әке тәрбиенің сандығы»
Мақсаты: Балабақша мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.Отбасының әкенің бала тәрбиесіндегі ролі туралы түсінік беру. «Ана- сая болар бағың болса, Әке асқар тауың дейді қазақта». Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың борышы.Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы.Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі,өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Олай болса бүгінгі сайысымызға көрермен болып, жанкүйер болып келіп отырған барша көрермендер «Әке тәрбиенің сандығы» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де
Үлкен-кіші, жасымыз да, кәріміз де
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар
Жайнаған мына біздің төрімізге – деп алдарыңызда өнер көрсететін отбасының тірегі әкелерді ортаға шақырайық, таныс болыңыздар.
Қатысушыларды қарсы алайық.
1 әке
2 әке
3әке
4әке
5әке
6 әке
7 әке
8 әке
Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып
Әділдікті қолдайтын баға беріп
Жіберейік қазыларды таныстырып.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болайық.
3.Ата-ана:
4. Ата-ана:
Жүргізуші:
Сайысымыз 3-4-5 балдық жүйемен бағаланады. Ең жоғарғы бал 5 балл болып есептеледі.
Әкелер бар өнерін салары анық
Өнегелі тәлімді алған қанып
Ал ендеше таныстырып өтейін мен
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.
1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер». Таныстыру
2. «Кім зерек»
3. «Ұлттық ойындар» сайысы
4. «Жалғасын тап» мақал-мәтелдер
5. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Ситуациялық сұрақтар
6.Қолдан шыққан бұйымдар үй тапсырмасы
Жүргізуші:
1 тур. «Жеті атасын білген ер,жеті жұрттың қамын жер».Таныстыру
«Әке- білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары». «Ұл әкеден үйренбей сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей өнеге алмас» деген екен Қорқыт атамыз.Ендеше ата-ана, оның ішінде әкенің бала
тәрбиесіндегі орны туралы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы жөнінде сіз болып, біз болып ой бөлісуге жиналып отырмыз.
Олай болса ең алғашқы сайысымыз. «Жеті атасын білген ер,жеті жұрттың қамын жер». Таныстыру. Яғни бұл бөлімде әр топ өздерін және балаларын таныстыруларыңыз керек. Бұл бөлім екі критерий бойынша бағаланады.Олар шығармашылық және сөйлеу мәнері.
Әділқазылардан таныстыруға берген бағаларын бағалап отырса.
Жүргізуші:
2 тур. «Кім зерек»
Өзінің алғырлығын ұғындырып
Көрсетер көп іздеген мығым қылық
Келесі бұл сайыстың жоспарында
Түседі бәйгеде білімділік - деп сайысымыздың 2-ші бөлімі «Кім зерек» бір сөз беріледі.Содан бірнеше сөз құрастыру керек. Екі топты да ортаға шақырамыз.
Әділқазылардан осы бөлімнің бағасын бағалап отырасыздар.
Жүргізуші:
3 тур. «Ұлттық ойындар» сайысы
«Әке көрген оқ жонар» бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз.Мен әкенің бойынан күш-жігерді, батырлықты, қайсарлықты,білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын.Қарап отырсақ әкенің түр-түрі болады.Бірі ақылды, білімді болса, бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да, батыл қайсар болып келеді.Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады.
Келесі бөліміміз ««Ұлттық ойындар» сайысы деп аталады. Бұл бөлімде әкелер ләңкі тебеді,балалар «Бәйге» ұлттық ойынын ойнап жарысады.
Әділқазылар алқасы әкелеріміздің,балаларымыздың жылдамдығына қандай баға берер едіңіздер.
Жүргізуші:
4 тур. «Жалғасын тап» мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер халық ауыз-әдебиетінің бір саласы. Мақалдар ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.Онда халық
тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Келесі бөліміміз «Жалғасын тап» мақал-мәтелдер сайысы. Алдарыңызда
тақтада берілген мақал мәтелдердің жалғасын тауып жалғастыруларыңыз керек.

5 тур «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Ситуациялық қызықты сұрақтар
Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие.Оның тәрбиелік рөлі де зор.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас дос.Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ал ендігі бөліміміз «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады. Бөліміміздің аты айтып тұрғандай әртүрлі жағдаяттан шыға білу. Сіздердің алдарыңызға үш үштен конверт ұсынамын. Ішінде ситуациялық сұрақ бар. Сол сұрақтарға нақты жауап берулеріңіз сұралады. Сіздер дайын болғанша көркем сөзге кезек берейік.
Дайын болсақ жауаптарыңызды тыңдайық.
Қазылар алқасы әкелеріміздің сөз саптау шеберлігіне қандай баға берер едіңіздер?
Жүргізуші:
6 тур. Үйге тапсырма: «Қолдан шыққан бұйымдар»
Әкелер мен балалар өз қолдарынан жасап келген бұйымдарын көрсетіп,таныстыруы қажет.

Осымен біздің 6 бөліміміз де өз мәресіне жетті. Әділқазылардан барлық бөлімнің бағасын есептеу сұралады. Сіздер есептеп болғанша бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаңыздар.
Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттау рәсіміне көшсек.
Сөз кезегі әділқазыларда.
Осымен бүгінгі «Әке-тәрбиенің сандығы » атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымыз шексіз. Талай асулардан асып, білім төрінде шарықтай беріңіздер.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әке тәрбиенің сандығы

шағым қалдыра аласыз