Материалдар / «Әкеге-ізет, анаға – құрмет»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Әкеге-ізет, анаға – құрмет»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2023
395
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дөңгелек үстел

Сыныбы: 2 «А», «Ә»

Тақырыбы:  «Әкеге-ізет, анаға – құрмет»

Мақсаты:  Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату.Ата –анасын құрмет тұтып,адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу. Ата –ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  слайд,суреттер.

Барысы: Ұйымдастыру.


Армысыздар, аяулы ұстаздар, құрметті оқушылар! 2 А,Ә сыныбының «Әкеге ізет. Анаға құрмет» тақырбындағы дөгелек үстелімізге қош келіпсіздер.

Ата-ана – әрбір адамның қайтып соғар қазығы.Ата-ана бізге өмір сыйлаған,отбасының негізгі діңгегі,бастапқы дәнекері.Ата-ана бізге ең алғаш беретін ақыл-кеңесі қайырымды,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп,шыншыл болуды,әдепті болуды үйретіп және оқу озаты болу үшін жағдайымызды жасап,бақытты болуға жетелейді.Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай тірлік жасамау керек. Ата-анаға деген сүйіспеншілік тек жүректен шығуы қажет. Барлық жақсы игі істердің бастауы,жақсылықтың жаршысы-ана. Анаға деген ыстық сезімді,ыстық ықыласты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Оны тек жүрегіңмен сезіне білуің керек.Ана баланы тоғыз ай көтеріп,толғатып,дүниеге келтіріп қана қоймайды.

Бала,бала,бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Мұзды бесік таянған да-АНА.

Әке-асқар тау.Отбасында әкенің орны бөлек.Әке-сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін,асырап-бағуға да,жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам.Әке-ұрпақтың панасы,үйдің басшысы,қамқоршысы,әрі тәрбиешісі.Әкені сыйлау,оған үлкен құрметпен,ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.

Дөңгелек ұстеліміз мынандай кезеңдерден тұрады:

  1. Сұрақ жауап

  2. Мақал-мәтел, жұмбақтар

  3. Әдептілік жайлы тақпақтар

  4. «Менің отбасын» тақырыбында сурет салу


ӘН: « »


Ал Балалар сендерге мынадай сұрақтар қойғым келіп тұр?


  • Біздің ең жақын тұтатын адамымыз кім?


- Қызығыңды да бұзығыңды да көтеретін кім?


- Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап, демеу беретін кім?


- Таңертең сені кім оятады?

Жүргізуші: Ата-анаң тек әке-шешең ғана емес,екеуі еңбекқор,өз істерінің шеберлері,елдің елеулі азаматтары.Сүйікті Отанға сіңірген ұзақ жылдардағы еңбегі арқасында сый-құрметке ие болған жандар.Ата-анаңның өткен өмір жолын,елге сіңірген еңбектерін танып біл,құрметте! Оларды әрдайым мақтан тұт!

2 – кезең «Мақал-мәтел» және «Жұмбақ шешу»


Жүргізуші: Әке-шешенің осындай жақсылықтарына ие болған бір бала оларға шүкір етпесе,жақсылығын білмесе,басқа біреудің жақсылығын байқамайды.

Ән: « »


Оқушылар: Міне ата-ананы құрметтеуіміз қажет екенін ақыл-ой парасат тұрғысынан байқасақ,әрбір баланың тегі ата-ана.не үшін ата-анама құрмет жасаймын деген сөзді ойыңа алма.Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі.

Оқушылар:

Ата-анасы баласы шақырған кезде қандай жұмыспен айналыссаң да , олардың әміріне жүгіну керек.Ата-анаң саған ашуланып айқайласа да ,сен оларға ешнәрсе айтпа.Әке –шешеңнің дұғасын ,рахметі мен батасын алғың келсе,саған берген міндеттерін жылдам және жақсылап істеуге тырыс.Сенің бұл ісің олардың көңілінен шықпай,саған теріс дұға етулерінен қорық..Ата-анаң сырқат болса ,олармен бірге болып,жәрдем ет.Олардың тірі кезінде қадірін біл деп жазылыпты.

Жүргізуші:

Әке-тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана-жарық дүниеге әкелуші.

  1. Кезең «Әдептілік жайлы тақпақтар»


Жүргізуші:

 Құрметте алдыменен ата-анаңды

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда

Мейірімінен ананың жасалады.

ӘН:

Ата-анамыздың бізге айтатын тыйым сөздері:

1)Босағаны керме,отырма.

2)Біреуге жамандық тілеме.

3)Өтірік,өсек айтпа.

4)Түнде үй жинама.

5)Таңдайыңды қақпа.

6)Кісіге саусағыңды шошайтпа.

7)Үйге қарай жүгірме.

8)Үлкеннен бұрын сөйлеме.

9)Үйді айналып жүрме.

10)Есікті қатты жаппа.

11)Түнде ысқырма.

12)Тұзды төкпе,баспа.

13)Салақ болма.

14)Өзімшіл болма.

15)Басыңды шайқама,соқпа.


  1. Кезең «Менің отбасын» тақырыбында сурет салу


Жүргізуші: Қорытынды:

Оқушылар, бүгінгі дөңгелек үстелемізде ата-ананы қалай сыйлау ,құрметтеу керек сол жайлы мағлұмат алдық. Балалар ата-ана алдындағы әдептілік –баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау. Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!