Материалдар / "Әкеге қарап ұл өсер"

"Әкеге қарап ұл өсер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әкелер мектебі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2024
107
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Әкеге қарап ұл өсер»

Мақсаты:   ата – бабамыздан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Жанұя  арасындағы  байланыс, әкенің  ұлдың тәрбиесінің ықпалын айтып, балаларды бірін – бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Түрі: әкелер мен балалар сайысы

Көрнекілігі: сайыс кезеңдеріне қажетті құралдар.

І. Кіріспе

            Құрметті ата – аналар, қонақтар, апайлар! Бүгінгі «Жеті-қазына» бөбекжай бақшасында «7-мамыр Отан қорғаушылар» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Супер» атты әке мен баланың сайысына қош келдіңіздер! 7-Мамыр Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Аспанымыз ашық, елімізде тыныштық, отбасымыздағы тірегіміз әкелеріміз аман болсын!

            Атам қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар» дейді. Өйткені, бала- өмірдің  жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты.

            Ортаға бүгінгі сайысымыздың құрметті қонақтарын шақырамыз.

«Қарлығаш» ересек тобының қатысушысы Алтынбек Айсұлтан мен әкесі Алтынбек Дулат мырзаны ортаға шақырамыз.

«Қарлығаш» ересек тобының қатысушысы Олжасұлы Исатай мен Асан Олжас мырзаны шақырамыз.

«Ертөстік» ортаңғы тобының қатысушысы Болат Балғабай мен әкесі Жаманшаев Батыржан мырзаны шақырамыз! 

«Ертөстік» ортаңғы тобының қатысушысы Керейтбай Арман мен әкесі

«Балдырған» кіші тобының қатысушысы Бахытбек Нұр мен әкесі Рисмамбетов Жалғасбек мырзаны ортаға шақырамыз!

«Балдырған» кіші тобының қатысушысы Махамедияр Шохан мен әкесі Сисенов Ербол мырзаны ортаға шақырамыз! Қош келдіңіздер! Бүгінгі әкелерімізбен ұлдарға сәттілік!

Салт дәстүрді  меңгеріп,

Сайыс тобын құрайық!

Әділқазы алқасы, өнерлерін көріңіз

Үлкен сенім іздерге,

Әділ үкім беріңіз- деп,

Бүгінгі сайысты әділ бағалайтын, қазылар алқасымен танысайық

Балабақша меңгерушісі:А. Нұрбаева

Медбике: Ш. Мұстафаева  

Әкелеріміз мына қорап ішінен асық алу арқылы топқа бөлінейік!

Байқаудың кезеңдерімен таныс болыңыздар!

Байқау 6 бөлімнен тұрады.

1-кезең: «Есімдер сыры» Шарты: Әр әке өзінің және баласының есімін айтады және бас әрпінен өзіңіздің бойыңыздағы жақсы қасиетті сипаттап айтуы керек.

2-кезең: «Ата мұраң – асыл қазынаң» Шарты: Мақал – мәтелдің жалғасын табу.

3-кезең: «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» шеберлік сайысы. Шарты: Әкелер қамшы өреді.

4-кезең: «Балабақшаға дайындаламыз» Шарты: 1 минутта баланы тез киіндіріп балабақшаға дайындау керек.

5-кезең: «Анамызға көмектесейік!» Әкесі шикі картошканы қабығын тазалайды, баласы тазартып жуады.

6-кезең: «Баламды алақанынан танимын» Әкесі көзі жұмулы тұрады, баласының қолын сипау арқылы тауып алуы керек.

  Құрметті әкелер мен балалар сайысымызды бастайық!

  Асқар таудың шыңдарына өрлер кім,

Аттанайық қиясына белдердің

Оу, халайық, көрейік біз ендеше,

Үлгі берер әкелердің сайысын!

  1 - кезең бойынша есімдеріңізді атап, бас әрпінен бойыңыздағы жақсы қасиетіңізді айтып өтесіздер!

Әр кезең аяқталғанда әділ-қазы алқасы баға беріп отырады.

2- кезең бойынша тақтада  ілулі тұрған шарды балалар жарады, ішіндегі мақал – мәтелдің жалғасын табу.

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге  түсіп жарыспай

Ер өнері білінбес

Қоян қолтық алыспай, демекші әкелеріміздің шеберлігін байқау мақсатында ат әбзелдерінің бірі қамшы жасауды тапсырамыз. Ал сәттілік!

3-кезең бойынша шеберлік сайысында қамшы өреді. 15 минут уақыт беріледі, қамшыны өріп, қамшы туралы мәлімет береді.

4-кезең бойынша әкелердің ептілігін, жылдамдылығын байқау үшін балаңызды балабақша қалай тез киіндіріп дайындайды екенсіздер, соны көрейік. Әскерде сарбаздарға киіну үшін 45 секунд беріледі, ал сіздерге 1 минут уақыт берейік!

5-кезең барысында отбасында үй шаруасына соның ішінде асхана жұмысына араласып, әйелдеріңізге көмектесу барысын көрейік. Алдарыңызда 5 дана картоп беріледі, соны тезірек қабағынан тазартасыздар, ұлдарыңыз жуады. Ал кеттік!

Сонымен сайысымыздың соңғы кезеңіне де келдік! 6-кезең бойынша әкенің көзі жұмулы болады, балалардың қолын сипау арқылы өз баласын тануы керек.

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықтым бүгін шыңдарына

Әке мен бала сайысы аяқталды

Сөз кезегі  әділқазы алқасында –

деп,  қорытынды сөзді әділқазыларға береміз

Әділқазылар қорытындысын шығарып, жеңімпаздар  «Алғыс хатпен» марапатталды.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ

Үйрендік білмегенді осы жерден

Тағы да үйренерміз аман болсақ

Жеңістеріңіз құтты болсын! Сау – саламатта болыңыздар! Алтын уақыттарыңызды қиып, қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!















































Отбасының өнегесі -

Отан өнегесі.



Отбасының сәні - сыйластық,

Достың сәні - қимастық.



Отбасынан бас кетсе,

Қазаннан ас кетеді.



Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.



Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге.

Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды.

Жақсы ата – орман,
Жақсы бала қорған.

Өсер жастың алдын кеспе,
Өсер ағаштың басын кеспе.

Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді,
Кісі баласы кісендесең де тұрмайды.

Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына қарап бала өсер.

Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.

Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге.











Отбасының өнегесі –

-------------------?



Отбасының сәні - сыйластық,

------------------?



Отбасынан бас кетсе,

----------------?



Балаң жаман болса,

-------------------?

Баланың ұяты әкеге,
--------------------?

Әкесін сыйламаған кісіні,
---------------------?

Жақсы ата – орман,

-----------------?

Өсер жастың алдын кеспе,
------------------?

Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді,
---------------------?

Қарағайға қарап тал өсер,
---------------------?

Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
-----------------------------?

Баланың ұяты әкеге,
-------------------------?









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ