«Мырзакент» жалпы орта
мектебі мектеп –
гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
6 сынып оқушыларымен
өткізілген
ашық тәрбие
сағаты
Әкеге қарап ұл
өсер
Аға тәлімгер: Сапарбек
Қазыбек Жұмаханұлы
Тәрбие
сағатының
мақсаты:
-
Әкенің
отбасында және бала өмірінде алатын орны туралы
түсіндіру.
-
Баланың
әкеге деген ыстық ықыласын , ой – өрісін
дамыту.
-
Адалдық,
мейірімділік және ізгілік қасиеттерін арттыра отырып
тәрбиелеу.
Сабақ
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды
түгелдеу.
2. Оқушылар назарын сабаққа
аудару.
ІІ.
Көрнекіліктер: интерактив тақта, музыкалық
әуен
ІІІ.
Негізгі
бөлім:
Әкенің ақылы керек
екен,
Таптырмас ой-сана береді екен.
Алтыннан жасалған үш әріпке,
Өмірде еш нәрсе
теңелмеген.
Қазақ отбасы үш ұрпақтан
тұрады. Ол – ата, әке, бала. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы
ұжымы. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың
тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері
мол.
Халық мақалында «Әке - асқар
тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ», деп
табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен. Бұрыңғы заманда да,
қазіргі кезде де, сөзсіз, отбасында әкенің алатын орны ерекше.
Әке-ұрпақ иесі, панасы, айбары, үй басшысы. Жеті атадан санағанда
екінші ұрпақ. Әке - бала үшін шыңы биік асқар тау. Ақылы мен пайымы
терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп
отырады.
Әкең ренжіп қалар, әкең
жіберсе бар, әкеңе барып сәлем бер, әкеңнің керегін дайында», деп
әкеге құрмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында
әрдайым тәртіп, бірлік болады. Осындай кездерде әке орынын аталары
немесе ағалары басып, ер мінезін үйрете
отырады.
Бала жаны жаңа дәптердің
алғашқы парағындай тап-таза, дәптерге әдемі жазумен жақсы сөздер
жазсаң, ол пайдалы қағазға айналады емес пе... Осындай ойларды еске
ала отырып, отбасының тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы, әулет
басшысы – әкелер. Әлемге әйгілі ғұламалар мен ақындардың ата-ана
махаббаты, перзент парызы жайында тебірене айтпағаны, жазбағаны жоқ
деуге болады. «Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды», деген сөз
бар емес пе? Ежелден қай елде болса да ата-анасына қатыгездік
жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан
болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты
қарғысқа ұшыраған. «Атаңа не істесең, алдыңнан сол шығатынын»
ұмытпағанымыз жөн болар.
Әке –баласы үшін шыңы биік
асқар тау! Шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да,
жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке қамқорлығы
дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын
қасиетті ұғым. Сондықтан, әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен,
ілтипатпен қарау – баланың басты парызы.
Әке. Әке. Әке! Қымбат, әрине.
Ол қамқоршы жанұяға, әр үйге.
Отан үшін, жанұя үшін, мен үшін,
Аямайды не өмірін, не күшін.
«Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі болса оның әкесі немесе
атасы жақсы кісі болатын, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан
ғой» деп мадақтап жатады. Енді әке туралы мақал – мәтелдерді
тыңдайық:
Әкесі бардың арысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Әкесіз жетім гүл жетім,
Шешесіз жетім тұл жетім.
Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға
алмайды.
Әкесі қоңыз атанғанның баласы доңыз
атанады.
Әкесі құрдастың баласы
құрдас.
Әкесінің баласы — адамның
баласы, адамның баласы — бауырың.
Әкесі оқ атпағанның баласы боқ
атпайды.
Әкесі өлгеңді де естіртеді.
Әкесі сыйламаған кісіні баласы
сыйламайды.
Сайына қарай саласы,
Әкесіне қарай баласы.
Әке туралы
ән
Жас едім өмірге еркін
бойламаған
Күні ертең не боларын
ойламаған
Шарықтап
кетсем
Дағы қанат
қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда
маған
Шарықтап
кетсем
Дағы қанат
қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда
маған
Жан әке, шертіп
сезіп
Домбырасын
Кеудемді қуанышқа
толтырасың
Арманның асқарына құлаш
ұрсам
Алдымда асқар тау
боп
Сен
тұрасың
Арманның асқарына құлаш
ұрсам
Алдымда асқар тау
боп
Сен
тұрасың
Бұл күнде мен
де
Өзеннің
арнасымын
Кім мөлдір
болса
соның
жолдасымын
Қуан сен, қуана бер,
әкетайым
Мен сенің өміріңнің
жалғасымын
Қуан сен, қуана бер,
әкетайым
Мен сенің өміріңнің
жалғасымын