400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

әкелер бізде қонақта - спорттық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
әкелер бізде қонақта - спорттық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Әкелер бізде қонақта.»


Мақсаты: Балалар мен әкелерге спорттық ойындарды ұйымдастыра отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.Салауаттану – адам жанының тазаруы, денсаулығының нығаюы.салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар: Қапшық, доп, секіргіш, шар, шеңбер, жұлдызша


Ұйымдастыру бөлімі:

Жүргізуші:

Құрметті ата – аналар, ұстаздар, балалар бүгінгі «Әкелер бізде қонақта.» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер.Енді қол шапалақтап, қошеметтеп жарысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.


Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де, өнегелі, жылдам да, шапшаң

Отбасыларымызды шақырамыз.

(көңілді әуен ойнап тұрады.)

  1. «Қайсар»тобы.

  2. «Барыс»тобы.

  3. «Қыран» тобы.

  4. «Ақ отау»тобы.


Ал құрметті халайық!

Жарысты енді көріңіздер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздер!- дей келе сайысымызды бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.


1.Балабақша меңгерушісі: Ж.Л Дүйсенбіқызы.

2. Балабақша медбикесі: Ш

3.Балабақша



Сайысымыз бес бөлімнен тұрады.

  1. Таныстыру.(сәлемдесу.)

  2. Қапшықпен кедергілер арасымен өту.

3. Жүгіремізде секіреміз.

4. Шарды жару.

5. Күш сынасу.


Әр бөлім сайын әділқазылар өз бағаларын жұлдызша арқылы береді.

Құрметті сайыскерлер сіздерге сәт сапар!

Енді сайысымызды бастаймыз.


Өнер қуып отбасы өтер дейміз.

Бір басына өнері жетер дейміз

Сайысқа келген топтар кезектесіп

Таныстырып өздерін кетер дейміз


Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру.»(сәлемдесу) бөлімі.

1 –ші топ: «Қайсар»тобын ортаға шақырамыз.

Біз ананың қуанышымыз

Бала кезден шыныққан

Болашақта есейіп,

Біз жеңілпаз боламыз.


2 – ші топ. «Қыран » тобын ортаға шақырамыз.

Қатар өскен құрдасқа

Жарыс ұнап тұрмаспа,

Қуып жету жақсы ғой

Озып шығу бір басқа


3- ші топ. «Барыс» тобын ортаға шақырамыз.

Біз шымырмыз, сергек денеміз.

Өнер сүйер өренбіз.


4- ші топ. «Ақ Отау» ортаға шақырамыз.

Қане,қане жарысуды,

Айналдырайық әдетке

Денемізді шынықтыру.

Денсаулыққа қажетті.


Әділқазы алқалары сіздердің барлық топтардың төс белгілерін ескеріп бағалау.

Ойнайықта, ойлайық

Қатардан қалып қоймайық

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен – тек жоймайық


Олай болса екінші бөлімімізге өтеміз.

«Қапшықпен жүгіру.»

Ойынның шарты ойын басталды дегенеде баламыз, одан кейін әкелер аяғына қапшықты киіп,кегельдер арасымен ойын залының арғы шетіне дейін жүгіріп барады, сол күйінде қайта жүгіріп келу.


Шынықсаң, шымыр боласың

Сауығып айдай толасың

Спортты серік ете біл.

Жақсы азамат боласың. – дей келе сайысымыздың келсі бөлімі

«Жүгіреміз де, секіреміз.»


Ойынның шарты: Әкелер екі тізесімен допты қысып,жерде жатқан құрсауға, дейін жету, үш құрсауды өдеріне жоғарыдан төменге дейін киіп секіру және секіргішпен кері қарай секіріп келу.


Ойынымыздың төртінші бөлімі. «Шарды жару.»

Ойынның шарты: Ілулі тұрған шарларды басы үшкір қауырсынмен жару.


Сайысымыздың соңғы бөлімі қазақтың ұлттың ойындарының бірі

«Күш сынасу.» бөліміне берейік.


Жарыс заңы ежелден,

Жеңілпазды анықтау.

Жеңілпаз болу шарты сол

Еңбектену,жалықпау.

Біреу озса сайыста.

Біреу артта қалады.

Жеңілгендей ренжімей

Тараса бізге жарады.

Олай болса біздің әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.

(марапаттау рәсімі.)


Біз қазақпыз,

Ел үшін атқа мінген.

Жанып тұрған лапылдап отқа кірген.

Бой тұмарғып ар – ождан қазыналық.

Отбасылар ел қамын сақтап жүрген- демекші бүгінгі

«Әкелер бізде қонақта.» атты спорттық сайысқа алтын уақыттарыңызды бөліп қатысқандырыңызға әр отбасына алғысымызды білдіреміз.Осымен сайысымыз аяқталды.

Жақсылықта жүздескенше!































Спорттық – интеллектуалдық жарыс.


Тақырыбы: «Әкелер бізде қонақта.»













Атырау – 2017жыл.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
27.11.2023
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі