400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әкелер сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әкелер сайысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Айбынды біздің әкелер»


Мақсаты: Әкемен, бала мектеп арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және кез-келген жағдайдан шыға білетін жеке тұлға тәрбиелеу. Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы әкелер! Бүгінгі әкелер арасында өткізгелі отырған «Айбынды біздің әкелер» сайысын ашуға рұқсат етіңіздер.

Уа, халайық

Мұнда назар салайық

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Әкелер келсін ортаға (қошеметпен әкелерді ортаға шақыру)


Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем!

Жүйрік озар айтыстарда неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл (әділқазылар алқасымен таныстыру)

«Ақбесік» бөбекжай бақшасының меңгерушісі: Әлиакбарова Жанар апай

«Ақбесік» бөбекжай бақшасының әдіскері Мұханбетәлі Айдана апай

«Балдәурен» тобының тәрбиешісі Қалеке Бағила апай


Ал, енді бүгінгі біздің «Айбынды біздің әкелер» сайысымызды бастамас бұрын бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Жанар апайға сөз кезегін береміз.


Қуан далам, қуанатын күн бүгін,

Әкелер сынға түсер кез бүгін.

Тамашалап көріңіз жігіттердің өнерін,

Топтың жеңімпазын анықтайтын күн бүгін.

(Әкелерге сандықшадағы топтардың реттік нөмерін анықтап алу)


Сайыс кезеңдерімен таныстыру

1 Таныстыру (қарапайым түрінде )

2 Пияз аршу, ұсақ турау

3 Құстарға жем шашар жасаймыз (үйден жасап әкелінген шем шашарымызбен таныстырып өтсеңіздер)

4 Ойын: «Кім жылдам?» Әкелер картоптың қабығын үзбей аршып беру.

5 «Кім шапшаң әрі жылдам» (Әр әке өз баласын тобынан жүгіріп барып алып келу және баласын қалай еркелету керектігі жайында айтасыздар)


Уа, әкелер әкелер

Бар өнерді көрсетер

Сұлтан атын лайықты,

Кімдер жеңіп әкетер-деп әкелердің өнерін тамашалайық

1-кезең Таныстыру


Қайсысы білгір білімді,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Тапқырларды табайық-деп 2-ші кезеңге көшейік. Пияз аршу, ұсақ турау.


Әкелеріміз пияз аршып турап болғанша ән шашуымызды қабыл алыңыздар.

Ән:


Үйге кірші торғайым

Мен аяздан қорғайын.

Жем шашамын, жегейсің,

Үйшік жасап берейін-демекші 3ші кезеңді бастайық. Үйден жасап әкелген жемсауыттарыңызды таныстырып өтсеңіздер.


Ата-аналардың тілегі,

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі,

Адам болып өскенің-деп 4ші кезеңді бастайық. Картоптың қабығын үзбей аршып беру.



Спорт сенің серігің

Жанға дауа, қолға күш.

Сергітетін адамды-

Қимыл менен қозғалыс. (Әр әке өз баласының тобына тез-тез барып жылдамдықпен балаңызды көтеріп алып келіп балаңызға деген жылы сөздеріңізді және қалай еркелетесіздер)


Білімнің мініп алып тұлпарына

Қиналмай шықтым бүгін шыңдарына

Әкелер сайысы аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасында-деп қорытынды сөзді әділқазыларға береміз.

Әділқазылар әкелерді Алғыс хатпен марапаттайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.03.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі