жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әкелер сайысы "Әкем асқар тауым"
Тақырыбы: «Әкем – асқар тауым»
Мақсаты: Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.Отбасының әкенің бала тәрбиесіндегі ролі туралы түсінік беру.
«Ана- сая болар бағың болса, Әке асқар тауың дейді қазақта». Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың борышы.Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы.Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі,өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Олай болса бүгінгі сайысымызға көрермен болып, жанкүйер болып келіп отырған барша көрермендер «Әкем – асқар тауым» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де
Үлкен-кіші, жасымыз да, кәріміз де
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар
Жайнаған мына біздің төрімізге – деп алдарыңызда өнер көрсететін отбасының тірегі әкелерді ортаға шақырайық, таныс болыңыздар.
1 әке Қасымханов Тлеубек
2 әке Ахмалиев Серікжан
3әке Назарбеков Қалибек
4әке Адабаев Серікбосын
5әке Бексолтанов Серікқали
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып
Әділдікті қолдайтын баға беріп
Жіберейік қазыларды таныстырып.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болайық.
1 Ата-ана: Аубакирова Ардақ
2 Ата-ана: Жанабаева Назгуль
3 Ата-ана: Зейнелова Меруерт
Ата-ана: Мархабаева Айман
Сайысымыз 3-4-5 балдық жүйемен бағаланады. Ең жоғарғы бал 5 балл болып
Әкелер бар өнерін салары анық
Өнегелі тәлімді алған қанып
Ал ендеше таныстырып өтейін мен
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.
Таныстыру
«Кім тапқыр» сөзжұмбақ шешу
«Сабаққа жиналдық» капитандар сайысы
«Қазақстанның болашағы» сурет салу
«Жалғасын тап» мақал-мәтелдер
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» Ситуациялық сұрақтар
«Әке- білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары». «Ұл әкеден үйренбей сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей өнеге алмас» деген екен Қорқыт атамыз.Ендеше ата-ана, оның ішінде әкенің бала
тәрбиесіндегі орны туралы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы жөнінде сіз болып, біз болып ой бөлісуге жиналып отырмыз.
Олай болса ең алғашқы сайысымыз «Таныстыру». Яғни бұл бөлімде топ басшысын, топ атын таңдап таныстыруларыңыз керек. Бұл бөлім екі критерий бойынша бағаланады.Олар шығармашылық және сөйлеу мәнері.
Екі топқа ойлануға уақыт беріледі. Сіздер ойланып болғанша алдарыңызда Еркежан мен Альбина өз өнерін көрсетеді. Қабыл алыңыздар.
Олай болса алғашқы сөз бірінші топқа беріледі.
Әділқазылардан таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.
2 тур
Өзінің алғырлығын ұғындырып
Көрсетер көп іздеген мығым қылық
Келесі бұл сайыстың жоспарында
Түседі бәйгеде білімділік - деп сайысымыздың 2-ші бөлімі «Кім тапқыр» сөзжұмбақ шешу. Екі топты да ортаға шақырамыз.
Балаларымыздың өнерін тамашалап болғанша сіздер де сөзжұмбақты шешіп болуларыңыз керек.
Алдарыңызда Өзбек биі. Қабыл алыңыздар.
Әділқазылардан осы бөлімнің бағасы сұралады.
3 тур
«Әке көрген оқ жонар» бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз.Мен әкенің бойынан күш-жігерді, батырлықты, қайсарлықты,білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын.Қарап отырсақ әкенің түр-түрі болады.Бірі ақылды, білімді болса, бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да, батыл қайсар болып келеді.Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады.
Келесі бөліміміз «Сабаққа жиналдық» деп аталады. Бұл бөлімде екі топ басшылары шығады. Ортаға келулеріңіз сұралады.
Ережесін мұқият тыңдап алыңыздар. Алдарыңызда екі қатарда 6 баладан тұр. 2 минут ішінде неғұрлым көп баланың киімдерін кигізіп, сабаққа дайындауларыңыз керек.
Түсінікті болса бастадық.
Әділқазылар алқасы әкелеріміздің жылдамдығына қандай баға берер едіңіздер.
1 ші « Мирас » тобының басшысы
2 ші « Қыран » тобының басшысы
4 тур
Ендігі бөліміміз. «Қазақстанның болашағы» деген тақырыпта сурет салу. Туған тілімізді сүйіп, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу біздің міндетіміз. Сол ұрпағымыздың болашағы, болашақ Қазақстанымыз, ұл-қыздарымыздың болашағы қандай болғанын қалар едіңіз деген мақсатта алып отырмыз.Бұл сайысқа екі топ та қатысады. Алдарыңызға сурет салуға керекті құралдардың барлығы қойылады. Шарты түсінікті болса бір әуен ойналады. Сол әуен біткенше сіздер де тәмәмдауларыңыз керек.
Әділқазылардан осы бөлімнің бағасы сұралады.
5 тур
Мақал-мәтелдер халық ауыз-әдебиетінің бір саласы. Мақалдар ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Келесі бөліміміз «Жалғасын тап» мақал-мәтелдер сайысы. Алдарыңызда
тақтада екі топқа бес бес сұрақтан берілген. Екі топ кезектесіп жауап береді.
Жеті жеңге бірігіп
ана болмас
Анадан мейір
Жездедей ақ
Шеше
тұрып қыз сөйлесе бой жеткені
Қыз
шешеден үйренбей
өнеге алмас
Балалы болғанда
білерсің
Шеше көрген тон пішер
Бала далаға қарыз
Қырық жыл азық
Бала жағасындағы
құрақ
Ұл
әкеден үйренбей
сапар
шекпес
Жақсы
әке
жаман
балаға
Әке
шырақ
Ана
бұлақ
6 тур
Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие.Оның тәрбиелік рөлі де зор.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас дос.Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ал ендігі бөліміміз «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады. Бөліміміздің аты айтып тұрғандай әртүрлі жағдаяттан шыға білу. Сіздердің алдарыңызға үш үштен конверт ұсынамын. Ішінде ситуациялық сұрақ бар. Сол сұрақтарға нақты жауап берулеріңіз сұралады. Сіздер дайын болғанша көркем сөзге кезек берейік.
Алдарыңызда Әукенов Даниярдың өнерін тамашалаймыз
Дайын болсақ жауаптарыңызды тыңдайық.
Қазылар алқасы әкелеріміздің сөз саптау шеберлігіне қандай баға берер едіңіздер?
1 ші « Мирас » тобының бағалары
2 ші « Қыран » тобының бағалары
Осымен біздің 6 бөліміміз де өз мәресіне жетті. Әділқазылардан барлық бөлімнің бағасын есептеу сұралады. Сіздер есептеп болғанша балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Алдарыңызда Әдемі мен Жансаяның орындауындағы әнді тарту етеміз
Биші қыздарымыздың орындауында орыс биі. Қарсы алыңыздар.
Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттау рәсіміне көшсек.
Сөз кезегі әділқазыларда.
1 әке Қасымханов Тлеубек «Парасатты әке»
2 әке Адабаев Серікбосын «Өнерлі әке»
3әке Назарбеков Қалибек «Тапқыр әке»
4әке Бексолтанов Серікқали «Білімді әке»
5әке Ахмалиев Серікжан «Белсенді әке»
Осымен бүгінгі «Әкем – асқар тауым» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымыз шексіз. Талай асулардан асып, білім төрінде шарықтап самғай беріңіздер деп тілек тілегім келеді. Қош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген