«Алтын ұя» жеке балабақшасы
Ертеңгілік:
«ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ – ҚАЗЫНАМ!»

Тәрбиеші: Карагойшина К.Т
2024-2025 оқу жылы
«Қарттарым
асыл-қазынам!»
Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар
Барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім
Көп
жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
1 қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым асыл-қазынам!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қадірлі ата-әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер. Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады.
І бөлім Ата-әжем мақтанышым
ІІ бөлім Жырымды сізге арнаймын
ІІІ бөлім Мен әжемнің жалғасымын
Көп жасаған қария,
Ақыл теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр – демекші қарияларымызды құттықтауға сөз кезегін балабақша меңгерушісі: Днекешеева Назгул Мукановнаға берейік.
Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған,
Ол кім? (Ата)
Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (әже)
І бөлім «Ата-әжем мақтанышым»
Ата - ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
Ауыл қариялары туралы мәлімет беру.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы қасында болып, асыраушы, аялаушы, тәрбиелеуші басты кісі. Өмір өрнектеріне, тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені, бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.
Ауыл әжелері туралы мәлімет беру.
ІІ бөлім «Жырымды сіздерге арнаймыз»
Халқымызда «Өзің өлгенше, немерең өлгенше» деген сөз бар. Бала, немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.
Ендеше бүлдіршіндеріміздің ата-әжелеріне деп арнап дайындаған өнерлерін тамашалайық.
Жүргізуші:
Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.
Балапан тобының бүлдіршіні Ахметжан Марьямның орындауында «Жақсы көрем атамды, жақсы көрем әжемді» әнін қабыл алыңыз.

Адина:
Менің әжем, ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
Рамина:
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз әжем, тіл әжем.
Жүргізуші: Балалар әже деген қандай
болады?
Балалар жауабы: Мейірімді, қамқор,
ақылшы...
Жүргізуші:
Ал, сендер әжелеріңді жақсы
көресіңдер ме?
Сыйлайсыңдар ма? Әжелерің
қандай жақсы екен! Әжелеріңді сыйлайды екенсіңдер! Қандай
керемет!
Жүргізуші: Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер,- демекші ортаға « ЖҮН САБАУ» биімен мектеп
алды даярлық тобындағы сұлу қыздарымызды
шақырайық.

Томирис:
Ата отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз
Мадина:
Ажем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын
Аянат:
Әжем менің асыл жан
Жақсылыққа үйретіп
Жамандықтан шектиді
Әжеме ешкім жетпиді
Жүргізуші:
Күн нөсерін төгейік
Жырдан моншақ өрейік
Уа жамағат ал енді
Әнге кезек берейік – дей келе «Гүлдер» тобының бүлдіршіндерінің
әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Торғай»

Жүргізуші:
Гүл
- гүл жайнап бәріміз
Кірді біздің сәніміз
Қарттарымызды тойымен
Құттықтаймыз
бәріміз.
Би: «Уги-Уги Ок» «Алақай» тобы бүлдіршіні Ақболат Көзайым

ІІІ бөлім
«Мен әжемнің
жалғасымын»
Ата-бабаң
ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бұл бөлімде біздің әжелеріміз балаларға қазақтық ұмытылып бара жатқан
салт-дәстүрлерін көрсетеді, кейінгі
ұрпағымыз өздерінің саналарына құйып жетілулері
керек.

Қорытындылау
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Әкем, анам және мен"отбасылық, спорттық сайыс

шағым қалдыра аласыз