«Әкем-анам-
жүрегім».
Мен өзімді осы әдемі
әлемде бақыттымын деп есептеймін.
Менің жүрегімнің бағы, ол менің отбасым. Жүрегімнің мәні де, сәні де ол менің
анам, әкем, ағам, сіңлім және бауырым. Біз өте тату
отбасымыз. Менің әкем мен анам бізге өмір сыйлаған, отбасының негізгі діңгегі, әрі дәнекері. Анам отбасының қолдаушысы, ақылшысы болса, әкем асқар тауым,
алынбас берік қамалым, әрі қорғаным. Мен
әкем мен анамды өте жақсы көремін.
Себебі олар маған өмір сыйлады, жақсы тәрбие берді.
Әке – асқар тау, Ана – етегіндегі
бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ – деген мақал өмір шындығы екені
анық. Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшырататын әке де қыран
болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге біздің ата-бабаларымыз ерекше
мән берген. Әрбір отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден
ақыл, анадан мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы,
тірегі, ана - отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Ата - анаға баладан
жақсы ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар.
Сондықтан қай ата - ана болмасын баласының білімді, мәдениетті
тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Ұлтымызда «Бала туғанда ақ
қағаздай болып туады, оған шимай қалай салынса, бала тәрбиесі де
солай сияқты» деген Ж. Ж. Руссо.
Әр отбасындағы әкенің орны бөлек. Әке — отбасының асыраушысы,
отбасы қамқоршысы. Әке баланың тірегі, ана баланың жүрегі.
Баласының әрбір жетістігі ата-ананың беделін көрсетеді. "Әке балаға
сыншы" дейді халқымыз. Осының барлығы орынды
айтылған. Әкем маған әркез
қызым,сен менің ең асыл баға жетпес байлығымсың деп отырады.
Сондықтан да мен әке сөзін жерге тастамай ақылды, сабақта озат
болуға талпынамын. Мен озат оқушымын. Әкемнің сенімімен алға
жылжып, тек алда болу басты мақсатым деп санаймын. Әкешім-жан
жүрегім. Әрбір бала әке тәрбиесімен сусындап өседі. Әке жүрегі
балаға тек шынайы әкелік махаббат пен қамқор береді. Менің әкем
маған әркез қол ұшын беріп, менің әрбір сөзімді, ісімді қолдап,
қолпаштап отырады. Қызым сенің қолыңнан бәрі де келеді, тек алға
деп маған шабыт береді. Анашым үйде әрбір
баласына көңіл бөліп, бабын таба біледі. «Әкеге қарап ұл өсер,
шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай
кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді.
Анама үй шаруасында көмек көрсетемін. Ал әкеме ағам көмектесіп,
дала шаруашылығымен айналысады. Ана баласының үлгілі азамат боп
өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ата-ана біздің баға жетпес
байлығымыз.Сол байлықтың ортамызда әрқашан жүргенін қалаймын. Әрбір
бала өз ата-анасымен бақытты. Сондықтан жер бетіндегі балалардың
ата-аналары аман болсын деп тілеймін. Ешбір бала жыламас екен.
Бейбіт заманда Елбасымыздың арқасында ата-анамыз қасымызда болса
екен деп күнде тілеймін. Ата-ана мен бала арасындағы байланыс
ешқашан үзілмесе екен. Бізге мектепте мұғалімдер отбасы
құңдылықтары жайлы айтып, ата-ананың қадірі туралы айтады.
Жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік білім нәрін бойымызға жинадық.
Ақиқат-жолында білім нәрімен сусындап, әкеміз бен анамызға
сүйіспеншілік таныту арқылы, дұрыс-іс әрекет жасау арқылы, ішкі жан
дүниемізді өзгерте отырып, қоршаған ортаға, әлемге деген ,
туған-туыстарымызға, достарымызға, ата-анамызға деген көзқарасымыз
біржола өзгеріп, жұдырықтай жүрегіміз мейірімділік пен ізгілікке
толы болды.
Ата-ана мен бала арасындағы махаббат ешқашан сөнбеу керек.
Ол үшін балалар өз ата-аналарын көзінің қарашығындай аялай білу
керек. Ата-ана біздің тірегіміз. Сол тірегіміз аман болсын. Өзіңді
өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның
парыз-міндеті өлшеусіз. Ананың табанының астында жұмаққа барар кілт
бар дейді біздің данышпан бабаларымыз. Ол айтылған сөздің де жаны
бар. Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - өз болашағыңды
сақтау. Өмірде өз ата-анаңның орны ерекше деп білемін. Сондықтан
біз үшін ерекше, дара тұлғаларымыз аман болсын. Қорыта айтқанда,
барлық адам ата-ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың
шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау
керек. Ата -ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Себебі ең бақытты
адам -ата-анасы бар адам.
Жер
бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз бен әкелеріміз аман
болсын!
«З.Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»
КММ
8
«ә» сынып оқушысы Ақанова Сағыныш Талгатовна
Жетекшісі өзін-өзі тану мұғалімі-Рахметова Фарида
Кенжебаевна