"Әкем-асқар тауым"

Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Әкем-асқар тауым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.Отбасының әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

«Компания Армантай»

бөбекжай бакшасының

меңгерушісі

Усебова Л.Р_________






Әкем - асқар тауым!


Тәрбиеші:Юнусметова Ш.Р.








Шымкент 2022 ж

Тақырыбы: «Әкем – асқар тауым»

Мақсаты: Мақсаты: Балабақша мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.Отбасының әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі туралы түсінік беру.

Қазакша би : «Адай»

Фанфари

Сәлеметсіздер ме,құрметті тәрбиешілер,асқар таудай әкелер! «Ана- сая болар бағың болса, Әке асқар тауың дейді ұлы ғұламалар». Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың борышы.Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы.Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы. Олай болса бүгінгі сайысымызға көрермен болып, жанкүйер болып келіп отырған барша көрермендер «Әкем – асқар тауым» атты сайысымызға қош келдіңіздер!


Өлең-шұмақ

Бакнур

Әкенің бір сөзіне,

Ешқандай тыйым жетпейді.


Ерсұлтан

Әкесін сыйлай білгендер,

Көгереді,көктейді.


Жания

Әке қатал болса да,

Сыйлау оны-бір құрмет.

Әке қандай болса да,

Қорқу одан-бір құрмет.


Айдай

Әке қатты сөз айтса,

Есіңнен еш кетпейді.





Жүргізуші:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де

Үлкен-кіші, жасымыз да, кәріміз де

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар

Жайнаған мына біздің төрімізге – деп алдарыңызда өнер көрсететін отбасының тірегі әкелерді ортаға шақырайық, таныс болыңыздар.


Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға.....

Еліміздің батыры,

Мақтан тұтамыз біз оны.

Өрт сөндіруші қызметі

Елін қорғар әр күні.


1.Темиршиков Исломшықтың әкесі - Темиршиков Хакимшик мырзаны қарсы аламыз!`(Балапан)

Ақкөңіл.

Әке шешесін қадірлейтін

Мойнына алған жауапкершілік мақсатына жете білетін

Бірінші орынға отбасын қоятын сосын қызметін

Жұмысына адал

Ұл қызына қамқор үлгілі әке. Жаман ісі тірлігі жоқ

2.Талғат Омардың әкесі-Елемесов Нұрдаулет мырзаны ортаға шақырамыз!

(Балдырған)


Акылды, сабырлы ,еңбекқор,іскер,бауырмал.

3.Айнамкөздің әкесі- Нахыпов Ақсұлтан Серікұлы мырзаны ортаға шақырамыз!(Балдырған)


Білімді,төзімді, еңбексүйгіш,үлкенді сыйлайтын мал табар, бірінші орынға әке шешесін отбасын коятын жан.

4.Дарханбек Асиданың әкесі-Куттубаев Айдос мырза(Балауса)

Отбасы қамқоршысы,үш қыздың мықты әкесі,мінезі жақсы,балаларға мейірбан,әзілкеш,көңілі пәк және де ашық жарық, өз жұмысын қатты жақсы көретін,қолыдан көп жұмыс келетін

5. Махина Бабаханова әкесі-Эргешов Жамшид мырза(Топжарған)

(әр отбасы ортаға келіп тұрады)


1.Жүргізуші

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып

Әділдікті қолдайтын баға беріп

Жіберейік қазыларды таныстырып:

1.Компания Армантай бөбекжай бақшасының меңгерушісі-Усебова Лаззат Рысбекқызы

2.Балабақшамыз құрылтайшысы-Ербол Қамбарбекұлы

Сайысымыз 3-4-5 балдық жүйемен бағаланады. Ең жоғарғы бал 5 балл болып

Әкелер бар өнерін салары анық

Өнегелі тәлімді алған қанып

Ал ендеше таныстырып өтейін мен

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.


Сайысымыз 9 кезеңнен тұрады.

1. Таныстыру

2. Сұрақ-жауап (Ситуациялық)

3. Үй тапсырмасы (қолөнер)

4. Ойын «Ыстық алақан»

5. Менің Әкем биші «Пингвин» биі

6. Өз өнерін көрсету

7. «Кім жылдам»

8. Ойын «Кім тапқыр»

9. « Менің Әкем күшты»

«Әке- білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары». «Ұл әкеден үйренбей сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей өнеге алмас» деген екен Қорқыт атамыз.Ендеше ата-ана, оның ішінде әкенің бала тәрбиесіндегі орны туралы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы жөнінде сіз болып, біз болып ой бөлісуге жиналып отырмыз.

Олай болса ең алғашқы сайысымыз «Таныстыру».

Яғни бұл бөлімде әкелер , топ атын таныстыруларыңыз керек. Бұл бөлім екі критерий бойынша бағаланады.Олар шығармашылық және сөйлеу мәнері.

Олай болса алғашқы сөз бірінші қатысушымызға беріледі.


Алдарыңызда Еркеназ қызымыздың орындауындағы «бакытты бала»әнді тарту етеміз.

Әділқазылардан таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.


2-кезең

Өзінің алғырлығын ұғындырып

Көрсетер көп іздеген мығым қылық

Келесі бұл сайыстың жоспарында

Түседі бәйгеде білімділік - деп сайысымыздың 2-ші бөлімі «Сұрақ-жауап».

1.Балаңыздың туған күні,айы,жылы.

2.Балаңызға қалай еркелетесіз?

3.Балаңыздың тобының аты

4.Үш арсызды ата (ұйқы,күлкі,тамақ)

5.Бір аптада неше күн бар?

6.Егер сіздің балаңыз балабақшада жарақаттанса,сіз тәрбиешіге не айтар едіңіз?

7. Кез- келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?

8.Балаңыздың аяқ киімінің размері?

9.Балабақшадағы тасымалдау көлігінңі нөмірі (508)

10.Тәрбиешінің аты-жөнін айтыңыз

11.Ұялы телефоныңызды шығарып,тәрбиешінің нөмірін табыңыз.

Әділқазылар бағалап болғанға дейін,Ермухаммед,Динмухаммед пен Дарханбек Зере қызымыздың «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар!

3 кезеңіміз-Үй тапсырмасы (Әр әке баласымен үйде бірігіп істеген жұмыстарын көрсету.)

4 кезең –Ойын «Ыстық алақан»

Бұл кезеңде әкелердің көздерін байлап,ұл-қыздарының алақанын сипап,сезу арқылы тану.

5 кезеңіміз-«Менің әкем биші»

6 кезеңіміз –әкелердің дайындап келген, өз өнерлерін көрсету.


Әділ-қазыларымыз әкелеріміздің өнерлерін бағалап,болғанға дейін,

Айлин қызымызды «Анашым» әнімен қарсы аламыз!


Жүргізуші:

Ал енді 7 кезеңіміз «Жылдамдық» деп аталады. Елестетіңізші, сіздің әйеліңіз жұмысқа кетіп қалды және сіз өзіңіз балаңызбен қалдыңыз.Балаңыз әлі киінбеген, онымен қоса газел де күтіп тұр. Сонымен ойынның шарты балаңызды ұқыпты,әрі тез киінтіру.


Ән Қаныбек Аянат «Анажаным»

Жүргізуші:

Ойынымыздың 8 кезеңі бастаймыз! Бұл ойынымыз «Кім тапқыр»

деп аталады.Өздеріңіздің жас кездеріңізді еске алып,біздің тапсырманы орндауларыңызды қалаймыз!Ал ендеше алдарыңызға парақта тапсырма көрсетілген және соны орындауға 2 минут беріледі.Жылдам,әрі дұрыс белгілеген әке жеңіске жетеді.Қанекей,енді бастаймыз!



9 кезеңіміз «Менің Әкем кушты» деп аталады. Әкелеріміз өз ұл ,қыздарын көтеріп жаттығу жасау


Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттау рәсіміне көшсек.

Сөз кезегі әділқазыларда.

Осымен бүгінгі «Әкем – асқар тауым» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымыз шексіз. Талай асулардан асып, білім төрінде шарықтап самғай беріңіздер деп тілек тілегім келеді. Қош сау болыңыздар!





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2023
382
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі