2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Әкем сәулетші

Әкем сәулетші

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы материал әдестімелік көмек мұғалімдерге
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (1-сабақ)
Сабақ тақырыбы: Әкем – сәулетші
Оқу мақсаттары:
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану;
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Сөйлеу барысында берілген тақырыпқа қатысты сөздерді қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
Суреттер мен сөздерді сәйкестендіру барысында «Кім не істейді?» сұрағына жауап береді.
Оқушылардың кейбірі:
Берілген сөздерді мағынасына қарай тіркестіріп, сөйлемдер құрастырады және «Сәулетші» мәтінін құрап айтады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
«Мозаика» әдісі арқылы топтарға біріктіру – 2 минут
Ой шақыру сұрақтары: (1 минут)
Бұлар кімдер? Олар не істейді?
Бұл не? Ол қандай?
Мақсаттар мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут
Жаңа сөздермен жұмыс – 3 минут (96-бет)
Мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды.
1-тапсырма. (оқулық, 96-бет) Суреттер мен сөздерді сәйкестендіріп, сұрақтарға жауап беру барысында тірек сөздерді орынды қолданады. (6 минут) құрылыс
құрылысшы
ғимарат
көпқабатты
жаңа
Бұл не? (құрылыс) Бұл кім? (құрылысшы) Неше құрылысшы бар? (3 құрылысшы бар) Бұл не? (ғимарат) Ол қандай? (жаңа, көпқабатты)
Мұғалім топтарға сурет пен тірек сөздері бар үлестірмелі қағаздарды таратып береді. Тапсырманы орындау жолын түсіндіреді. Оқушылар әр сөзді сәйкес суретпен бағыттама (стрелка) арқылы қосады және мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Топтардың тапсырманы орындауына 4 минут, топтық жұмысты қорғауына 1 минут беріледі.
Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады.
2-тапсырма. (оқулықтағы 5-тапсырма) «Мина» ойыны – 10 минут
1) Мұғалім топтарға келесі үлестірмелі қағаздарды таратып береді:
2) Оқушылар топтарда сөздер мен суреттерді сәйкестендіріп, «Кім не істейді?» сұрағына жауап береді (5 минут)
3) Мұғалім оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, ортаға «миналарды» тастайды (Құрылысшы не істейді? Мұғалім не істейді? т.с.с. сұрақтар жеке-жеке жазылған қағаздарды жұмырлап жерге тастайды). 1 оқушыны ортаға шығарып, көзін орамалмен байлайды. Аяғымен қай «минаға» тисе, сол сұраққа жауап береді.
4) Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады.
3-тапсырма – 11 минут (оқулықтағы 6-тапсырма, 99-бет) «Өз жұбыңды тап» ойыны
Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 6-тапсырмада берілген сөздерді жеке-жеке А4 форматты қағазға жазып, таратады. Тақта алдында тұрған оқушылар сөздерді тіркестіру үшін шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің сөздерін оқиды және жұптарын анықтайды.
1) Жұптасқан оқушылар өз сөздерін тіркестіріп, сөйлем құрастырады.
2) Сәулетшіге қатысты сөздері бар жұптар «Сәулетшілер» тобына, құрылысшыға қатысты сөздері бар жұптар «Құрылысшылар» тобына бірігеді және «Құрылысшы» / «Сәулетші» тақырыбына шағын мәтін құрып айтады. Мысалы: Әкем – құрылысшы. Ол үй жасайды. «Апорт» сауда үйін құрылысшылар жасады.
3) Бағалау дескрипторлар арқылы жүзеге асырылады.
Дескриптор:
1. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөз тіркесін құрастырды.
2. Сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, берілген сөздермен сөйлем құрастырды. ....



Shape1



05 Қаңтар 2021
831
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі