30.05.2018ж
«Әкем
шешем және мен» отбасылық сайыс.
Өтетін
орны: Спорт
алаңы
Мақсаты: Ата - анамен тығыз
қарым - қатынаста болып, балабақша мен
ата - ана арасындағы байланысты жақсарту.
Спортқа деген қызығушылығын
арттыру.Салауатты өмір салтын ұстану.
Керекті
құрал жабдықтар:Кедергілер,секіртпе,
доп,ысқырық, мөшек, теннис тақтайшасы
мен доп.
Жүргізуші:
Жабырқауды
білмейміз
Жалқаулықты сүймейміз
Біз
талапты жас ұлан
Үлгі аламыз
жақсыдан.
Орман
көлге шыңға біз
Саяхатқа шығамыз
Бөлінбейді
іргеміз
Әрқашанда біргеміз.
Құрметті
қонақтар, ата - аналар, балабақша
қызметкерлері, бүгінгі біздің толағай
отбасылық сайысына қош келдіңіздер! Ал
енді ойынымызды бастамас бұрын, әділ
қазылар алқасын сайлап алайық.
1. Балабақша меңгерушісі :Аңсабаева
Ажар
2.Тәрбиеші : Абеува Марзия
3.Психолг
: Дакубаева Асел
Әділ
қазыларға ең жоғарғы бал бес бал деп
айта кетейін, әділ қазылар алқасымен
танысып болсақ, бүгінгі сайысқа қатысатын
отбасылық топтарымызды ортаға шақырайық.
1
топ «Қызғалдақ» тобынан көк түсті :
Ақмолдановтар отбасы.
2
топ «Балдәурен» тобынан ақ түсті :
Алекеновтар отбасы.
3
топ «Бәйтерек» тобынан қызыл түсті
:Қалдыбаевтар отбасы.
4
топ «Айгөлек» тобынан сары түсті :
Жұмасиловтар отбасы.
Топтарымызды
ортаға шақырдық, енді топ басшылары
топтарын жеке - жеке таныстырып
өтсін.Ұрандарын айтып,эмблемаларын
қорғау.
Ал енді топтарымызбен танысып
болсақ, ойынымызды бастайық.
I. Эстафета
Ойын
шарты: Әкелері балаларын мойындарына
мінгізіп жалаушалар арасымен жылдам,
жүгіріп жарысады.
Ал
енді әділ қазылардың шешімін тыңдайық.
Көк
түсті
«Қызғалдақ»
тобының бағасы.
Қызыл түсті
«Бәйтерек»
» тобының бағасы
Ақ түсті
«Балдәурен»
тобының бағасы
Сары түсті «Айгөлек»
тобының
бағасы
II.
Көңілді секіртпе
Ойын шарты: Аналарымыз
секіртпемен жалаушалардың арасымен
жүгіріп жарысады. 1 - 2 - 3 алға - а -
а
Әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде
Көк
түсті «Қызғалдақ» тобының бағасы.
Қызыл
түсті
«Бәйтерек»
тобының бағасы.
Ақ түсті
«Балдәурен»тобының
бағасы.
Сары
түсті «Айгөлек»
тобының бағасы.
III. Жұптасу
Ойын
шарты: Әкелері мен аналары қолдарын
ұстап, балаларын қолдарына отырғызып
жалаушалар арасымен жарысады.
1
- 2 - 3 алға - а - а
Әділ қазылар сөз кезегі
өздеріңізде.
Көк түсті
«Қызғалдақ»
тобының бағасы.
Қызыл түсті
«Бәйтерек»
тобының бағасы.
Ақ түсті
«Балдәурен»тобының
бағасы.
Сары
түсті «Айгөлек»
тобының бағасы
IV.
Кенгуру
Ойын шарты: Мөшекті аяқтарына
киіп жалаушалар арасымен жарысады.
алға - а - а
Енді отбасыларымыздың
бағасын тыңдайық.
Көк түсті «Қызғалдақ»
тобының бағасы.
Қызыл түсті «Бәйтерек»
тобының бағасы.
Ақ түсті
«Балдәурен»тобының бағасы.
Сары
түсті «Айгөлек» тобының бағасы.
V.
Теннис
Ойын шарты: Теннис тақтайшасымен
допты жалаушалар арасымен алып жүру.
алға - а - а
Ал енді әділ қазылардың
шешімін тыңдайық.
Көк түсті «Қызғалдақ»
тобының бағасы.
Қызыл түсті «Бәйтерек»
тобының бағасы.
Ақ түсті
«Балдәурен»тобының бағасы.
Сары
түсті «Айгөлек» тобының бағасы
VI.
Допты аяқ ортасына қысып секіру
Ойын
шарты: Балаларын допты аяқ ортасына
қысып жалаушалар арасымен жарысады.1 -
2 - 3 алға - а - а
Әділ қазылар сөз кезегі
өздеріңізде.
Көк түсті «Қызғалдақ»
тобының бағасы.
Қызыл түсті «Бәйтерек»
тобының бағасы.
Ақ түсті
«Балдәурен»тобының бағасы.
Сары
түсті «Айгөлек» тобының бағасы
Ал
енді әділ қазылар алқасы ақылдасып бір
шешімге келгенше ән шашуымызды қабыл
алыңыздар!
Ән: Толағай.
Жеңімпаздарды
марапаттау рәсімі әділ қазылар алқасына
беріледі