Тақырыбы: «ӘКЕМ, АНАМ
ЖӘНЕ МЕН»
отбасылық спорттық сайыс
Қатысушы: 3 сынып оқушылары мен ата —
аналары
Мақсаты: Оқушыларды
және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін
денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің
маңызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды
орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының
жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға
тәрбиелеу.
Түрі: отбасылық
спорттық сайыс
Құрал –
жабдықтары: доптар, секіртпелер, кеглилар,
арқан, шығыршықтар, кіші доптар, бадминтон
қалақтары.
Өтілу
барысы:
-
Ұйымдастыру
бөлімі.
-
Негізгі бөлім.
— Қадірменді
спорт сүйер қауым! Бүгінгі оқушылар мен ата-аналары
арасында өткізгелі отырған «Әкем, анам және мен» атты спорттық
сайысымызға қош келдіңіздер! Халық арасында салауатты өмір салтын
насихаттау, оқушылардың ата – аналарын дене шынықтыру мен спортқа
үгіттеу, спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу
мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп
жариялаймыз.
Отбасылардың бірге орындайтын
спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді
екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 7
отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ бірнеше
кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір
ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына сәт
сапар тілейміз!
Жарысқа қатысатындарды
шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен
атырамыз.
Өнерді ой көгінде
бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді
ортаға,
Үлгілі де өнегелі, жылдам да
шапшаң,
Отбасыларымызды
шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп
тұрады)
1.«Арыстан» тобы,
Әлімбековтар
отбасы
(Мадият)
2.«Сұңқар» тобы,
Қызылжановтар
отбасы
(Әділжан,
Аяжан)
3.«Жас
қыран» тобы,
Искаковтар
отбасы
(Жастілек)
4«Тұлпар» тобы,
Егіниязовтар
отбасы
(Аружан)
5.«Барыс» тобы,
Жакыпбаевтар
отбасы
(Расул)
6.«Достық» тобы,
Әміровтар
отбасы
(Жанайым)
7. «Барыс» тобы, Сарсенбаевтар
отбасы (Амина)
Ал, құрметті
халайық!
Жарысты енді
көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға
беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап,
төрелік айтар әділқазылар алқасымен таныстырып
өтейік.
1.Мектебіміздің
директоры:
Нүсіпбаева Гүлайым
Омарқызы
2.Директордың орынбасары,
тәрбие ісінің меңгерушісі:
Иісова Қарлыға
Қажыкенқызы
3.
Ата-аналар:
Сайысымызды бастамас бұрын
денемізді қыздырып, жарысқа дайындаймыз. Барлығымыз қосылып би
билеймиз. Флэш моб.
Өте
жақсы!
Сайыстың бағдарламасы 6 бөлімнен
тұрады:
1-бөлім: «Менің отбасым».
Таныстыру
2-бөлім: «Доппен
секірмек»
3-бөлім:
«Эстафета»
4-бөлім: «Шығыршыққа допты
тигізу»
5-бөлім:
«Арба»
6-бөлім: «Айналмалы
такси»
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге
сәт — сапар!
Сайысқа қатысушыларға
көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды
бастаймыз.
І. «Менің
отбасым».
Таныстыру.
Өнер қуып отбасы өтер
дейміз,
Бір басына өнері жетер
дейміз.
Сайысқа келген топтар
кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер
дейміз.
ІІ. «Доппен
секірмек»
Шарты: Екі аяқтарының арасымен
допты қысып алып кедергілерді аралап құлатпай, мәреге жетуі
тиіс.
ІІІ.
«Эстафета»
Шарты: Әр топ қолдарына берілген
жалауды бір-біріне кезекпен беріп мәре сызығына
жету.
ІҮ. «Шығыршыққа допты
тигізу»
Шарты: Допты жерге тигізе отырып
кедергілерді аралап құлатпай, шелекке допты тигізу, шелектен допты
қайта алып мәреге жетуі
тиіс.
-
Сәт
сапар!
-
Жақсы! Керемет!
Ү.
«Арба»
Шарты: Әр отбасы мүшелері кезектесе кедергі арасымен
қолындағы бадминтон қалағымен кіші допты түсірмей, допты
соғып алып жүру.
ҮІ. «Айналмалы
такси»
Шарты: Әр топ өзінің қатысушыларын
кезекпен айналып келіп тіркеп алып кетеді де мәре сызығына
келеді.
III. Қорытынды
бөлім.
— Олай болса, құрметті сайысқа
қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді,
шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің
әділқазыларымыз барша бөлімнің қорытындысын есептеп шығарғанша,
сіздерге мектебіміздің 6 «А» сынып оқушы, Асқар Әлидің ән шашуын
ұсынамыз:
Таңданайық, спортқа
тамсанайық,
Бәріміз де қосылып, қол
соғайық.
Шабыттансын, көңілдерің
көтерілсін,
Сайыскерлерді мадақтап қол
соғайық! — дей келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп
жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін
сөзді әділқазылар алқасына
береміз.
Жеңімпаздарды
марапаттау, әр отбасына номинациялар
беру
(Әділқазылардың
сөзі)
1.«Тәрбиелі»
отбасы________________________________________________
2. «Қайратты»
отбасы_______________________________________________
3. «Талантты»
отбасы_______________________________________________
4. «Өнегелі»
отбасы_________________________________________________
5. «Жүйрік»
отбасы_________________________________________________
6. «Алғыр»
отбасы__________________________________________________
7. «Өнерлі»
отбасы__________________________________________________
марапаттап, сыйлықтар
табыстайды.
Демеңіздер, біз өнерді аяп
қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп
қалды.
Сау болып тұрыңыздар,
кездескенше,
Осымен спорттық сайысымыз
аяқталды.
Бүгін алтын уақыттарыңызды
қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға
алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта,
амандықта жүздескенше!!! Сау
болыңыздар!