400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әкеме арналған галстук"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға ҰОҚ -ң техкартасын жоспарлай алу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары



Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.

Бөлімі: Аппликация.

Тақырыбы: «Әкеме арналған гластук».

Мақсаты: қағазды бүктеу әдісі арқылы бұйым шығаруға үйрету.

Міндеттері:

отбасы туралы білімдерін кеңейту; балаларды бүктеу арқылы жұмыс істеуге үйрету; қағазды бүктеу арқылы бұйым жасауға болатындығын түсіндіру. Сөздік қорларын дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: еліктеу әдісін қайталау.

түсінеді: отбасылық құндылықтар мен мерекелер;

қолданады: мерекелер мен сыйлықтар.

Көрнекіліктер: ит пен мысықтың түрлі тұқымының суреттері, түрлі түсті қағаздан жапсырмалар, қайшы, сулық, желім, үлестірмелі материалдар, қиылып алынған ит пен мысықтың жапсырмалары.

Адын ала орындалатын жұмыс: отбасы туралы әңгімелесу. Отбасылық суреттерін көрсету.

Сөздік жұмыс: мереке, сыйлық, тосын сый

Билингвалді компонент: галустук - галустук -

ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тақтаға отбасының суреттерін ілу.

Амандасу:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Здраствуйте, дети!

-Good morning, shildrens!

Шаттық шеңбері:

Балаларды шеңберге тұрғызып, Бір-біріне жақсы сөздер айтқыздырту. Мысалы; анаңның ақылдысы бол! Әкеңе көмекші бол! Ата-анаңның үмітін ақта! т.б.

Тәрбиеші:

Жұмбақ:


Жұмбақтың жауабы: әке

  1. Негізгі кезең:

Суретпен жұмыс: отбасы мүшелерін атап, олар туралы сипаттама береді.

Педагог:

-Балалар, қане, суретке назар аударайықшы. Бүгін сендермен отбасы жайлы әңгімелескім келіп отыр. Бұл тақырыпты сендермен біз өткен болатынбыз. Бүгін сол тақырыпты кеңінен талқылап, мерекелер туралы да толықтырғым келіп тұр.

-Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді?

Отбасылық мерекелер туралы айтып беру:

-Балалар, біз қандай мерекелерді қарсы алдық. (Балалардың жауабы).

-Біз көктем мезгілінде қандай мерекелерді өткіздік? (балалардың жауабы). Аналар мерекесі, Наурыз мерекесі, сонымен қатар, Бірінші мамыр-Ынтымақтастық күні. Енді алда, Отан қорғаушылар –Жас ұландар мен Жеңіс күні келе жатыр. Бұл мерекелерді біз отбасымызбен қарсы аламыз. Себебі, әрбір отбасы мерекені қарсы алу арқылы өз отбасылық құндылықтарды қалыптастырады.

-Мерекені отбасымен қарсы алу арқылы отбасы бір – біріне сыйлықтар береді. Тосын сыйлар ұйымдастырады.

Сөздік жұмыс: мереке-праздник, сыйлық-подарок, тосын сый-сюрприз.

Тәрбиеші:

-Біз бүгін сендермен әкелер мен ағаларға арналған сыйлық жасаймыз.

Ғажайып сәт.

Сайқымазақ шармен кіреді.

– Балалар, бізге Сайқымазақ келді. Қане, амандасайық.

Балаларды амандастыру (амандасуға үйрету).

Сайқымазақ:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің отбасыларыңды жақсы көретіндеріңді білемін. Мен де өз отбасымды жақсы көремін. Отбасылық мерекелерді де жақсы көремін. Сендер әкелеріңе арнап, сыйлық жасайтындарыңды естіп, сендерге көмекке келдім.

Тәрбиеші:

-Иә, Сайқымазақ, біз әкелерімізге қандай сыйлық жасайтынымызды білмей отырмыз. Бідің балалар өз қолдарымен әкелеріне сыйлық жасамақшы.

Сайқымазақ:

-Мен сол үшін өзіммен бірге сиқырлы қалпағымды ала келдім. Қазір ішінен не шығатынын көрейік.

Галстук алып шығарып, балаларға таныстыру.

Билингвалді компонент: галстук-галстук-

Үлестірмелі материалға назарларын аударту, жұмыстың орындалу ретін түсіндіру.

– Балалар біз әкемізге арнап түрлі түсті қағаздан не жасаймыз?

– Галстуктың жалпы атауы?

Балаларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырады:

1. Жұмыс істегенде тек өз үстеліңде отыру керек.

2. Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.

3. Қолыңдағы қайшымен жүгіруге болмайды.

4. Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды.

5. Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып қою керек.

6. Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын тазалап, жинастыру қажет.

Қауіпсіздік ережелерімен танысады, қайшымен қалай жұмыс жасау керектігін тыңдайды, жұмысқа кіріседі.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті. Қимылдарды еліктеу арқылы орындату.


Тақпақ:


  1. Рефлексия:

Көрме ұйымдастыру.

-Ал, балалар, Сайқымазақпен де қоштасатын уақыт болды.

Сайқымазақ:

-Балалар, сендермен бірге уақыт өткізгенімен қуаныштымын.

Тәрбиеші:

-Балалар, қане, Сайқымазаққа рахмет айтайық.

Қоштастыру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
628
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі