Тақырып бойынша 19 материал табылды

Әкемен бала әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әңгіме ойынды ұмытпа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Қатысушының аты-жөні:

Қатысушының нөмірі:

Тобы:Ересек топ

Баланың жасы:

Тақырыбы:«Әжемнің ертегілері»

Мақсаты:
Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ертегі мен әңгіме мазмұнын түсініп тыңдауға үйрету, үлкендерді құрметтеу және еңбекқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Міндеті:

Коммуникативтік дағдыларды дамыту: балалардың түрлі әрекеттерінеде кітапқа қызығушылыққа баулу. Тыңдалған шығарманың мазмұны дұрыс қабылдауға, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, ондағы әрекеттердің дамуын қадағалау, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды шешу арқылы сөздік қорын байыту. (көркем әдебиет)

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру: қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері туралы түсініктерді кеңейту. Отбасындағы үлкендерді сыйлауға, құрмет көрсетуге, өзінің жақындарына мақтаныш сезімін білдіруді жетілдіру. тәрбиеленушілердің еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу. (қоршаған әлеммен таныстыру)

Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сөздік, ойын әдіс, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру.

Қажетті ресурстар: кітаптар (ертегілер, мақал-мәтелдер жинағы), ілмек театры (арыстан, тышқан кейіпкерлері) ,3D кітапша, Сюжет бойынша суреттер, қорапша

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз сіздермен бірге ерекше саяхатқа шығамыз. Ал, қайда баратынымызды білу үшін жұмбақты шешу қажет. Дайын болсақ, жұмбақты мұқият тыңдайық:

«Беті бар — сөйлемейді,

Тілі бар — үндемейді,

Ішінде сыр жатады,

Ашсаң — бәрін айтады» (кітап)

Бұл не, балалар? (балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар, бұл кітап! Бүгін біз кітаптар әлеміне барамыз. Кітап әлеміне тез жету үшін сиқырлы сөзді бірге айтайық:

«Сиқырлы кітап, сыр ашшы,
Бізді ертегі еліне алып баршы!»
(балалар тәрбиешімен бірге кітап бұрышына барады)

Тәрбиеші: Балалар, бұл – біздің кітап бұрышымыз. Кітап – біздің досымыз. Кітап бұрышы – шағын кітапхана сияқты. Ал кітапханада өзімізді қалай ұстауымыз керек? Қане, ережелерді бірге еске түсірейік. (Балалармен бірге ережелерді талқылау)

Кітаптың беттерін жыртпаймыз

Кітапқа сурет салмаймыз

Кітапты ұқыпты, асықпай парақтаймыз

Кітапты таза қолмен ұстаймыз

Оқығаннан кейін кітапты орнына қоямыз

Кітап қарап отырған досымызға кедергі жасамаймыз

Кітап бұрышында тыныш сөйлейміз

Кітапты бүктемейміз, лақтырмаймыз

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, мына кітапшаны көріңдер. Бұл — мақал-мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар жинағы. Біздің әжелеріміз бен аталарымыз ертеден қалдырған даналық сөздер осында жиналған. Мақал-мәтелдер — қысқа да мағыналы сөздер. Олар бізге өмірде қалай дұрыс әрекет ету керектігін үйретеді. Мысалы, тыңдап көріңдерші: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Бұл нені білдіреді? (балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Дұрыс, егер адам еңбектенсе, өз еңбегімен бәріне жетеді деген мағынада айтылған. Ал мақал-мәтелдер бізді қандай жақсы қасиеттерге үйретеді? (балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, мақал-мәтелдер бізді еңбекқорлыққа, адалдыққа, достыққа тәрбиелейді. Ал жұмбақтар ойлануға, қиялымызды дамытуға көмектеседі.

Тәрбиеші: Бұл — ілмек театры! Мұнда «Арыстан мен тышқан» ертегісінің кейіпкерлері бар. (Арыстан мен тышқан қуыршақтарын көрсетеді)

Арыстан — орманның патшасы, үлкен әрі күшті. Ал тышқан — кішкентай, бірақ ақылды. Қане, осы ертегіде не болғанын еске түсірейікші?(балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Кішкентай тышқан үлкен арыстанға қалай көмектесті?

(балалардың жауабы)

Бұл ертегі бізге нені үйретеді? (балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бұл ертегі бізге: «Кішкентай болсаң да, пайдалы бола аласың» дегенді үйретеді.

Тәрбиеші: Балалар, мына үлкен кітапқа қараңдаршы. Бұл – ертегілер кітабы.

Қандай ертегілерді білесіңдер? (балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Жақсы. Ал енді ойланып көрейікші, неге оларды ертегі деп атаймыз?

Тәрбиеші: Ертегілерде сиқыр болады, жануарлар сөйлейді, түрлі ғажайып оқиғалар кездеседі. Бұл – «Үйшік» ертегісі. «Үйшік» ертегісінде кішкентай үйшікке әртүрлі жануарлар келіп, бірге тұрады: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю. Олар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүреді, бір-біріне көмектеседі. Бірақ соңында аю абайсызда үйшікті бұзып алады. Содан кейін бәрі бірігіп, үлкен әрі кең үй салады. Балалар, бұл ертегі бізге нені үйретеді? (балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бұл ертегі бізді достыққа, бірлікке тәрбиелейді. Бір-бірімізге көмектесуге, бірге еңбек етуге үйретеді. Ал мына сиқырлы 3D кітапшада тәрбиелік әңгімелер жинақталған. Бүгін мен сендерге Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін оқып беремін. Ендеше, зер салып, мені тыңдаңдар!

Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала әкесіне: Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты: Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.

Тәрбиешісі:

Қалай балалар әңгіме сіздерге ұнадыма?

Әке жолда нені көрді?

Бала тағаны алды ма? Неліктен алмады?

Әке тағаны кімге сатты?

Әке үш тиынға не сатып алды?

Бала жерден нені алып жеді?

Әке баласына қандай ақыл айтты?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Бұл әңгіме бізге еріншек болмауды, үлкеннің сөзін тыңдауды және құрметтеуді үйретеді.

Ал сендер әкеңнің айтқанын тыңдайсыңдар ма?(балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Ендеше, қазір біз «Әкенің ізімен» атты қызықты ойын ойнаймыз.

Бұл ойында сендер жүрекше стикерлерді алып, жерге салынған ізбен жүріп өтесіңдер. Әр бала әке бейнесінің қасына келіп, жүрекше стикерді жапсырады. Стикер жапсыру кезінде әке туралы жақсы сөздерді айтып өтеміз. Сөздерді анық және дұрыс айтуымыз керек.

Мысалы: Әке – қамқоршы, Әке – мықты, Әке – батыл, Әке – ақылды, Әке – қорғаушы

Тәрбиеші: Қане, балалар, ойынға белсенді қатысайық!

Қимылды ойын: «Әкенің ізімен»

Міндеті:Адымдап жүру дағдыларын дамыту. Отбасындағы үлкендерді сыйлауға, құрмет көрсетуге, өзінің жақындарына мақтаныш сезімін білдіруді жетілдіру.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Әрдайым үлкендерді тыңдап, кітапты құрметтеп, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп жүрейік. Бүгінгі саяхаттан алған әсерлерің әрқашан жүректеріңде сақталсын!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12