Материалдар / «Әкем,шешем және мен,өнерліміз шетінен» ( Отбасылық сайыс)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Әкем,шешем және мен,өнерліміз шетінен» ( Отбасылық сайыс)

Материал туралы қысқаша түсінік
«Әке, шеше және мен, өнерліміз шетінен» Балалар әдемі киіммен «жақсы көрем» әуеніне билеп, залға екі қатарға бөлініп тұрады. 1-жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Босқа қарап тұрмаңыздар! «Отбасы» тойы басталса, Қызықтан тыс қалмаңыздар Армасыздар, ата-аналар, ұстаздар! 2- жүргізуші: Армасыздар! Болашақтың бастауы, Балғын шақты балалар! Болашақ үшін қиындыққа қол созған, Үміт күткен ел арманның қолдасын. Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан, Ізгі ниет жақсы өнеге тозбасын дегендей,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
721
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім басқармасы № 84 «Кәусар» балабақшасы.













«Әкем,шешем және мен,өнерліміз шетінен»


( Отбасылық сайыс)










Ән-күй жетекшісі: Жақыпбекова Г.Т.



















Астана- 2016 ж.

«Әке, шеше және мен, өнерліміз шетінен»

Балалар әдемі киіммен «жақсы көрем» әуеніне билеп, залға екі қатарға бөлініп тұрады.

1-жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

«Отбасы» тойы басталса,

Қызықтан тыс қалмаңыздар

Армасыздар, ата-аналар, ұстаздар!

2- жүргізуші:

Армасыздар! Болашақтың бастауы,

Балғын шақты балалар!

Болашақ үшін қиындыққа қол созған,

Үміт күткен ел арманның қолдасын.

Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан,

Ізгі ниет жақсы өнеге тозбасын дегендей,

Бүгінгі «Әкем, шешем және мен, өнерліміз шетінен» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

Ән: «Бала тілегі»

1-жүргізуші: Тілегіміз үмітіміз бір екен,

Отан дейтін бізге ортақ үй екен.

Танысайық ал қанекей қонақтар,

Білейікші кімдер бізге келди екен.

2- жүргізуші: Отбасылар қадамы құтты болып,

Мәртебесі биік болсын деп тілектестік

Білдіре отырып, отбасыларды ортаға шақырайық!

Балалар ата-аналарымен ортаға келеді.

1.«Ынтымағы жарасқан менің отбасым»

Ата-аналар өздерін таныстыру.

2. Әр отбасына парақшалар таратылады.

Ата-аналар сұрақтарға дайындалғанша кезекті тақпақтарға береміз.

Тимур: Айтады ертек жан атам,

Ақ сақалын салалап.

Жер мен көкті аралап

Ертегілер еліне,

Бір шегетін сапары.

Ардақтаймын өмірде,

Асқар таудай атамды.

Алуа: Маған ақыл беретін,

Әжем менің асыл жан.

Сипап жақсы көретін,

«Құлыным» деп басымнан.

Жақсылықты үйретіп,

Жамандықтан шектейді.

Ертегі айтып беретін,

Әжеге ешкім жетпейді.

Ата-аналар сұрақтарға жауап береді.

  1. Бесікті жатқа сатпайды неге?

Жауабы: Жанұяда адам саны өспей қалады деп бесікті жатқа сатпаған

  1. «Әке-алтын діңгек» деген мақалдың мағынасын ашып беріңіз

Жауабы: Әке шаңырақтың басшысы, балалардың әкесі, қорғаны, әулеттің тірегі, сондықтан әкені мәуелі алтын діңгекке теңейді.

  1. Шаңырақты отқа жақпайды неге?

Жауабы: Шаңырақ киелі, қара шаңырақты сыйлаған, әр қазақ қадірлеп, жоғарығы қойған.

  1. Балаңызды еркін тәрбиелеген дұрыспа, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыспа?

Сіз бала тәрбиесіне қандай қағидаларды ұстанасыз?


Жауабы: Баланы өте еркінге де жіберуге болмайды. Балаға сеніммен қарау керек.

Әр ата-ана сөзін тыңдатып, талап қоя білуі керек.

  1. Баланы өзіне сендіру әдісімен тәрбиелеген дұрыс, осы әдісті сіз қалай түсінер едіңіз?

Жауабы: Баланың бойына кішкене кезіне бұл сенің қолыңнан келеді деп сенім ұялату керек.

  1. «Тұсау кесу» жырынан үзінді айтып беріңіз?

Жауабы: Қаз, қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам,

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін,

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды қарайық.

  1. Баланың тәрбиесін қадағалайтын мейірімді жан?

Жауабы: Ана

  1. Бесік жырынан үзінді айтып беріңіз.

Жауабы: Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем,

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құйрығын,

Жіпке тағып берейін.

1-жүргізуші:

Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді,

Сіздерге арнап балалар,

«Спорт» биін билейді.

Би: «Спорт» би

2- жүргізуші: Мақал сөздің мәйегі деп бекер айтпаған екен, келесі кезекті мақал-мәтелге береміз.

  1. Мақал-мәтелдің басын бастаймыз, ата-ана жалғастырады.

Тәрбиеші:

1.Әке көрген оқ жанар (шеше көрген тон пішер)

2.Жақсыдан үйрен (жаманнан жирен)

3.Балапан ұядан ен көрсе (ұшқанда соны алады)

4. Қына тасқа бітеді (ақыл басқа бітеді)

5. Ата бәйтерек (бала жапырақ)

6. Атадан өсиет (анадан қасиет)

7. Атадан жақсы ұл туса, елдің қамын жейді

(Атадан жаман ұл туса, елдің малын жейді)

8.Жеті атасын білген ұл, жеті елдің қамын жер

(Өзін ғана білген ұл, құлағы мен жағын жер)

9.Ұл аспандағы жұлдыз (қыз жағадағы құндыз)

10.Ағасы бардың жағасы бардың (інісі бардың тынысы бар)

Тәрбиеші: Ана деген кім?

Ж. Дархан:

Ана деген кім десе, алаулаған таңдар ем,

Қанша тәтті болсада, анам үшін жан берем,

Ана-деген мәңгілік, шырқалатын ән дер ем.

К.Зарема:

Ана деген кім десе, шуақ сепкен күндер ем,

Сәби үшін ұйықтамай, арпалысқан түнменен

Анам үні өмірде, ең мейірімді үн дер ем.

Димаш:

Маған қымбат адам жоқ бір анадан,

Бар жақсылық аналардан таралған,

Жер бетіне өмір нәрін себуші,

Аналарға борышты ғой бар адам.


Бала тілі бал

1.Үлкен адамдармен қалай амандасуға болады?

2.Отбасы мүшелерін ата.

3.Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

4.Қандай тағамды жақсы көресің?

1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй

Ән: «Гүлжазира Қазақстан» орындаған Нұрдаулет

Ата-ана қағазда қандай сөз жазылғанын іс-қимыл әрекетімен көрсету.

Қай істеде өнер қолдан,

Өнерлі адам жеңер болған.

Қыздар аналарымен салат жасайды, ұлдар әкесімен қамшы өреді.


1-жүргізуші:

Қош демейміз әлі талай қызықтар бар,

Өнерлерін шыңдай берсін қалыспаңдар

Көрерменім көбейсін күннен күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштанда.


2-жүргізуші:

Ұстазым менің, достарым менің.

Бәріңде аман болыңдар

«Әке, шеше және мен, өнерліміз шетінен»

Атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!