400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

«Әкем,шешем және мен»(топтар сайысы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі педагогтарға.Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Түрксіб ауданы КМҚК № 147 бөбекжай – балабақша әдіскері: Шаханова Назерке Мейрбекқызы


«Әкем,шешем және мен»(топтар сайысы)
Мақсаты:
а) Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
ә) Күш-қуат пен секірігіштікті дамыту.
б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгінгі «Әкем,анам және мен» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер.

Егеменді еліміздің ертеңі, денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың ата – аналарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балалармен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған, балабақша тәрбиеленушілері мен ата-аналарының қатысуымен «Әкем,анам және мен» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ал құрметті халайық

Жарысты енді көріңіздер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздер!

Сайысымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

1. КМҚК № 147 б/б меңгерушісі: Бейсебекова Г.Ж.

2. КМҚК № 147 б/б медбикесі: Сапарбаева Э.Н.

3. «Құлыншақ» тобының ата-анасы: Тойманбетов М.Ә.

4. Дене жаттықтырушы: Жасибаева А.А.

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,

Отбасыларымызды шақырамыз.


«Жас Қанат»тобын ортаға шақырамыз

Ұраны: «Бәріміз біріміз үшін»

«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз.

Ұраны: «Сұңқар тобы мықты

Бәрін жеңіп шықты»

«Барыс» тобын ортаға шақырамыз.

Ұраны: «Біз шымыр сергек денеміз,

Өнер сүйер өренбіз»


Олай болса, сайыстың турларымен таныстырып өтейік:

1.«Қаппен секіру»

2.«Жүргек пойыз»

3.«Егіп,жинау»

4.«Аяқ допшы, футболшы»

5.«Мен бірінші» - ракеткамен

6.«Эстафета»


Жүргізуші:

Өнерсіздік зор айып,
Ән мен күйге басайық.
Арасында тағы бір,
Ән мен шашу шашайық.

МДТ бүлдіршіні Нұрдәулетті
«Қазағымның қасиетті ақ үйі» әнімен ортаға шақырамыз.
Балалар бізге қонаққа спортшы Сайқымазақ келіпті.Олай болса ортамызға Сайқымазақты шақырайық.

(Сергіту сәтін музыка арқылы жасату.)

Жүргізуші:

Ал қадірлі халайық,
Зердемізді салайық
Белімізді буып алып,бекініп.
Күшімізді сынайық.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт – сапар! Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.


1. «Қаппен секіру» ойыны.
Ойынның шарты.
Бірінші қатысушының аяғында қап, ол қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді. Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады.

Әділ-қазылардан баға сұрау.


2. «Жүргек пойыз» ойыны

Ойынның шарты:

Бірінші әкелер сөреге дейін жүгіріп айналып келеді,екінші анасымен,үшінші балаларымен жеке – жеке мәреден айналып келу керек.Пойыз вагондары үзілмеу керек.


Әділ-қазылардан баға сұрау

3. «Егіп,жинау» ойыны.
Ойынның шарты.

Қатысушылардың алдында үш себет қатар қойылған, топ басының қолында көкөніс салынған себет. Сол топтағы сайыскерлер көкөністерді жолда егіп, келесі қатысушы жинап қайтуы керек. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез жинап шықса, сол отбасы жеңген болып есептеледі.


Әділ-қазылардан баға сұрау


4. «Аяқ допшы, футболшы» ойыны

Ойынның шарты: Кедергілерден өтіп, қақпаға допты дәлдеп соғу.


Әділ-қазылардан қатысушылардың допты қақпаға дәлденген санымен баға беруді сұраймыз.


Ән: «Аяқ допшы,футболшы» МДТ Азамат

5.«Біз бірінші» ойыны

Шарты: Әр отбасы мүшелері кезектесе кедергі арасымен қолындағы бадминтон қалағымен кіші допты түсірмей алып жүру..

Әділқазылар алқасы бағалап, ұпай сандарын жазып отырады.


6. «Эстафета» ойыны

Шарты: Екі аяқтың арасымен допты қысып алып,кедергілерді аралап құлатпай, мәреге жетуі тиіс.Мәреге жеткеннен кейін ыдысқа құйылған суды тауысып,ішу керек.

Әділқазылар алқасынан сұрау.


Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.-

Олай болса құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар сіздер бүгін өз күш – жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер.
Құрметті көрермендер «Әкем,анам және мен» атты спорттық сайысымыз өз мәресіне келіп жетті.Әділ-қазы алқалары қорытынды шығарғанша
Даярлық тобының қыздарын ортаға шақырамыз.

Би: МДТ «Көңілді күн»

Жүргізуші:


Таңданайық, спортқа тамсанайық,

Бәрімізде қосылып, қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!- дей келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік.Олай болса,Бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділ-қазы алқаларына береміз.
(Жеңімпаздарды марапаттау, грамоталар мен медальдар, сыйлықтар табыс етіледі.)



Жүргізуші:


Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,

Осымен «Әкем, анам және мен» спорттық сайысымыз аяқталды.

Бүгін алтын уақыттыарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта,амандықта жүздескенше.Сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
304
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі