400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіңе сен" (Ата-аналар мектебі жобасы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен әкелер арасындағы тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар


Тәрбие сағаты

Ата-аналар мектебі жобасы аясында: «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен»

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Ата-аналар мектебі жобасы аясында: «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен»

Сабақтың мақсаты:

Балаларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру. Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мүдде

Ресімдеу

Слайд,презентация,видео

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Таратпа қағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация, плакаттар

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (10 мин)


Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Психологиялық тренинг жүргізеді.

Оқушылардың қиындық туындаған жағдайда кімге сенім артып, көмек сұрайтынын анықтау.





презентация

Сабақ басы (20 мин)














«Ата –сая болар бағың болса, Әке-асқар тауың» дейді қазақта. Бір күн бар, жылытар күн, жұбатар күн, Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн. Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын.

«Әке» деген сезімді ұмытар кім,-дей отырып, сіздерге арналған «Әкеңнің төріне сенбе, еткенеңбегіне сен» тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.

«Әкенің отбасындағы рөлі қандай?»

І. «Әке – отбасының тірегі»- балалардың әкелері туралы ойы, тілегі, жыр шашулары

ІІ. Әкелер өздерін таныстырады.



Тренинг: «Мен үшін әке болу – бұл …» Мұғалім: Ойлайды әрқашан да бала қамын, Көремін аялаған алақанын. Әкемнен алған асыл қасиетті, Елімнің керегіне жаратамын. Балаларға «Сенің өміріндегі әкенің рөлі қандай?» деген сауал қойылды.

Ситуациялық сұрақтар

1. Сіздер балаға тек қана ата - ана емес, дос болуларыңыз керек. Бұл үшін не істеулеріңіз керек.

2. Сіздің көңіл - күйіңіз төмен болса, жанұяға, балаларыңызға әсері тие ме?

3. Сіз балаңыздың жаман қылығын білдіңіз. Сіз қалай қабылдайсыз?

4. Балаңыз далада ойнап жүріп, үйге жылап келді. Қасында ойнап жүрген баланың тасы тиіп кеткенін айтады. Сіз не істейсіз? Жүгіріп барып сөйлесесіз бе, әлде балаңызға түсіндіресіз бе?

5. Сіз бір жерге асығып бара жатырсыз. Балаңыз велосипедтің аяғы жарылып қалғанын айтып, жөндеп беруін өтінеді.

Әкенің отбасындағы рөлі туралы оқушылар мен ата-аналар ойларымен бөліседі.



Ең тамаша сөз бұл өмірде «Әке» деген, Суыққа бір шалдырмай мәпелеген. Өмірдің соқпағымен өрге тартып, Алдымен адам бол деп жетелеген. Тағдырдың кеуде тосып жартасына, Біз үшін түскен майдан ортасына. Алаңсыз сауық-сайран, құрып жүрміз, Біз бүгін әкелердің арқасында. Әкем менің асқар тауым, тірегім, Бәрінен де сен қымбатсың білемін. Қанат қағып кетсем алыс қияға, Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім. Қамқорсың әке өмірде, Қуатым сенсің көңілге. Әлпештеп мені өсірдің, Ұшармын ертең көгіңде.

Көкке өрмелеп көңілің, Нұрға толсын өмірің. Бақытты бол, жан әке, Ұзақ болсын ғұмырың.




Таратпа қағаз, плакаттар

Соңы










Қорытынды. Баланы тәрбиелеуде отбасының екі тірегі әке мен ана басты тәрбиешілер. Баланы жастан бақпасан Жамандықтан қақпасаң, Қадірден жұрдай қасқа боп, Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей баланың ыстық - суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата - ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата - ана. Сондықтан ата - ананың үлкен мақсаты - өз баласын үлкен әріптен жазылатын Азамат етіп тәрбиелеу. Сіздің балаңыз – еліміздің ертеңгі болашағы.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

микрофон





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
294
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі