Материалдар / «Әкенің орны бөлек »
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Әкенің орны бөлек »

Материал туралы қысқаша түсінік
Көңіл қүйді көтеру,жақсы қарым-қатынас орнату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2023
297
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебі

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















Shape1 Shape2

Shape3

ТРЕНИНГ











Тақырыбы: «Әкенің орны бөлек»

Дайындаған: педагог-психолог Г.Амрханова

























Тренинг тақырыбы: «Әкенің орны бөлек »

Мақсаты: Көңіл қүйді көтеру,жақсы қарым-қатынас орнату.

Мерзімі:

Тренинг барысы: 

Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Балалық шаққа саяхат (релаксация)

3. Топтық жұмыс «Кім жылдам?» жаттығуы

4.  «Дүкенде»жаттығуы

5. Рефлексия


Тренинг барысы:

Психолог: Сәлеметсіздер ме, әкелер!Бүгінгі «Көңілді уақыт» атты тренингімізге қош келдіңіздер!Бүгін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге,баламен жақсы қарым-қатынас орнатуға шақырамыз. Уақыт-біздің өміріміз. Уақыт пен өмір арасындағы байланыс күн мен оның сәулесі,ағаш пен жемісі, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз.

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды бұл өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға!-деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай, уақыт бұл-адамзаттың баға жетпес байлығы.


Топтағы қағида:

*Белсенділік таныту.

*Бірігіп жұмыс істеу

*Бір-біріне кедергі келтірмеу

*Өз ойларыңызды ашық айту

*Өзін еркін ұстауға үйрену


«Сәлемдесу» жаттығуы. (3 мин)

Психолог: Ертеде бір мемлекетте 3 ұлт өмір сүріпті. Еврапалықтар жапондықтар және африкандықтар. Европалықтар қол беріп амандасу арқылы көріседі екен,ал, жапондықтар екі алақанды біріктіріп басты төмен иеді, африкандықтар алақанмен ауызды жауып уууу деп амандасады екен.

Қатысушылар үш топқа бөлінеді. Европалықтар,жапондықтар және африкандықтар болып. Өз ұлтына сай сәлемдесуді бастайды


«Балалық шаққа саяхат» (релаксация) 5 мин

Мақсаты: Босаңсу, зейін аударуды үйрену.

Баяу әуен қосылады.

Психолог: ыңғайлы отырыңыз.Аяғыңызды тіректі жақсы сезетіндей етіп еденге қойыңыз,арқаңыз орындыққа тиіп тұрсын. Көзіңізді жұмып,өзіңіздің деміңізді тыңдаңыз. Қолыңыз босаңсыған күйде. Аяқ-қолдарыңыз салмақты.

Қобалжу азайып, сіздің барлық денеңіз демалыста,сіз бөгде дыбыстарды естуіңіз мүмкін,бірақ олар сіздің мазаңызды алмайды. Уақыт ағымы сіздің балалық шағыңызға кетіп барады. Көктемнің жылы күнін елестетіңіз. Сіздің жасыңыз жетілер шамасында. Сіз көше бойымен жүріп келесіз. Кенет алдыңыздан достарыңыз шықты. Сізге күлімсірей қарап, ойын ойнайық деп шақырды. Барлығыңыз бірге қосылып ойын ойнауға кірістіңіздер. Жаныңызда отырған достарыңыздың жүзінде қуаныш, күлкі және ең бақытты сезімді бастан кешіріп тұрған сәттер. Достарыңыздың ортасында сіз де керемет күйде тұрсыз. Енді бөлмеге қайта оралатын уақыт таяп қалды. Сіз дайын болғанда қайта оралып көзіңізді ашыңыз.

Психолог: Балалық шаққа оралғанда қандай сезімде болдыңыз?

Балалық шақ несімен есіңізде қалды?


Дүкенде жаттығуы.5 мин

Мақсаты:Ептілік пен шеберлікті дамыту.

Ортаға төрт адам шығады. Интерактивті тақтада суреттер көрсетіледі.

Психолог:Сіз дүкенге келіп велосипед сатып алдыңыз. Оны айдап кетіп барасыз. Қатысушылар көрсету керек. Келе жатып балмұздақ жегіңіз келді.Дүкеннен балмұздақ алып, велосипед айдап бір қолмен балмұздақ жеп келесіз. Қатысушылар көрсетеді. Бір мезетте жаңбыр жауып,сіз қолшатыр сатып аласыз. Қолыңызда балмұздақ, қолшатыр және велосипед айдап келесіз. Үйіңізге жеткенде есік алдындағы әткеншекке отырып ұштыңыз. Қатысушалыр вербальді түрде психолог айтқан тапсырманы орындау керек. (Слайд көрсетіледі).

Жаттығу сізге ұнады ма?

Кедергілер болды ма?

Өмірде осындай ситуацияға бірден тап болғанда шешімін табуға бола ма?

 

Рефлексия


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!