400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Аккала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана тілі 1 сынып


Сабақтың тақырыбы: Аққала

Сабақтың мақсаты: А) Қыс сұлулығын, қысқы ойындардың пайдасын түсіндіре отырып достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру;

Ә) Сөз, сөйлем ұғымдарын қайталата отырып, әр сөйлем аяқталған соң кідіріс жасап, түсіне оқуға, мәтінде неше сөйлем бар екенін ажырата алуға, мағынасын түсініп оқуға үйрету;

Б) Сауатты түсіне оқып, жаза білу дағдыларын дамыту.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау» жобасы

Көрнекілігі: Аққаланың бөлшектері, «Қысқы ойын» мазмұнды суреті

Пәнаралық б/с: дүниетану


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Қызығушылықты ояту «Ой қозғау» стратегиясы

  • Оқушылар, қазір қандай жыл мезгілі?

  • Оның ерекшелігі неде?

  • Сендерге ұнай ма?

  • Несімен ұнайды?

  • Мен сендерге бәріміз бірігіп аққала жасауды ұсынғым келіп тұр. Аққаланы қалай жасайтын еді, ол қандай бөлшектерден тұрады? Ендеше осы бөлшектер мына жерде тұр. Әр тапсырманы дұрыс орындаған сайын бір бөлшегін орнатамыз. Сөйтіп бізде әдемі аққала шығу керек. Келістік пе? Олай болса іске сәт!


2. Мағынаны тану: «Бірінші бөлшек – астыңғы домалағы» -«Ассоциация» стр-сы

Shape2 Shape1

ҚShape4 Shape5 Shape7 Ы С


«Екінші бөлшек – ортаңғы домалағы»

3-жаттығу. Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыту.

  1. Әңгімеде неше сөйлем бар? (6 сөйлем)

  2. Бірінші сөйлем қанша сөзден құралған? (3 сөзден)

  3. Екінші сөйлемде кім туралы айтылған? (Айбол туралы айтылған). Соңғы сөйлемде не туралы айтылған? (Ойын қызықты болғаны туралы)


«Үшінші бөлшек - басы» Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз, ойша қолымызға қарды алып, дөңгелектеп көршілерімізбен қар белдесеміз. Қолымыз, киіміміз, аяқ киіміміз қар болып қалды, соны қағып орнымызға жайғасамыз.

«Төртінші бөлшек- екі көзі» - «Аққала» өлеңін мәнерлеп оқып, оқушыларға екі жолдан тізбектетіп оқытып, әңгімелету.

  • Бұл өлең13 жолды болғанымен неше сөйлем бар?

  • Әр сөйлем қандай тыныс белгісімен аяқталып тұр?

«Бесінші бөлшек – мұрны мен ауызы» - «Қысқы ойын» тақырыбында сынып болып әңгіме құрастыру. Қысқы ауа райы, балалар, қысқы ойындардың қызығы туралы қосымша әңгімелету.

«Алтыншы бөлшек – басындағы шелегі» - 3.Ой толғаныс «Бес жолды өлең стр-сы

  1. Не? Қыс

  2. Не істейді? Борайды, аяздатады.

  3. Қандай? Тамаша, қарлы, суық.

  4. Сөйлем құру: Биыл қыста қар көп. Т.с.с.

  5. Мағыналас сөз: жыл мезгілі


«Жетінші бөлшек – екі қолы» - әр оқушы бір бетке аққаланың суретін салып, көршісіне «Жаңа жыл құтты болсын!» деп жазып береді.


IV. Бағалау. Жақсы жауап беріп, тапсырмаларды сауатты орындап, сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларға бір қаршадан беріп отырам. 5-6 қарша жинаған оқушыға – «5», 4 қаршаға – «4», 3 қаршаға – «3» бағасы. Одан аз жинаған оқушылар қосымша тапсырмалармен келесі сабақта бағаланады.


V. Үйге тапсырма: 4- жаттығу, қысқы ойын түрлері туралы қосымша мәлімет жинап келу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі