Тақырыбы: «Акробатикалық
бидегі дене иілуін жетілдіру»
Сабақтың
мақсаты:
-
Акробатикалық жаттығуларды
меңгеру, оларды жетілдіру.
-
Тәжірибе жүзінде іске
асыру.
-
Қимылдарды топпен жасауға
үйрену.
-
Алға және артқа қарай ілеспе
жаттығуларды үйрену.
-
Көпір қимылын ыңғайлы орыннан
жасап үйрену
Білімділігі:
1.
Акробатика элементтерін әрі
қарай қайталау және жетілдіру.
2. Топпен
2-3 Алға және артқа қарай ілеспе
жаттығулардың тиімділігін
анықтау.
Дамытушылық:
1. Дененің дұрыс тұрақтылығын
қалыптастыру
2. Күштің, икемділіктің,
ептіліктің дамуын қадағалау.
3. Жүйелі түрде акробатикалық
жаттығуларға қызығушылық таныту
Тәрбиелік:
1. Ұжымдық әрекеттерді орындау
кезіндегі дәлдік, шеберлік
қабілеті.
2. Өзара көмек пен қолдау
сезімін қалыптастыру, бір-біріне
төзімділік.
Сабақтың
типі: Жаңа білімді
меңгерту.
Сабақтың
түрі: Оқыту-
жаттығу
Сабақтың
көрнекілігі: Ноутбог, дайындалған слайдтар,
магнитофон, матрас.
Пәнаралық байланыс
: Дене тәрбиесі, акробатика
,гимнастика пәндері.
Қолданылатын әдебиеттер:
Коркин В.П.
«Акробатика». – М.:
Книга И.А.
Шипилина «Хореография в
спорте» :
Книга А.И.
Рябчиков и Ж.Е. Фирилева
«Словарь терминов гимнастики и основ
хореографии»
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
2. Үй тапсырмасын
тексеру
3. Жаңа сабақты
түсіндіру
4.
Қорытынды
5. Үйге
тапсырма
6.
Бағалау
І. Сабақтың
барысы:
Сәлеметсіздер ме, Ұстаздар мен оқушылар
бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
«Акробатикалық бидегі дене
иілуін жетілдіру».
Акробатика (лат. akrobateō – аяқтың ұшымен жүремін,
өрмелеймін) –
күш жұмсай орындалатын дене
жаттығуларының бір түрі;
цирк өнерінің жанры
(акробатикалық күш жұмсау, секіру арқылы
орындалады);
спорт түрі
(спортық
гимнастика) Акробатика біздің
заманымыздан бұрын шамамен 2300 жылы Ежелгі Мысырда, Грекияда, тағы
басқа елдерде пайда болды. Акробатикалық жаттығулар алғаш
қалалардың ашық алаңдарында, базарларында орындалды. Бертін келе
цирк аренасына көшіп, жаттығулары күрделене бастады. Акробатика –
қазір спорттың кең тараған бір
түрі. Қазақстанда спорттық
акробатика 1933 жылдан тарай бастады
және одан тұңғыш чемпионат 1949 жылы
өткізілді.
Осы акробатикалық жатығуларды
біз бүгінгі сабағымызда үйреніп
жетілдіреміз.
Сабағымызды бастау үшін ортаға оқушыларымды
шақырайық.
Оқушылар (сәлеметсізбе?) сабағымызды
әдеттегідей бой қыздыру жаттығуымен бастаймыз. (Музыка қосылады
оқушылар разминка биімен ортаға шығып бой қыздыру жаттығуларын
орындайды.)
Бәрілерің би билегенді жақсы көресіңдер, ал
би билеу үшін ең қажеттісі
не?
Әрине, музыка. Демек, музыка мен би тығыз
байланысты. Әрқайсымыз сүйікті әуенді естіген кезде, сол әуенге
келтіріп ойша әртүрлі қимыл-қозғалыстарды ойластырамыз . Сол
қимыл-қозғалыстарды келтіру үшін біз бидің терминдерін жақсы
білуіміз керек. Қазір мен сендерге сұрақ қою арқылы өткен
сабақтарды еске
түсіреміз.
ІІ. Үйге тапсырманы
тексеру.
-
жаурынға тұру; Аяғын жоғары көтеріп,
шынтақпен жерге тіреліп,белді
тіреу
-
қарлығаш бейнесі жасау; Екі қол жанда оң
аяқты,артқа көтеріп 4-5’’ тұруы
тиіс
-
көпірге тұру: Артқа шалқая отырып қолымен
белді тіреу арқылы, жайлап
құлайды
Сұрақтарға жауап беріп болсақ
өткен сабақта өткен акробатикалық қимыл қозғалыстарын да еске
түсірейік:
Оқушылар ортада үйренген
қимылдарды орындайды.
Жаурынға тұру; Аяғын жоғары көтеріп,
шынтақпен жерге тіреліп,белді
тіреу

Қарлығаш бейнесі жасау; Екі қол жанда оң
аяқты,артқа көтеріп 4-5’’ тұруы
тиіс
Көпірге тұру: Артқа шалқая отырып қолымен
белді тіреу арқылы, жайлап
құлайды
ІІІ. Жаңа сабақ
түсіндіру:
Оқушылар біз өтіп жатқан
акробатикалық би өте ширақ және өте ептілікті талап ететін көңілді
билердің бірі.
Биімізді одан әрі күрделендіру
үшін және акробатикалық жаттығуларымыздың қорын молайту үшін
бүгінгі жаңа сабағымызда жаңа қимылдар
үйренеміз:
-
Корзинка (Себетше иілу) Жерге
екпетімізден жатып екі қолымызбен жер тіреп кеудемізді артқа иеміз
. Ал, аяғымыз тізеден бүге отырып басымызға жеткенше
иеміз.

-
Колыбелька (Бесікше тербелу)
Ол үшін екпетімізден жатқан қалпымызда қолдарымызбен аяғымыздан
ұстап , басымызды артқа шалқайта отыра алға-артқа
теңселеміз.

-
Шпагат- аяқтарымыздв екі жанға
тікесінен созу ,немесе алға –артқа созу.


Оқушыларға жаттығуларды түсіндіру,көрсету
арқылы жаттығуға икемдеу.
Оқушылар әуелі жек –жеке орындайды , содан
соң топпен бірге орындайды.
Сергіту сәті : Видео ролик
ноутбогтан
ІV . Жаңа сабақты
қорытындылау мақсатында осы үйренген қимыл-
қозғалыстарымызды қоса отырып және әр бағытта схема бойынша би
қойылымын орындаймыз.




















V. Үйге
тапсырма: Акробатикалық би элементтері
мен биді толығымен жаттап келу.
VІ. Бағалау
:
Сабақты қорытынылау мақсатына
оқушылар сабақтың өту барысына өз бағаларын смайлик арқылы
береді
Күн- өте жақсы
өтті
Гүл- жақсы
өтті
Бұлт- нашар
өтті.
Ортаға жиналып сәлем ету
рахмет айту
Мұғалім оқушыларға смайлик
сыйлайды жақсы көңіл- күйді білдіретін.

: