400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу

Материал туралы қысқаша түсінік
Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу

Сабақтың мақсаты: Аксонометриялық проекциялардың айырмашылығын табу

Сабақтың түрі: Теориялық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, тетрадь.формат, сызғыш, қарындаш, циркуль

I.      Ұйымдастыру кезеңі: Саламатсыз ба, балалар. Бүгінгі сабақта кім жоқ?

II.   Үй тапсырмасын тексеру: Центрлік және параллель проекциялау. Тік бұрыштап проекциялау

III.           Жаңа сабақ

         «Аксонометрия» - грек сөзі, «осьтер бойынша өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Осы нәрселерді салғанда өлшемдерді x, y және  z  осьтері бойына өлшеп саламыз.

         Аксонометриялық проекцияларды салуға жаттығу – сызбаларды оқи білуді үйренуге және нәрсенің пішіні мен машиналардың тетіктері туралы кеңістіктік түсініктерді дамыта түсуге көмектеседі.

         Стандартпен сызбаларда пайдаланылатын аксонометриялық проекциялардың әр түрлі көріністерін тағайындайды.

         Проекциялаушы сәулелердің бағытына және нәрсенің сызықтық өлшемдерінің осьтер бойына өзгеріп түсуіне байланысты аксонометриялық проекцияларды тік бұрышты және қиғаш бұрышты проекциялар  деп екіге бөлінеді.

         «Диметрия» - грек сөзі, «екі өлшем» деген мағынаны білдіреді.  Егер текшенің жақтарын Р жазықтығына тең бұрыштармен көлбей орналастырсақ  және текшені координата осьтерімен  бірге жазықтыққа перпендикуляр сәулелермен проекцияласақ, онда тағы бір проекцияны аламыз. Ол тік бұрышты изометриялық проекция деп аталады. «Изометрия» - грек сөзі, «тең өлшемдер» деген мағынаны білдіреді.

         Фронталь диметриялық проекция мен изометриялық проекцияны жалпылама аксонометриялық проекция деген ортақ атаумен атайды.

         Изометриялық проекцияны салу кезінде  x, y, z осьтері бойына және оларға параллель етіп, тетіктің нақты өлшемдерін саламыз. Тор көзді қағазға y осінің 45 градус көлбеулігін сызу үшін осьті тор көздердің диагональдары бойымен жүргіземіз. x, y осьтерін 30 градус  бұрыш жасай жүргізу үшін 3 және 5 тор көз ұзындықтағы кесінділердің қатынасын орындау керек.

Бекіту сұрақтары:

1.     Аксонометриялық проекцияның қандай айырмашылықтары бар?

2.     Аксонометрияны салу кезінде осьтерді  қандай бұрыштар жасап орналастырады?

3.     Фронталь диметриялық проекцияда сызбаны орындау кезінде аксонометриялық осьтер бойымен қандай өлшемдерді салады?

Сабақ қортындылау: Өзіндік жұмыс. Балаларға баға қою. Сау болыңыз!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 маусым
713
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі