400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

АКТ қысқа мерзімді жоспар 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныпқа АКТ пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар 36 сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

3.1А Компьютер және программалар

Мектеп:



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар саны:



Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Компьютердің құрылғылары

Сабақтың мақсаттары

  • компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру

  • енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу

Бағалау критерийлері

  • компьютерге ақпаратты енгізу құрылғыларын атайды, олардың қызметін айтып береді;

  • ақпаратты шығару құрылғыларын және олардың қызметін атайды;


Тілдік мақсаттар

Оқушылар осы тақырыпқа байланысты терминалогияларды қолдана отырып компьютердің енгізу, шығару құрылғыларын атап олардың қызметін айтады.

Пәндік лексика және терминалогия:

  • енгізу құралы, шығару құралы, камера, монитор, пернетақта, жүйелік блок, тінтуір.

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Ақпаратты енгізу құрылғыларына жатады.

  • Ақпаратты шығару құрылғыларына жатады.

  • Пернетақта ... қажет, монитор .. қажет.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың компьютердің құрылғылары туралы түсінігі бар (монитор, пернетақта, тінтуір, жүйелік блок)

Жоспар


Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Оқушының әрекеті

Бағалау

Сабақтың басы

0-5


  1. Ұйымдастыру кезені

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын көзбен шолу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.


Оқушылар мұғалімге бір-бірден жақындап, кеспе қағазын алып, 3 топқа бөлінеді.

(Кеспе қағазында монитор, пернетақта, жүйелік блок бейнеленген болсын).

  1. Мақсатты тұжырымдау


Талқылау арқылы топ ережесін тақтаға жазып қою. (алдын ала плакатқа жазып қоюға да болады)

  1. Бір – бірін тыңдау

  2. Бірлесіп шешу

  3. Өзара көмек көрсету

  4. Ойды ашық айту

  5. Уақыт үнемдеу

  6. Тыныштық сақтау

Топтарға монитор, жүйелік блок, пернетақта бейнеленген парақша таратылып суреттердің атауын ақылдасу арқылы жазады. Оқушылар ақылдасу арқылы сабақтың тақырыбын табады. Алдарына мақсат қояды.




Оқушылар топқа бөлінеді


Сабақтың ортасы


6-37 мин


















  1. Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі «Зигзаг»

Әр топқа жаңа сабақ бойынша ақпарат жазылған парақша қағаздарын тарату керек. Оқушылар алдымен асықпай оқып танысып, содан кейін өз тобында ақылдасып, ойларын жинақтайды.

Оқушылар тақта алдына шығып оқып білгенін түсіндіреді.

Бекіту

«Сұрақ жауап» ойыны

Оқушыларға сұрақтар дайындап отыру тапсырылады. (егер оқушылар сұрақтар дайындамаған жағдайда, тақта алдындағы оқушылар қаншалықты оларды сынып тындағанын білу үшін сыныпқа сұрақ қояды).

Қалыптастырушы бағалау

«Өзіңді тексер».

Мәтінді оқып бос орынға қажетті сөз тіркестерін жазыңыз.

Дескрипторлар:

-жүйелік блокты атайды

-мониторды атайды

-пернетақтаны атайды

- тінтуірді атайды


Бағалау 

Сабақ соңында көп фишка жинаған оқушылар бағаланады. Сабаққа белсенді араласқан оқушылар мадақталынады, белсенділік танытпаған оқушылар болса ескерту беріледі. Оқушыларға саралау жұмысы ретінде (немесе үй жұмысы) «Компьютер құрылғысы» тақырыбына сөз жұмбақ құрастырып келуін ұсыныңыз.






































Сабақтың соңы

38-40 мин


Рефлексия.

«Бағдаршам» әдісі

Оқушыларға сары, қызыл, жасыл түсті жетон таратылады. Егер оқушы бәрін түсінген болса, –жасыл түсті жетонды көрсетеді, егер түсінбей қалған ақпараттар болса,- сары түсті көрсетеді, егер сабақ түсініксіз болса, – қызыл түсті көрсетеді.

Сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсету.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
09.08.2023
744
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі