400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Акварель кескіндеменің айна фактурасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды жансыз заттарды бейнелеуге машықтандыру, өзіне өзі сынай қарауға дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Акварель кескіндеменің айна фактурасы - 3 сағат.

Машықтық жұмыс: Айнаға қойылған бірнеше заттар тұратын

қарапайым натрморттың қысқа мерзімді этюды.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушыларды жансыз заттарды бейнелеуге

машықтандыру, өзіне өзі сынай қарауға

дағдыландыру.

2.Тәрбиелігі: Оқушылар бір бірінің пікірін құрметтейтін ортаны

қалыптастыру, тазалыққа, ұқыптылыққа,

сауатты сурет салуға тәрбиелеу.


3. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілетін

дамыту.


Сабақтың түрі: топтық

Сабақтың әдісі: а)теориялық

б)машықтық


Сабаққа қажетті құралдар А3 формат, карандаш, өшіргіш, акварель,

кисточка,палитра.

мен көрнекіліктер:

Сабақтың жоспары: І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Жаңа сабақ

а)теориялық

б)машықтық

ІҮ.Қорытындылау

Ү.Үйге тапсырма

ҮІ.Бағалау

VII.Сыныпты жинақтау.






Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.

Сыныпты жабдықтап, оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыны журналға белгілеп, құралдарын тексеру.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге тапсырманы тексеріп, қателерін ескертемін.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Акварель кескіндеменің айна фактурасы - 3 сағат.

а)теориялық:

Акварель бояуы өзінің аты айтып тұрғандай (француз тілінен аударғанда - су) «сулы бояу» яғни суда еритін бояу екендігін білуге болады.

Акварельмен бейнелеуді негізгі тәсілдер 4 ке бөлінеді. «алла прима» «қайталап жағу» «пуантилизм» «алла прима» тәсілі, акварельді жұқалап жағу, және өзге түспен үстінен қайталап жағу. «Пуантилизм» тәсілі (француз тілінде пуант – нүкте деп айтылады) яғни нүктелеп жазу. «Дымқыл жазу» бұл тәсілде алдын ала сурет салатын қағазымыз суланып алынады. Сонымен қатар аралас техникада жұмыс жасауға болады.

Акварель бояуының бір ерекшелігі оның құрамында бірнеше пайыз желім (көбіне шие желімі) грицелин, бал түсті ұнтақтар болады.

Ол бояуды қағазға жұқалап жаққанда мөлдірлік сақталу үшін қағаздың өз түсі көрініп тұрады. Ал бояудың қалың жағатын тұстарға, әлденеше бояу қабаты түсіріледі, бірақ мөлдірлікті сақтап қалың жағатын тұстарға, бірақ мөлдірлікті сақтап жазуға тырысу қажет. Акварель бояуы түстердің арасында кереғарлық болмауы шарт, сол себепті де бір-бірімен тығыз, жігін білдірмей жазылып, жұмсақ биазы рең беруі қажет.

Акварель бояуымен жұмыс істегенде есте болатын нәрсе – ол кепкен кезде аздап айқындалады. Акварель жұмыстарын күннің көзіне, ылғалды, дымқыл жерге қоюға болмайтындығын есте сақтаған жөн.

Акварель бояуы сумен араластырылатын болғандықтан оның суын жиі ауыстырып отырған абзал. Акварель бояуын араластыру үшін арнайы палитра – ақ фарфор тәрелке немесе керамикалық плита қолданылады.

Акварель бояуымен жұмыс жазу қашанда мөлдірлілігімен, ерекшеленіп, бояу өзінің қанықтылығымен, тазалығымен реңдік байланысты түс арқылы бере білу мүмкіндігін жүктейді. Акварель қылқаламмен жұмыс жасау жеңіл, өйткені түстердің біріншісінен екіншісіне ауысуы, жұмсақтығы осы бояу арқылы, қоршаған ортаны сезініп, қабылдап, талғамдықпен бейнелеп көрсете білуге ыңғайлылығымен адамның қызығушылығын арттырады.

Ғасырлар өткен сайын акварель бояуын қолдану кеңінен танылып, жаңа әдістер мен тың мүмкіндіктер ашылуда. Нұсқаудың көлемі акварельдің даму жолдарын анығырақ жазуға мүмкіндік бермейді.

Ертеде египеттер акварельмен парпусқа жазған. Орта ғасырларда акварельмен кітап суреттерін безендірді. Бұл әдіспен Қайта Өрлеу дәуіріндегі суретшілер көп шұғылданды.(Альбрехт Дрер және т.б.).

17 ғасырда акварель кең өріс ала бастады, әсіресе Голландия мен Фландрияда жақсы дамыды. Голландияда табиғат көрінісінің акварельмен жазу мүмкіндігі плэнер, яғни табиғат аясында да жұмыстар өте жақсы нәтижелер көрсетті. Акварель табиғат көрінісімен бірге портретте және тұрмыстық жанрда қолданылды. Таза және күрделі түс Якоб Иорданстың аралас әдісінде атап айтса, акварель, сангина және гуащьты қолданып жазғанда ерекше байқалды.

17 ғасырда акварель сәулет өнері сызбаларын, қала жоспарын, саябақтарды т.б. безендірулерді қолдана бастады. Францияда қайталанбас үлгілерді Гбер Робер көрсетті. Көркем өнердегі табиғат көріністерін Италя суретшілері акварель бояуымен шебер орындауға талпынды және қол жеткізді де.

б) машықты:.

Айнаға қойылған бірнеше заттар тұратын қарапайым натрморттың қысқа мерзімді этюды.

Натюрморт – француз тіліннен аударылғанда «қозғалыссыз табиғат немесе өлі табиғат» деген сөз. Адамды қоршаған ортаны бейнелейтін суретті натюрморт дейміз. Ондай заттар түрлі-түсті металдар, ыдыс-аяқ, гүлдер, жеміс-жидектер т.с.с. заттар.

Күн сайын коріп журген қарапайым бұйымдардан натюрморт құрап көрсек, біздің көз алдымызда ерекше жарастық тауып тоғысқанын көреміз.

Алдымызға қойылған натюрморт толық жан – жақты көріну үшін одан қашығырақ отырған жөн. Ара қашықтық бір жарым немесе екі метрден кем болмауы тиіс. Отырғанда да кез – келген жерге отырма салмай натюрморттың композициясы қызықты корінетіндей жерді таңдауы керек. Орынды белгілеп алған соң натюрморттың жан –жағына қарап, ондағы заттардың жалпы пішінін, тұтаскөлемін зерттеп көру қажет.

Сурет саларда алдымен кескінің қағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның белгілі бір жағында тым көп ашық орын қалмауы ойластырып алған орынды. Бұл үшін суреттің жоғарғы және төменгі, оң жағы мен сол жағындағы шекараларын белгілеп алу керек. Бірақ шеттерінен қағаз жиектеріне жеткізбей белгілі мөлшерде ашық орын қалдырған жөн. Өйткені қағаз жиегіне тақап салынған сурет онша әдемі болып көрінбейді.

Заттың пропорцияларын дұрыс беру – оның өзіне қарап сурет сала білудегі басты міндеттерінің бірі.

Заттар бақылаушыға неғұрлым жақын тұрса, жарық түсіп тұрған беті мен көлеңке арасындағы рең (контраст) соғұрылым кұңгірттеу болады. Сондықтан алдыңғы планда реңдер мейілінше ашық боладыда, екінші, үшінші, одан арғы планда рең азая береді.

Сонымен бақылаушыдан алыстаған сайын нәрсенің жарық түсіп тұрған жерлері біртіндеп күңгірттене береді. Ол күңгірт жерлері бұлдырлана түседі. Сурет салғанда нәрсенің көлемін барынша айқын етіп көрсетуге талаптану керек.

Суретте жарық пен көлеңке өң арқылы беріледі. Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру арқылы нәрсенің көлемін дәл беру, суреті салынып отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасы нәрсенің негізі пішіндерімен бір мезгілде белгіленген жөн. Мұның бәрін есте сақтап, сурет салғанда дұрыс пайдалана білу керек. Әр бір суретші адамды түрлі жағдайларда, бұрылыстарда, қимыл-қозғалыстарда бейнелей білуге тиіс.

Түспен жұмыс жасамас бұрын біз қойылған натюрмортымызда қандай түстер берілгенін көру арқылы бақылап, соған байланысты түспен жұмыс жасаймыз. Жұмыс жасағанда ең алдымен ең артағы планды көлеңке жерден жазып бастаймыз. Түстерді палитраға жарыққа қарай түстермен жазамыз.

Осылайша түстермен жұмыс жасай отырып ұсақ бөлшектерін, жарық, көлеңкелерін көрсетіп жұмысымызды аяқтаймыз.


IV.Қорытындылау

1. Акварель бояуын француз тілінен аударғанда қандай мағына береді?

2. Акварельмен бейнелеуді негізгі тәсілдері нешеге бөлінеді және оларды атап бер?

3. «Алла прима» «қайталап жағу» «пуантилизм» бір бірінен айырмашылығы қандай?

4. Акварель бояуының бір ерекшелігі неде?

5. Акварель бояуымен жұмыс істегенде не нәрсені есте сақтауымыз керек?

6.Қай ғасырдан бастап акварель кең өріс ала бастады?

7. Акварельмен бейнелеуді негізгі тәсілдер нешеге бөлінеді?



Ү.Үйге тапсырма беру.

Үйден А3 форматына 2-3 заттардан құралған натюрморт салып, акварельмен жазып келу.



ҮІ. Бағалау.

VII.Сыныпты жинақтау









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16.02.2019
987
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі