15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Акварель кескіндеменің айна фактурасы
Пәні: Кескіндеме
Күні: 6.12.2017ж
Уақыты: 8:50-11:15
Сағат саны: 3
Сыныбы: 3
Тобы: I
Оқушы саны: 14
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт жанрындағы шығармашылық құрылым- 3сағ
Машықтық жұмыс: Түсі мен пішіні 3-5 заттардың тақырыптық
натюрморт шығармашылық этюді.
1.Эскиздегі композициялық стиль.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға натюрморттың түрлерін таныстырып ,
әр түрлі тәсілдермен жұмыс жасап үйрету
1.Білімділігі: Оқушылардың кескіндеу пәнінен білімдерін жетілдіру,
натюрморт салып,түспен жұмыс жасауға үйрету
2.Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, шыдамдылыққа
инабаттылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін,ой-өрістерін дамыту,
арттыру.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақ әдісі: а) теориялық
б) машықтық
Сабаққа қажетті құралдар
мен көрнекіліктер: 35х45 ватман,карандаш,өшіргіш,кнопка,
акварель,палитра,көрнекі плакаттар,т.б.
Сабақтың жоспары: I Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
а)теориялық
б)машықтық
IV Қорытындылау
V Үйге тапсырма
VI Бағалау
VII Сыныпты жинақтау
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
Сыныпты жабдықтау, оқушыларды орындарына отырғызу,оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыны журналға белгілеу.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
3 заттан құралған натюрморт.(гуашьпен бояп келу)
Үйге берілген тапсырманы тексеріп , кемшілігін айтып, бағалаймын.
Үй тапсырмасна қосымша өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға
жауап берейік?
Бейнелеу өнерінің түрлерін ата ?(кескіндеме,графика,мүсін, сәулет,сәнді қолданбалы өнер, дизайн.)
Бейнелеу өнерінің жанрларын ата?(Натюрморт,пейзаж,портрет.т.б)
Натюрморт дегеніміз не?( жансыз заттарды бейнелеу)
Этюд дегеніміз не?( жобалап, тез орындалатын сурет)
Суретті ең алдымен неден бастайды?(компоновка, құрылым)
Гуашь дегеніміз не?(ең тығыз,қою жағылатын бояу)
Акварель дегеніміз не?( Суды көп қосып жағылатын мөлдір бояу)
Жылт дегеніміз не?( Жарықтың заттқа түсіп түрған ең ашық нүктесі)
Көлеңке нешеге бөлінеді?( Меншікті, түспе)
Сурет салудың негізгі құралы?(Карандаш)
III.Жаңа сабақ. Натюрморт жанрындағы шығармашылық құрылым- 3сағат
а)теориялық
Кескіндеме өнерінің натюрморт жанрына қарапайым екі, үш заттан немесе оданда көп күнделікті тұрмыста көріп жүрген заттардан, бұйымдардан құрылған натюрморт жатады.
Натюрморт – бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Бұл жанр алғаш рет XVII ғасырда Голландияда және Испанияда пайда болған. XVII ғасырда голланд тілінде бұл жанр «stillever» (қозғалмайтын табиғат немесе өлі табиғат ) термині XVIII ғасырда француз сөзінен алынған. Натюрморт тақырыптық, сәндік және оқу натюрморты болып бөлінеді.
Тақырыптық натюрморттардың композициясы қарапайым ,шынайы , яғни ол заттарды иесі жаңа ғана пайдаланып , белгілі бір уақытта ғана тастап кеткендей, ол заттар арқылы туындыдан тыс болып жатқан уақиғаны немесе сол заттардың иесінің мамандығын ғмінез құлқын , әлеуметтік жағдайын білуге болатындай әсер қалдырыды.
Ал сәндік натюрморттарда заттар әдемі пішініне , үйлесімді түстік шешіміне қарай әсем композиция құрайды.Онда суретші әдейі ойластырылып қойылған гүл шоқтарын , жеміс-жидектерді, ыдыс-аяқтарды тұрмыстық тұрғыдан бейнелеуді мақсат етеді.
Оқу натюрмортты орындау арқылы суретші әр түрлі кәсіби іскерлік дағдыларын , шеберлігін , өзіндік қолтаңбасын шыңдап қалыптастырады.
Оқу натрмортымен жұмыс істеудің ерекшелігі , оны әр түрлі бағытта , жарыққа қарсы немесе көз деңгейңнен төмен немесе жарықта , табиғат аясында орындауға болады.
Біздің бүгінгі негізгі тақырыбымыз натюрморт жанрынадғы шығармашылық құрылым,яғни натюрмортты стильдендіру.
Натюрмортты салудың жалпы түрлі тәсілдері бар: мыс: Пуантилизм, алла прима , стильдеу ,гризайль .т.б.
Гризайль- сүр түспен жазу деген мағына береді. Яғни қара түсті қою, сұйық немесе өте сұйық қылып заттардың қажет түстерін береміз.
«Пуантилизм» тәсілі (француз тілінде пуант – нүкте деп айтылады) яғни нүктелеп жазу.
Алла-прима тәсілі -орындау арқылы суретші әр түрлі кәсіби іскерлік дағдыларын , шеберлігін , өзіндік қолтаңбасын шыңдап қалыптастырады.
«Дымқыл жазу» бұл тәсілде алдын ала сурет салатын қағазымыз суланып алынады.
Стильдеу – шығармашылықта нәрсені әсіреңкілеп бейнелеу , оның пішіні ,түрін ,түсін өзгерту , бірақ сол нәрсенің түпкі болмысын сақтап қалу керек.
Жалпы стильдендіру монументті өнерде ,дизайнда, қолданбалы өнерде көптеп қолданылады. Затты стильдендіру - бұзу, ұсақ бөлшектерін жеңілдетіп , заттың негізін тауып жан беру.
Халқымызда стильдеу әдісін өте ерте заманнан қолданады, оған дәлел біздің ою- өрнегіміз.Өсімдік , жануар тектес , геометриялық ою-өрнектер осы стильдеу әдісі арқылы бейнеленген.
Натюрмортта біз заттаң көлеміне , заттаң пішініне және кеңістікпен қатынасына көп көңіл бөлеміз, ал натюрмортты стильдендіруде заттың көлемін , құрылымын , құрылысын өзгерте отырып оның үйлесімдігін табу. Түрі ,сипаты, сызықтары бір ойды білдіру керек.
Стильдеу кезінде заттардың формасы өзгеріп , кішірейтіп және үлкейтіп , композицияны біріктіріп ,пішінін қиындатуға, ұсақ бөлшектерін жеңілдетуге болады.Сонымен қатар бұрыштарын шығарып, сызық жүргізіп, түстерін өзгертіп отыруға болады, көбіне қою түстерден көрі ашық түстерді пайдаланады.
Стильдендірудің мақсаты қиялыңнан шығармашылық натюрмортты ойлап табу, ізденуі,өзгерту.
Бұл кезеңде түстерді пайдалана отырып көлеңке мен жарықтың арақатынасын, табиғи пішінін бейнелеуге көшеміз. Заттардың пішінін сомдауда түстің ролі өте үлкен. Солардың көмегімен жартылай жарық көлеңке денеден құлай түскен көлеңкенің айырмашылығын реттейміз.
Суретте жарық пен көлеңке өң арқылы беріледі. Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру арқылы нәрсенің көлемін дәл беру, суреті салынып отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасы нәрсенің негізі пішіндерімен бір мезгілде белгіленген жөн. Мұның бәрін есте сақтап, сурет салғанда дұрыс пайдалана білу керек. Әр бір суретші адамды түрлі жағдайларда, бұрылыстарда, қимыл-қозғалыстарда бейнелей білуге тиіс.
Мұның бәрін есте сақтап, сурет салғанда дұрыс пайдалана білу керек. Натюрмортты бояу арқылы заттың көлемін, пішінін, материалын, т.б. көрсетіп, жұмысымызды аяқтаймыз.
IV.Қорытындылау
Бүгінгі тақырып бәрімізге түсінікті болды ма?
Ендеше сабақты қорытындылап «Кім жылдам» ойынын ойнап сұрақтарға жауап берейік?
1.Натюрморт дегеніміз не ? (жансыз заттарды бейнелеу)
2.Натюрморт жанр кай кезде пайда болды?( XVII ғасырда Голландияда және Испанияда пайда болған).
3.Натюрморт нешеге бөлінеді? (Тақырыптық ,Сәндік, Оқу)
4.Тақырыптық натюрморт дегеніміз?( натюрморттардың композициясы қарапайым ,шынайы , яғни ол заттарды иесі жаңа ғана пайдаланып , белгілі бір уақытта ғана тастап кеткендей)
5.Сәндік натюрморт дегеніміз не?( заттар әдемі пішініне , үйлесімді түстік шешіміне қарай әсем композиция құрайды)
6.Оқу натюрмортты дегеніміз не?( орындау арқылы суретші әр түрлі кәсіби іскерлік дағдыларын , шеберлігін , өзіндік қолтаңбасын шыңдап қалыптастырады.)
7.Стильдеу дегеніміз не? (шығармашылықта нәрсені әсіреңкілеп бейнелеу , оның
пішіні ,түрін ,түсін өзгерту , бірақ сол нәрсенің түпкі болмысын сақтап қалу керек.)
8.Гризайль тәсілі дегеніміз не ?( сүр түспен жазу деген мағына береді. Яғни қара түсті
қою, сұйық немесе өте сұйық қылып заттардың қажет түстерін береміз. )
9.Пуантилизм тәсілі дегеніміз не?( француз тілінде пуант – нүкте деп айтылады) яғни
нүктелеп жазу)
10.Алла-прима тәсілі дегеніміз?(акварель бояуымен дымқыл кағазда жылдам орындалған шығарма )
V.Үйге тапсырма.
Үйден стильдеп 2-3 заттан натюрморт салып келу..
VI.Бағалау
VII.Сыныпты жинақтау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген