аквариумдағы балықтар

Тақырып бойынша 29 материал табылды

аквариумдағы балықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың шашыны қиғаш етіп екі үшбұрышқа кесу дағдыларын бекіту, үшбұрыштардан балықтың бейнесін өз бетінше құрастыру; судың қасиеттері туралы, балықтардың тіршілік ету ортасы туралы білімдерін бекіту; қайшымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру; өзбетінше жұмыс жасау барысында алдында алған білімдері мен дағдыларын қолдануға ынталандыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жапсыру: Аквариумдағы балықтар

Оқу қызметінің мақсаты

Балалардың шашыны қиғаш етіп екі үшбұрышқа кесу дағдыларын бекіту,

үшбұрыштардан балықтың бейнесін өз бетінше құрастыру; судың қасиеттері

туралы, балықтардың тіршілік ету ортасы туралы білімдерін бекіту; қайшымен

жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру; өзбетінше жұмыс жасау барысында алдында

алған білімдері мен дағдыларын қолдануға ынталандыру.

Сөздік жұмыс

Балалардың сөздік қорын аквариум балықтары, диагональ, мөлдір су, түссіз су

сөздері арқылы белсендіру.

Әдіс-тәсілдер

Көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрнекі, сергіту сәті.

Құрал-жабдықтар

1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР

Интербелсендіі тақта, тегенедегі су, аққан судың аудиожазбасы, сергіту сәтіне

қолданатын балықтар туралы көңілді ән, сумен тәжірибе алу үшін, темір зат,

ағаш, пластмассадан жасалған зат, қағаз; әр түрлі көлемдегі шаршы,

аквариумның суреті.

2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР

Желім, қылқалам, майлық, клеенка, қарындаш.

Оқу қызметінің барысы

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1.1. Жұмбақ жасыру.

Суда өседі, өнеді, Сыртқа шықса, өледі.

- Балалар бұл не ? (балық).

1

- Балықтар қайда өмір сүреді? (өзенде,көлде, мұхитта, аквариумда).

Жарайсыңдар! Балалардың назарын интербелсенді тақтаға аудару.

Аквариумдағы балықтардың бейнесін қарастыру.

1.2. - Балалар, балықтар онсыз өмір сүре алмайды?

- Ол не? (су).

- Біз су туралы көп білеміз.

- Судың қандай қасиеттері бар? (түссіз, иіссіз, дәмсіз, сұйық пішінді, пішіні жоқ,

ыдыстан ыдысқа құюға болады).

- Біз сумен не істей аламыз? (оны бір ыдыстан екіншісіне құюға болады, оны

түрлі-түсті түске бояуға болады, оны тәтті немесе тұзды етіп жасауға болады,

мұздатуға айналдыруға болады, қайнатуға болады). Жарайсыңдар балалар!

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2

2.1. - Бүгін біз сіздермен сумен тәжірибе жасаймыз, суға әртүрлі заттарды

салсақ не болатынын білеміз ....

Сумен тәжірибе жасау.

- Біз темір затты, ағаш, пластик, қағаз қайықты суға салдық - қандай заттар

батып, қайсысы жүзе алатынын тексереміз.

- Біз ауыр заттар батып кетеді, ал жеңіл заттар қалқып жүреді деген қорытынды

жасаймыз. Жарайсыңдар!

2.2. - Енді кішкене ойнайық, енді біз балыққа айналамыз, сендер балық

болғыларың келеді ме?

- Балықтар суға батып кетуі мүмкін бе? (балалардың жауабы: жоқ, олар жүзеді).

Дұрыс, балалар! Жарайсыңдар!

- Балықтардың қай жерде тіршілік ететінін кім біледі? (Өзенде, көлде, теңізде,

аквариумда). Жарайсыңдар!

- Енді біз балықтардың қимыл-қозғалысын жасайық.

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

2.3. Сергіту сәті.

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

2.4. Педагог балалардың назарын интерактивті тақтаға аударады.

Экранда әртүрлі аквариумдардың суреттері орналастырылған. Балалар

аквариумдарға қарастырады.

- Балалар, бұл не? (балалардың жауаптары).

- Бұл не үшін керек? (балалардың жауаптары).

- Сіздің үстелдеріңізде дайын аквариумдар бар. Олардың ішінде ештеме жоқ.

- Қарындаштарды алып, сол жерге балдырлар мен малтатастарды салайық.

Жарайсыңдар!

- Ал енді кішкентай балықтарды аквариумдарыңа орналастыру керек.

- Бірақ оларды қайдан алуға болады?

3

- Балықты өзіміз жасай аламыз ба? (балалардың жауабы). Әрине. Өте жақсы!

Жарайсыңдар!

2.5. Қолдану әдістерін көрсету. - Бүгін біз аппликация көмегімен қағаздан

балық жасаймыз.

- Балалар, ол үшін бізге не керек? (балалардың жауаптары). Жарайсыңдар!

Тәрбиеші балаларға қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын естеріне

салып отырады. Шаршыны бұрыштан бұрышқа дейін диагональмен қиямыз.

- Қалай ойлайсыңдар, егер шаршыны диоганальмен кескенде, қандай пішіндер

аламыз? (Балалар жауап береді)

- Мен үлкен шаршыны алып, оны бір бұрышынан екінші бұрышына дейін

диагональ бойынша қиямын. («бұрыштан бұрышқа»). Біз екі үшбұрыш алдық. Бұл

балықтың денесі болады. Мен оны аквариумыма қойып, әзірге желімсіз жұмыс

жасаймын.

- Екінші к кішірек шаршыны, мен дәл солай диагональмен қиып алдым, тағы екі

кішірек үшбұрыш аламын - бұл балықтың құйрығы болады.

2.6. Өздігінен жапсыру. (балалар педагогпен бірге жасайды)

- Біз үшбұрышқа желім жағамыз: алдымен үлкен үшбұрышты жапсырамыз, содан

кейін кіші үшбұрыштың кең жағына қарама-қарсы бұрышпен үлкен үшбұрышқа

жабыстырамыз, қалған үшбұрыштарды дәл солай етіп жасаймыз.

- Міне, бізде тағы да бір балық шықты.

- Ал біздің балықтарға не жетіспейді? (балалардың жауабы). Жарайсыңдар!

- Біздің тәрелкелер ішінен екі кіші дөңгелек табайық, бұл балықтардың көздері

болады. Алдымен біз үлкенірек шеңберді жапсырамыз (ол қандай түсті? -ақ,

содан кейін оған кішірек шеңберді жапсырамыз).

- Балалар, түрлі-түсті қарындаштармен аквариумдарды безендіруге

болады.Жарайсыңдар!

3. ҚОРЫТЫНДЫ

Оқу қызметін қорытындылау, балаларды мадақтау.

- Қараңдаршы балалар, біз қандай әдемі балықтар жасадық! Олар аквариумда

еркін жүзе алады. Жарайсыңдар!

Рефлексия.

- Балалар, біз бүгін не істеуге үйрендік? (төртбұрышты диоганаль бойынша

кесіп,үшбұрыштардан балықтың силуэтін жасадық, аквариумды безендірдік).

Жарайсыңдар!

4

- Біз су туралы не білдік? (су мөлдір, түсі мен формасы жоқ, сұйық, оны заттан

затқа құюға болады, әртүрлі түстерге бояуға болады). Жарайсыңдар!

- Сендерге бүгінгі сабақта не ұнады? (сумен тәжірибе «батады - батпайды»).

Жарайсыңдар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.04.2025
148
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі