Аквариумдегі балықтар

Тақырып бойынша 24 материал табылды

Аквариумдегі балықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға балықтардың түрлерін таныстыра отырып,тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген қызығушылығын,сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге,оларға қамқор болуға баулу. Кіріктіру арқылы балықтың дене мүшелерін құрастыртып,саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру,ой-қиялдарын дамыту,зерттеу орталығы арқылы балықты зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аквариумдағы балықтар

Мерзімі: 23.01.2024ж.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері

Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»

Мақсаты: Балаларға балықтардың түрлерін таныстыра отырып,тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген қызығушылығын,сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге,оларға қамқор болуға баулу. Кіріктіру арқылы балықтың дене мүшелерін құрастыртып,саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру,ой-қиялдарын дамыту,зерттеу орталығы арқылы балықты зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құралдар: бейнетаспадан аквариумдағы тбалықтар,суреттер, үлестірмелі матириалдар.

Сөздік жұмыс: қабыршақтар,алтын балық,желбезек,жүзбе қанаттары.

Жылулық шеңбері:
Қайырлы таң тілеймін

Қайырлы таң мен саған

Шуақты ашық таңда

Сен не істейсің досым менің?

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
(шеңберге тұрып,қонақтармен үш тілде амандасады)
-Саламатсыздар ма?
Негізгі бөлім:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.

Бір аптада неше күн бар?

Жеті күн.
-Дұрыс балалар! Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап беріңдерші?
-Балалар жауабы

Жарайсыңдар балалар! Енді мен сендерге жұмбақ жасырғым кліп тұр. Шешесіңдер ме?
-Иә
Жұмбақ:
Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ,
Жүріп кетсе соңында
Қалып қойған ізі жоқ.
-Балық.
-Жарайсыңдар, балалар!
Балалар бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған оқу қыметіміздің тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар» деп аталады. Яғни біз бүгін балықтардың түрлері мен олардың тіршілігімен танысамыз.
Бейнетаспа арқылы балықтар туралы толық мағлұмат береді.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Бейнетаспаға қарап балықтар туралы түсініктерін кеңейтеді.
Балаларды үш топқа бөліп, тапсырма беріледі.

І топ: Балықтарды қиып құрастырады.

ІІ-топ Берілген медузаны жіп арқылы толықтырады.

ІІІ-Аквариумдағы балықтарға судың бейнесін салу.
-Балалар тыңдаңдаршы ненің дауысы естіліп тұр?
-Теңіз суларының дауысы естіліп тұр
-Дұрыс балалар! Бұл кім екен?
-Теңіз патшайымы!
Теңіз патшайымы: -Сәлеметсіңдер ме?
Балалар қонақпен сәлемдеседі.Балалар мен Теңіз Патшайымымын!
Сендердің балықтар туралы өтіп жатқандарыңды естіп келіп тұрмын.
Балалар мына аквариумда балықтар көп екен. Сендер маған осы балықтарды санап қанша екенін айтып және жазып көрсетіңдерші. БалаларТеңіз Патшайымына келісімдерін береді.
Сергіту сәтін әуен арқылы қимылмен жасайды.

Балалар орындарыңа отыра қойыңдар.

Ал енді балалар біз сендермен сандарды тура және кері санай отырып есімізге өткен сандарды түсіріп аламыз.

Қимылдық ойын: «Сандарды тап»
Теңіз Патшайымы балаларға өз ризашылығын айтып мекеніне қайтады.
Балалар Теңіз Патшайымымен қоштасады.
Қорытынды:

-Балалар бүгін біз не туралы өттік?
-Балықтар жайлы өттік.
-Балықтар қайда тіршілік етеді?
-Суда тіршілік етеді.
-Балықты үй жағдайында қандай ыдыста асыраймыз.
— Шыны ыдыста аквариумда.
-Балық неше бөліктен тұрады?
-Үш бөліктен тұрады.
-Атап шығайықшы.
Басы, кеудесі, құйрығы.
Дұрыс балалар!
-Бүгінгі күндерің қалай өтті?
-Тамаша!
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Тамаша!
-Дұрыс бүгінгі тапсырманы жақсы орындадыңдар,сол себепті сендерді өте жақсы деп бағалаймын.
(смайликпен бағалау)
Балалардың көңіл-күйі смайлик тәріздес көтеріңкі болды.

Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: балықтың теңізде,өзенде,көлде,аквариумде тіршілік ететінін,тірі табиғаттың әсемдігін,Балықтың дене бөліктерін ажырата біледі;.
Қолданады: балықты мүсіндеуді, бояуды, зерттеуді;
Игереді: тірі табиғат иесіне күтім жасауды,қамқор бола білуді



































«Жайнагүл» бөбекжай балабақшасы.




Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекет.


Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»






Тәрбиеші: Арипова Г.М.



23.01.2024ж.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2025
44
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі