400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Акватипия. Түспен ойын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға оқушылардың шығармашылық даму қабілетін көтеру үшін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тасқала ауданы

Балалардың мектептен тыс жұмыс орталығы










Сабақтың тақырыбы


Акватипия. Түспен ойын.
















Өткізен: «Жас суретші» үйірмесінің

жетекшісі Жалмуханова Г.Н.













Тасқала 2019 – 2020 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Акватипия. Түспен ойын.

Сабақтың мақсаты: қазіргі заман өнерінің түрлі техникасын қолдана білуге үйрету, өз қабылдауына негізделген көркем бейне жасап шығару.

Білімділігі: жаңа «Акватипия» техникасымен танысып, әрі қарай сол тақырыпта жұмыстану.

Тәрбиелігі: түстің әдемілігін көруге үйрету, әсемдікке баулу.

Дамытушылығы: түс туралы бұрын алған білімдерін дамыту, бояумен жұмыс жасауға, оқушылардың ой – өрісін дамыту, түстердің үйлесімділігін таңдай білуге тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар: мұғалім үшін – А4 форматты әйнек беті, сурет үлгілері, слайдтар.

Оқушы үшін – А4 форматы, гуашь, қылқалам, қара сия (немесе қара қалам).

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру сәті

Жаңа сабақты түсіндіру.

Балалар, бүгінгі сабақта мен сіздерді жаңа техникамен таныстырамын – Акватипиямен.

Акватипия – бұл суретті сулы бояумен (акварель, гуашь) бастырып шығару. Бұл қиын болып көрінгенмен, қызықты іс, тіпті сурет салу білмейтін оқушыға да қызық. Акватипия сөзі екі тілден алынған – латын сөзінен agua – су және грек тілінен typos – дақ деген мағына береді. Бұл техникамен жұмысты жұмысты бастамас бұрын түс туралы әңгіме жүргізейік.

1. Барлық түстер қандай түрге бөлінеді? (жылы,суық)

2. Жылы түстер деп қандай түстерді айтамыз? (қызыл, сары, қызылсары)

3. Суық түстер деп қандай түстерді айтамыз? (көк, көгілдір, жасыл)

4. Қандай түстерді хроматикалық және ахроматикалық деп айтамыз?

Хроматикалық бояулар дегеніміз – түсті бояулар: қызыл, сары, жасыл, көк;

ахроматикалық деп – түссіз бояулар: ақ, қара, сұр түстер.

5. Негізгі және қосымша түстерді атаңыз? Негізгі: қызыл, көк, сары түстер;

Қосымша түстер: қызылсары, жасыл, күлгін, көгілдір.

6. Түсті спектр дегеніміз не? Спектр – күн сәлесіндегі барлық түстердің

толқынды құрамы.

Көрнекілік арқылы түсінік беру (ақ, қара түске қатысты түстердің өзгеруі)

Енді бояуларды араластырып қандай түстер шығаруға болатынын көрейік.

Ал енді іске кірісуге болады... (әр оқушыға А4 форматты әйнек үлестіріледі, оқушылардың қауіпсіздігі үшін алдын ала скочпен өңделген).

Әйнекке қылқаламмен акварельді бояудың әр түсін немесе аралас түстен түсіреміз.

Акварельді қағазды әйнектің үстіне қоямыз.

Түрлі бағыттағы бейнелер шығады. Өз қағазыңыздағы суретті дұрыстап қарап алыңыз, мүмкін, сізге бір аң немесе жұмбақ гүл көрінер.

Енді қылқаламмен, тушьпен бізге көрінген бейнені бастырамыз. Мұндай ғажайып сурет салып шығаруға болады. Өз ойлау қабілеттеріңізді жаттықтырыңыз.

Сарамандық жұмыс.

Жұмыс барысында оқушыларға түзету енгізу. Ұқыпты, төзімді болуды талап ету.

Қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар өз жетістіктері мен кемшіліктерін атап, бағалап жатқан жұмыстарын қарап шығу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
450
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі