Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті - инновациялық болашақ пен жетістіктер айнасы
Бұл мақалада Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жетістіктері мен инновациялық болашағы, сондай-ақ басқару психологиясы мен жалпы психологияның ғылыми негіздері мен практикалық аспектілері қарастырылады. Университет ғылым мен білім беру саласындағы көшбасшылығын, заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктерін және психологиялық қолдаудың маңыздылығын дәлелдей отырып, QS World University Rankings 2025 нәтижесі бойынша әлемнің үздік 200 жоғары оқу орнының қатарына енді және 163-орынды иеленді. Бұл көрсеткіш университеттің халықаралық беделінің артуын және білім беру сапасының жоғары деңгейін көрсетеді.
ҚазҰУ құрылымында 16 факультет, 68 кафедра, 8 ғылыми-зерттеу институты мен 29 ғылыми орталық жұмыс істейді, сонымен қатар 140-қа жуық ғылыми және оқу-зерттеу зертханалары бар. Білім алушылардың жалпы саны 26 мыңға жуықтап, оның ішінде әлемнің 30 елінен келген 2,5 мыңнан астам шетелдік білім алушы бар. Оқытушы-профессорлар құрамының саны 2000-нан асады, олардың қатарында 10 академик, 7 Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі және 14 Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты бар.
Университет жетістіктері үнемі жаңартылып отыратын оқу бағдарламалары, ғылыми зерттеулерге бағытталған белсенді жұмыс және жоғары білікті мамандар құрамының арқасында жүзеге асуда. Білім беру процесіне енгізілген стратегиялық даму бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық пен инновациялық әдістер білім алушылар мен оқытушылар арасындағы сенімді қарым-қатынас орнатуға, шығармашылық атмосфера қалыптастыруға және жалпы оқу сапасын арттыруға ықпал етуде.
Ескере кеткен жөн, ҚазҰУ қабырғасында білім алушылар үшін басқару психологиясы пәні оқытылады. Бұл курс болашақ мамандардың кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал ететін маңызды оқу бағыттарының бірі болып табылады. Аталған пән арқылы білім алушылар көшбасшылық қасиеттерді дамыту, тиімді ұйымдастыру, сапалы қарым-қатынас орнату және шешім қабылдау қабілетін жетілдіреді. Теориялық білім мен практикалық дағдыларды үйлестіре отырып, пән нақты басқару үдерістеріндегі психологиялық заңдылықтарды терең түсінуге мүмкіндік береді. Тренингтер, практикалық тапсырмалар мен топтық жобалар білім алушылардың жеке әлеуетін ашуына, күйзеліске қарсы тұру дағдыларын қалыптастыруына және командалық жұмыс дағдыларын меңгеруіне жол ашады.
Басқару психологиясының мазмұны білім алушыларды қазіргі еңбек нарығына бейімдеуге, басқарушылық қабілеттерін шыңдауға және кәсіби жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді. Бұл пәнде жинақталған тәжірибе мен білім болашақта түрлі салада - басқару, ұйым ішіндегі үйлесімділік, немесе жеке кәсіпкерлік жолында - табысты қызмет атқаруға негіз болады. Осы арқылы басқару психологиясы ҚазҰУ-дың білім беру жүйесінде маңызды рөл атқара отырып, болашақ мамандардың жан-жақты дамуына және кәсіби әлеуетінің артуына жағдай жасайды.
Сонымен қатар ерекше тоқталып өтсек, 2025 жылдың 14 наурызында университет қабырғасында өткен «Білім беру саласындағы жасанды интеллект (ЖИ): сын-тегеурендері мен эволюциясы» атты VI Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу қызметінің жаңа деңгейін айқындайтын маңызды оқиғалардың бірі болды. Конференция барысында әлемнің әртүрлі елдерінен келген ғалымдар, зерттеушілер және білім беру саласының мамандары жасанды интеллекттің білім беру жүйесіне әсері мен даму болашағын талқылады. Ғарыштық техника және технология мамандығы бойынша білім алып жатқан 1-курс магистранты ретінде ҚазҰУ қауымдастығының мүшесі аталған конференцияға қатысып, ғарыш саласындағы жасанды интеллекттің өзекті мәселелері мен даму перспективалары туралы баяндама ұсынылды. Бұл тәжірибе білім алушының ғылыми көзқарасын кеңейтіп, халықаралық деңгейдегі сарапшылармен пікір алмасуына мүмкіндік берді.
Қорыта келгенде, ҚазҰУ-дың осындай жетістіктері мен халықаралық іс-шараларға белсенді қатысуы университеттің жоғары білім беру сапасын, ғылыми-зерттеу әлеуетінің күштілігін және әлемдік академиялық қауымдастықтағы беделін көрсетеді. Университеттің даму бағдарламасы мен халықаралық ынтымақтастық бағыттары білім алушылар мен ғалымдарға жаңа идеяларды іске асыруға, халықаралық жобаларға қатысуға және білімдерін жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. Бұл жетістіктер басқару психологиясы пәнінде қолданылатын заманауи әдістермен үйлесім тауып, ұйым ішіндегі тиімді коммуникация мен ынтымақтастық негізінде инновациялық болашақтың іргетасын қалауға ықпал етеді.
Тленчиева Н.С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Мергенбай Ж.М.
«Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының
1-курс магистранты
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз