жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әл-Фарабидің даму тарихындағы рухани мұрасы.
Әл-Фарабидің даму тарихындағы рухани мұрасы.
Жексенбаева Асем Кикбаевна
Тәрбиеші МКҚК №16 «Бөбек» балабақшасы
Көкшетау қаласы, Ақмола облысы
Бүгінде бізді «көп ойласаң, дана боларсың» қағидасына сай, Әбу Насыр әл-Фараби ойшылдығы, ғұламалығы таңғалтпай қоймайды. Мұншалықты білімқорлыққа қалай қол жетпек? Туа біткен таланттылық па. Дау жоқ, жаратылысы бөлек тұлға.Әбу Насыр әл-Фараби – 870 жылы ортағасырлардағы Қазақстанның және бүкіл Орта Азияның аса ірі мәдени орталықтарының бірі болған Отырар қаласында дүниеге келген ойшыл. Ғұламаның осыдан мың жылдан астам уақыт бұрын жазған ғылыми еңбектері мен ғибратты ой-тұжырымдары бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігі мен маңыздылығын арттырмаса жойған емес. Рухани азықты дәл осы Әл-Фарабидің шығармаларынан алуға болады. Себебі ол ғылымның әр саласына қомақты үлес қосып қана қоймай, еңбектері арқылы адамзат игілігіне қызмет ететін рухани қазына қалдырды. Сондықтан да бәсекеге қабілетті әрі рухани жан дүниесі бай тұлға қалыптастыру жолында Әл-Фарабидің ілімімен қаруланып, оның мұраларын жас ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығы жоғары. Ал, өркениетті қоғамға жету жолында ғұламаның қайырымды қоғам идеясын басшылыққа алудың мәні зор. Оның еңбектері мен даналық ойларын еліміздің рухани мәдениетінің дамуы тұрғысынан зерттеу мен мәңгі есте қалдыру мақсатында дәріптеу ісі де өте өзекті болып саналады.
Әл-Фарабидің өмір жолымен танысудың өзі де жастарға үлгі-өнеге. Ол оқу іздеп, ғылым мен білімнің аса ірі орталықтары саналған Шаш, Самарқанд, Бұқара, Мысыр, Бағдад және тағы басқа шаһарларда білімін жетілдірген. Десе де, алғашқы білімді өз елінде алған. Керуен жолының бойында орналасқан Отырардың сол кездегі атақты Александрия кітапханасынан кейінгі аса ірі кітапханасы алыс-жақын елдерден келген кітаптармен толығып отырған. Араб халифатына кеткен Әл-Фараби философия, логика, этика, медицина, музыка сынды ғылымдар мен араб, парсы, грек тілдерін жетік меңгерген. Аристотель, Платон, Евклидтің шығармаларын аударып, түсініктемелер жазған. Еуропа ғалымдарына ежелгі грек философиясын түсіну Әл-Фараби еңбектерін оқу арқылы ғана мүмкін болған. Ұлы ойшылдың еңбектеріне жүгіну арқылы батыс ғалымдары Аристотель, Платон еңбектерімен қайта қауышты.
Әл-Фарабидің дәуірінде ислам діні Орта Азияда таралып қарқынды жүріп жатқанда, араб тілі білім мен ғылымның ортақ тілі саналды. Ғұламаның бай философиялық мұрасының араб тілінде жазылуы да осыдан. Сол себептен көпшілік қауым Әл-Фарабиді араб тілді ғалым ретінде танитын. Оның қазіргі қазақ даласында дүниеге келгенін, тегі түркі тайпаларынан екенін санаулы ғылым өкілдері ғана білетін. Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап елімізде ғалымның өмірі мен рухани мұрасын зерттеу жұмысы қолға алынып, Әл-Фараби мұрасын алғаш зерттеушілердің бірі Ақжан Машановтың ғылыми ізденістерінің нәтижесінде ірі ғұламаның қазақ топырағынан шыққан түркі перзенті екені ортағасырлық деректермен дәлелденді. Міне, сол кезден бері «Шығыстың Аристотелі» атанған әлемнің екінші ұстазын дүниежүзі қазақ ұлтының перзенті ретінде таниды. Осылайша елімізде Әл-Фарабидің ғылыми шығармаларын жинақтау мен қазақ тіліне аудару сияқты бірқатар зерттеу жұмыстары жалғасын тауып келеді.
1980 жылдардан бастап фарабитану атты жаңа бағыт пайда болды. Әлемдік және отандық фарабитану деген бар. Әл-Фараби шетелге емес, тәуелсіз еліміздің мемлекеттік мүддесі мен ұлттық ұстанымы үшін қызмет етуі керек. Сондықтан Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасын өзіміз ғана біліп қоймай, жас ұрпақтың санасына сіңіруіміз қажет. Әл-Фарабидің мұрасы, Әл-Фараби әлемі туралы білетініміз аз. Оның құпиясы әлі де толық ашылған жоқ. Ол-әлем халықтарын біріктіретін тұлға. Қазіргі таңда Әл-Фараби ойларының өзектілігі қайтадан арта түсуде. Оның көзқарасында саясат, дін және бақыттың өзара терең қатынасы көрсетілген. Бүгінгі күнге дейін оның логика, метафизика, этика, саяси және әлеуметтік философия, музыка мен медицинаға арналған жүзден аса трактаттары сақталған. Ол ең алғаш болып музыканы математикалық негізде жүйелеп, оны ғылымның бір бағыты ретінде көрсеткен. Атап айтсақ, Орта Азия мен қыпшақ даласы үшін X-XII ғасырлар қоғамдық-әлеуметтік, саяси тұрғыдан дамудың жаңа басқышы болып табылады. Бұл кезеңде түркі тілдес халықтардың мәдениеті, әдебиеті, ғылымы едәуір өркендеп өсті. Әсіресе, түркі әдеби тілі жан-жақты дамып, жетіле түсті. Мүның өзі түркі халықтарының, соның ішінде, қазақ, өзбек, ұйғыр, қырғыз, т. Б. Халықтардың этностық қүрамының қалыптаса бастауы мен олардың әлеуметтік-қоғамдық өміріндегі рөлінің біртіндеп артуына байланысты болды. «Бақыт – әрбiр адам ұмтылатын ұлы мақсат» екендiгiн атап көрсеткен Әл-Фараби бақытқа бiлiм мен игiлiк нәтижесiнде ғана жетуге болады, ал ондай мүмкiндiк қайырымды қала тұрғындарында көбiрек болатындығын дәлелдейдi. Әл-Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз деп екіге бөлді. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа суйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды. «Бақытқа жету» еңбегiнде ол «бақыт дегенiмiз игiлiктердiң iшiндегi ең қадiрлiсi, ең үлкенi және ең жетiлгенi» деп атап көрсетедi және әр адамның оған толық құқығы бар дейдi. Ал ондай құқыққа ие болуға қайырымды қала тұрғындарының ғана мүмкiндiгi бар, сондықтан да қайырымды билеушiлер билеген қала тұрғындары ғана бақытқа жете алатындығын айтады. Мұндай қалалардың басқа қалалардан басты айырмашылығы және негiзгi белгiсi жоғары тәртiп пен оның тұрғындарының мәдениеттiлiгi, сыпайыгершiлiгi және билеушiлерiнiң қайырымдылығы, ақыл-парасаты. Сондықтан, Әл-Фараби бұндай қалалардың өмiр сүруi өзiнiң бiлгiрлiгi мен ұстамдылығына толық жауап бере алатын билеушiге тiкелей байланысты деп тұжырымдайды. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледi. Оның ойынша, «қайырымды қала бес түрлi адамдар тобынан құралады: ең құрметтi адамдардан, шешендерден, өлшеушiлерден, жауынгерлерден және байлардан». Әл-Фараби ең құрметтi адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды iстерде беделге ие болғандарды жатқызады. Екiншi топтағы шешендерге- дiни қызметкерлердi, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды сол сияқты шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушiлерге-есепшiлердi, дәрiгерлердi, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Әл-Фараби бойынша, байлар дегенiмiз- қалада байлық табатындар, егiншiлер, мал өсiрушiлер, саудагерлер, қол өнершiлер. Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлi қасиет болу керек деп есептейдi. Олар: даналық, асқан пайымдымдылық, сенiмдiлiк, ойлау қабiлетiнiң жоғары болуы, соғыс өнерiн жетiк бiлуi, денсаулығының мықты болуы[2]. Бағдат обсерваториясы мен Даналық үйінің ғылыми жүмыстарының басты ұйытқысы Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан ғалымдар болғанын мақтанышпен айтамыз. Олардың ішінде әйгілі Мухаммед әл-Хорезми, Ахмед Ферғани, Ғаббас жауһари, Ахмад Мәруази және басқалары бар.
Бұлардың ішінен теңдесі жоқ улы ойшылдардың бірі, шоқтығы биік улы ғулама Әбу Нәсір әл Фарабидің есімі ерекше жарқырап көрінеді. Ол — «Шығыстың Аристотелі» атанған улы ғулама.
Әбу Нәсір өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе улы устазы Аристотель еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Холликанның айтуына қарағанда Әбу Нәсір Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан. Әбу Нәсір Аристотельдің «Категория», «Бірінші және екінші Аналитика» сияқты фәлсафалық шығармаларына түсіндірмелер жазған. Өзі де «Кемеңгерлік меруерті», Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселенің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы» тағы басқа трактаттар жазған. Әл-фараби шығармаларының басым көпшілігі әлі де араб тілінен аударылмай, зерттелмей жатыр. Астрономия, логика, әуез жайлы еңбектері күні бүгінге дейін толық зерттеле қойған жоқ.
Америкадағы Питтсбург университетенің профессоры Николас Решер көптен бері Әл-Фараби және оның шәкірттерінің еңбектерін зерттеумен айналысып келеді.
Француз ғалымы Рудольф Эрланже 1930-1935 жылдары Әл-Фарабидің аса үлкен, әрі терең мағыналы «Әуездің үлкен кітабы» атты трактатын француз тіліне аударған.
Ұлттық кодымызды сақтай отырып, қоғамдық санамызды жаңғырту, яғни жанжақты 55 түрде рухани жаңару. Бірнеше ғасырдан бері әл-Фарабидің рухани мұрасы әлемдік ғылымдарға өз үлесін қосқан рухани құндылықтардың қатарында көрінді. Оның осындай биік рухани өсуі Қазақ елінің өткені мен оның даму тарихында әл-Фарабидің рухани мұрасының нақты көрінісі болды. Оның рухани мұрасын гуманитарлық-жаратылыстану ғылымдарының барлық арналары бойынша, қазақ ғалымдарының және шетел ғалымдарының зерттеуімен әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы біздің еліміздің, яғни қазақ елінің рухани игілігіне айналуда. Міне, осындай мақтанышқа лайық ұлы тұлғаның ғылымдары-сан қырлы, сан алуан.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Бурабаев М.С., Амребаев A.M., Кенисарин A.M., Коянбаева Г.P., Курмангалиева Г.К. Философия Абу Насра аль-Фараби. Алматы: «Ақыл кітабы», 1998. С. 217
-
Бурабаев М.С., Жолмухамедова Н.Х., Кенисарин A.M., Коянбаева Г.Р., Курмангалиева Г.К. Духовное наследие аль-Фараби: история и современность. Алматы: Каз Гос ИНТИ, 2001. С. 219
-
Курмангалиева Г.К, Бурабаев М.С., Амребаева Ж.М., Жолмухамедова Н.Х., Кенисарин A.M., Коянбаева Г.Р., Сейтахметова H.Л., Соловьева Г.Г. Философия Аль-Фараби и исламская духовность. Алматы: КИЦ ИФП МОН РК, 2005. С. 298
-
Нысанбаев А.Н., Курмангалиева Г.К, Коянбаева Г.Р., Кенисарин А. М., Сейтахметова Н.Л. Аль-Фараби и развитие восточной философии. Алматы: Елорда, 2005. С. 320

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген