400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әл-Фарабитану" курсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мұғалімдерге, әсіресе курс жүргізетін мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей







«Әл-Фарабитану»



Бейіндік оқытудың қолданбалы курсының бағдарламасы

(«Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына» байланысты жасалған 9-сынып оқушыларына арналған авторлық бағдарлама)







Құрастырған: Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі

Бекетай Наурызбай Серғалиұлы



















Жалағаш кенті, 2019-2020 оқу жылы

Бағдарламаны дайындаған:

Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Бекетай Наурызбай Серғалиұлы



Жинақта жалпы орта білім беретін мектептің 9 сыныпқа арналған «Әл-Фарабитану» атты қолданбалы курсының бағдарламасы беріліп отыр. Бұл құрал оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Ұсынылып отырған курстың мазмұны тарих пәніне негізделген. Тарих пәнін тереңдетуге қосымша материалдар енгізілді және сол қосымша материалдардың көмегі арқылы оқушы санасында әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидың өнегеге толы өмірі, философиясы, сан қырлы ғылым салаларын зерттеуі туралы толыққанды танысып, осының негізінде олардың түсінігі мен көзқарастары жетіліп, қалыптастырылады. Теориялық білім жүйесін практикада қолдануға мүмкіндік туғызады. Келешекте білім мен ғылымның дамыған заманында Қазақстан Республикасының оқыған, зиялы азаматы болып қалыптасуына септігін тигізеді.





























Курстың құрылымы мен мазмұны:


І бөлім. «Әл-Фарабитану» курсына кіріспе – 2 сағат.

Пән туралы түсінік. Курстың құрылымы. Мақсаттары мен міндеттері. Әл-Фарабитанудың өзектілігі. Әл-Фарабиды оқыту, түсіндіру, жұртқа таныту жолындағы Әл-Фарабитану ғылымы мен қазақ мектебінің міндеті.


ІІ бөлім. «Әл-Фарабиды білмек парыз ойлы жасқа» – 5 сағат.

Әл-Фарабидың өмірі, ұлы ғұлама өмір сүрген заман, туып-өскен ортасы, Әл-Фарабидың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері.


ІІІ бөлім. Қазіргі Әл-Фарабитану мәселелері – 3 сағат.

Қазіргі таңда Әл-Фараби туралы шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстары ( Г.Зутер, М.Штейннейдер, Акжан әл-Машани, Ә.Дербісалиев).


ІV бөлім. Әл-Фараби еңбектері – 4 сағат.

«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақытқа жету жолында», «Ғылымдардың шығуы», «Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері», «Бесінші трактат», «Музыканың ұлы кітабы».


V бөлім. Әлемнің екінші ұстазы – Әл-Фараби – 9 сағат.

Әбу Насыр Әл-Фараби шығармаларындағы білім, ғылым, ұстаз, бақыт, тәрбие, өмір мәселелері. Әл-Фараби еңбектеріндегі негізгі идеялар.


VI бөлім. Әл-Фараби және қазақ интеллигенциясы – 10 сағат.

Әл-Фараби және Абайдың философиялық көзқарастары, Әл-Фараби және Алаш зиялылары, Әл-Фараби және Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыновың білім және ұстаз мәселелерін қозғауы.



Қорытынды қайталау – 1 сағат

Оқушылар өздері қалаған тақырыпты таңдап, ғылыми жоба жасайды. Презентация әзірлейді.












Түсінік хат

XXІ ғасыр білімділер заманы. Сол себепті әлемнің кез келген елінде білімге баса назар аударылуда. Оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу, білімді азамат тәрбиелеу қазіргі заман талабы. Білім мен тәрбие егіз ұғым. Біз оқушыларды игі істерге тәрбиелеу арқылы ғана бойына керекті білімді сіңіре аламыз. Ал оқушыларға білім бере отырып тәрбиелеуде үлгі тұтарлық ұлы тұлғаларды таныстыру арқылы көздеген мақсатымызға жетуге болады.

Әрине орта мектеп курсында базалық тарихи білім беріліп, ұлы тұлғалар жалпылама сипатталады. Ал факультатив курсының мақсаты сабақ барысында алған тарихи білімдерін өмірде қолдана білуге, білім, білік дағдыларын дамытып, болашағынан зор үміт күтетін, еліне адал қызмет атқаратын тұлға қалыптастыру болып табылады.

Бұл бағдарлама ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидың мұрасын оқуға арналған.

Бағдарламада Әл-Фараби шығармашылығынан кең көлемде мәлімет беріледі. Ғұламаның өмірі, шығармашылығы, шығармаларындағы шыншылдық, тазалық, асқақтық, білім мен тәрбие мәселелері, Әл-Фарабидың тек қазақ тарихына емес, әлем тарихына қосқан үлесі айтылады. Сонымен қатар, әлемнің екінші ұстазының шығармашылығын танып білуге, тақырыптық, мазмұндық мәнін игеруге бағдар береді. Оқушылардың өзіндік көзқарасы, дүниетанымы, сөз қадірін ұғынуын жақсы жетілдіреді. Көркем шығармаларын оқып талдау арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнер тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларымен қаруланады. Оқушылардың өз ойын сауатты жеткізе білуге, шешен де ұтқыр сөйлеуге, еркін айта білуге баулиды.

Курсты оқыту барысында құжатты жүзеге асыратын инновациялық педогогикалық технологиялар, деңгейлік тапсырмалар, жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушылармен топтық, жұптық және жеке жұмыстар жасалады. Факультатив курсы оқушыларға базалық тарихи білім берумен қатар, тарих төрінен ойып тұрып орын алған ұлы тұлғаларымызбен танысу, олардың әлем өркениетіне қосқан үлесімен танысу, тәжірибелік білік, дағдыларды қалыптастыру бағытында жасалынды.













Курсты оқытудың мақсаты:

Ұлы ғұлама Әл-Фараби шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.


Курсты оқытудың міндеттері:

  • Әлем тарихында Әл-Фарабидың алар орнын тану. Әл-Фараби шығармаларын оқып-білудің өзектілігін ұғындыру;

  • Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тереңдету;

  • Жеке тұлғаның бойында ізденушілік-зерттеушілік қасиетін, экспедициялық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;

  • Әр түрлі әдебиеттерді пайдалану арқылы берліген сұрақтарға жауап беру;

  • Ақпарат құралдарын пайдаланып мәліметтер жинау;

  • Ұлы ғұламаның көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру;

  • Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;

  • Ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;


Оқушыларға қойылатын талаптар

  • Ғұлама шығармасының тәрбиелік мәнін түсініп, үлгі ету;

  • Өз бетінше ізденуді, тапсырманы жауапкершілікпен орындауды қалыптастыру;

  • Көркем ойды дамытудағы көшбасшылық ойды білуі;

  • Ғалым мұраларының зерделенуі мен абайтану ғылымының қалыптасу тарихын, кезеңдерін білуі;

  • Ұлы тұлғаның философиялық ақыл-нақыл сөздерінің маңыздылығын, мән-мағынасын түсінуі;

  • Әл-Фарабитану бойынша курс жұмыстарын, рефераттар жаза білуі;

  • Әл-Фарабитануға қатысты ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білуі;

  • Оқушы өзіне қажетті материалдарды интернет арқылы тауып, пайдалана білуі.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар бойында өз еліне, туған жеріне деген патриоттық сезім қалыптасады.

  • Өз бетімен ізденеді, рефераттар жазады, мәліметтер жинастырып, ақпаратпен жұмыс жасайды және презентациялар жасайды.

  • Әл-Фараби мұрасын зерттеу арқылы өзіндік пікір қалыптастырады.

  • Ғұламаның еңбектерімен танысу арқылы оқу-білімге қызығушылықтары артады.

  • Зерттеушілік қабілеті оянады, шығармашылық жұмыс жүргізеді.


Пәнаралық байланыс: тарих, география, әдебиет

Ұйымдастыру формалары: дәріс, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, реферат, ғылыми жоба.


Курс жүктемесінің көлемі:

9-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.





























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Әл-Фараби. Әлеуметтік эстетикалық трактаттар.- Алматы. ҚазССР-нің Ғылым баспасы,1975.-395б.

2. Әл-Фараби. Мемлекеттік қайраткерлерінің нақыл сөздері. Философиялық әлеуметтік трактаттарында. Алматы. Ғылым баспасы,1975.-305б.

3. Көбесов Ауданбек.- Әбунасыр әл-Фараби. Алматы.-Қазақ университеті, 2004-173б

4.«Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері»: атты университетішілік апталықтың материалдары, Ақтау: Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, 2019. - 127 б.

5. Машанов.А «Әл-Фараби және Абай». Т.2. – Алматы, «Алатау», 2005 ж.

6. Фарабитану «Жиырма томдық» Т.16. – Астана, «Аударма»,2006 ж.

7. Әл-Фараби «Философиялық трактаттары», - Алматы, «Ғылым», 1973 ж.

8. А.Кобжов. Әл-Фараби, Алматы, 1971.

9. Әл-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. Алматы, 1974.

10. Аль-Фараби. Математические трактаты, А-Ата, 1972.

11. Aль-Фараби. Комментарии к “Алмагесту'” Птолемей. А-Ата, 1975

12. Аль-Фараби. Логические трактаты. Алма-Ата, 1975.

13. Ғаламтор ресурстар: https://ru.bookmate.com/books/pK6EIhTI

























9-сынып оқушылары үшін «Әл-Фарабитану» курсының оқу бағдарламасының жоспары


№

Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

Мерзімі

І бөлім. «Әл-Фарабитану» курсына кіріспе – 2 сағат

1

Кіріспе

дәріс

1


2

«Әл-Фарабитану» курсы туралы түсінік

дәріс

1


ІІ бөлім. «Әл-Фарабиды білмек парыз ойлы жасқа» – 5 сағат

3

Әл-Фараби өмірі мен туып-өскен ортасы, қызмет жолы

дәріс

1


4

Ұлы ғұлама өмір сүрген заман

дәріс

1


5

Әл-Фарабидың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері

дәріс

2


6

Әл-Фараби не үшін әлемнің екінші ұстазы атанды?

деват

1


ІІІ бөлім. Қазіргі Әл-Фарабитану мәселелері – 3 сағат

7

Шетелдік ғалымдардың Әл-Фараби мұрасын зерттеуі

дәріс

1


8

Отандық ғалымдардың Әбу Насыр Әл-Фарабиді зерттеу жұмыстары

дәріс

1


9

Акжан әл-Машанидің Әл-Фарабиді зерттеуге қосқан үлесі

дәріс

1


ІV бөлім. Әл-Фараби еңбектері – 4 сағат

10

«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» еңбегі

дәріс

1


11

«Бақытқа жету жолында» еңбегінің негізгі идеясы

дәріс

1


12

«Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері» трактаты

дәріс

1


13

«Ғылымдардың шығуы», «Музыканың ұлы кітабы» еңбектері


дәріс

1


V бөлім. Әлемнің екінші ұстазы – Әл-Фараби – 9 сағат

14

Әл-Фараби шығармаларындағы тәрбие мәселесі

дәріс

2


15

Әл-Фараби шығармаларындағы бақыт мәселесінің қарастырылуы

дәріс

1


16

Әл-Фараби шығармаларындағы достық, өнер, дін мәселесі

Пікір-алмасу

1


17

Әл-Фараби шығармаларындағы білім, ғылым, ұстаз мәселесі

дәріс

2


18

Әл-Фараби еңбектеріндегі негізгі идеялар

дәріс

1


19

Әбу Насыр Әл-Фараби философиясы

дәріс

2


VI бөлім. Әл-Фараби және қазақ интеллигенциясы – 10 сағат

20

Әл-Фараби және Алаш зиялылары еңбектеріндегі үндестік

дәріс

1


21

Әл-Фараби және Ә.Бөкейханов

дәріс

1


22

Әл-Фараби және Абайдың философиялық көзқарастары

дәріс

1


23

Әл-Фараби және А.Байтұрсынов шығармаларындағы ұстаздық

дәріс

1


24

Жеті тіл білген Мұстафа мен жетпіс тіл білген Әл-Фараби

дәріс

1


25

Қазақ зиялылары мен Әл-Фараби еңбектеріндегі ортақ идеялар

дәріс

1


26

Әл-Фараби мен Ш.Құдайбердіұлы шығармаларындағы дін мәселесі

дәріс

1


27

Білім, ғылым туралы қазақ зиялылары мен Әл-Фараби еңбектеріндегі сабақтастық

дәріс

1


28

Медицина саласының білгірлері Әл-Фараби мен Х.Досмұхаммедұлы

дәріс

1


29

Т.Жүргенов және Әл-Фараби өнегеге толы ұстаздар

дәріс

1


Қорытынды

30

Қорытынды қайталау

Курсты аяқтау

1



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
1121
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі