15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ал кәнекей аналар ! сайысы
Ересек тобына арналған «Ал кәнекей, аналар !» музыкалық сайысының сценариі
Мерекеге сай безендірілген залға ұл балалар келіп жарты шеңберге тұрады.Содан соң көңілді музыкамен қыздар келіп ұлдардың алдына шашыраңқы тұрады.
Ерасыл:-Бұл не мейрам?
Қадірлі қонақтар келетін сияқты ғой.
Мүмкін адмиралдар келер?
Бәрі:- Жоқ.
Асылхан:- Мүмкін генералдар келер?
Бәрі:- Жоқ.
Жандәулет:-Мүмкін дүниені шарлаған қаһарман келер?
Бәрі:- Жоқ, жоқ, Жоқ.
Жүргізуші:-Босқа әуреленбеңдер,
Оданда мұнда қараңдар.
Міне келді аналар,
Сәлем берер балалар!
Балалар:-Сәлеметсізбе, Аналар!
Музыкамен аналар тағамдарын алып залға кіреді(Тағамдарын үстелге қояды)
Жүргізуші:-Қош келдіңіздер аналар!Төрлетіңіздер.
Аналар орындықтарға жайғасады.
Ән:,,Анашым;,
Жүргізуші:-Құрметті әжелер, аналар,қыздар,әріптестер ! Сіздерді көктеммен бірге келіп жеткен
8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпесін,
денсаулықтарың мықты боп,қызғалдақтай құлпырып ,балаларыңыздың қызығын көріп ортамызда жүре беріңіздер.Құрметті Ата-аналар бүгінгі күнді балаларыңызбен бірге көңілді өткізулеріңе тілектеспіз.
Ана десе елжірейді бар жүрек,
Ана аты асқақ ,орны бөлек.
Ән арнауға құмартады әр сәби,
Таң атырған кеудесіне бір бөлеп – деп енді балалардың барша аналарға арнаған тақпақтарын тыңдап көріңіздер. Тақпақтар:
.Аружан Е:Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсіз ғой аналар.
Зор денсаулық,мол бақыт,
Тілейміз біз балалар.
Мадина: Дүниедегі ең қымбат кім?
Ол-ана.
Дүниедегі ең жұмсақ не?
Ол –ана.
Дүниедегі ең тәтті не?
Ол-ана.
Аружан Т: Сеннен өскен балалар,
Сеннен өскен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті асыл аналар
Мейрамбек:Таңдай қағар тамсана,
Тіршіліктің басы –ана!
Қыздырайық тойды біз ,
Бар әлемге мақтана.
Би: ,,Тентегім,,
Жүргізуші:-Бүгін біз ерекше мейрам ұйымдастырмақшымыз.Ертеңгілік емес,,Ал кәнекей аналар,, сайысы.Аналарға арнап сайыс шарттарын құрдық,аналар бізге қандай шебер,тапқыр және жай ғана ана екеніндігін көрсетулері керек.Сайыс соңында номинациялар беріледі.
Әділдікпен бұл сайысты байқайтын,
Туралықтан ешуақытта қашпайтын,
Сайысқа төрелік етіп,оң бағасын беретін,
Әділқазы алқасымен танысайық- әділқазы мүшелері --------------------
Жүргізуші Уа,халайық,халайық,
Мұнда назар салайық.
Аналарға арналған
Кешімізді бастайық - деп аналарды сайыстың бірінші бөліміне шақырамыз.
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген аналар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер дейміз - Сайысқа қатысушы аналар өздерін таныстырып өтеді.
Аналар сөз өздеріңізде.
Жүргізуші:-Балалар бұл мейрам қай жыл мезгілмен қатар келіп тұр?
Балалар:-Көктем мезгілімен қатар.
Жүргізуші: Олай болса кім бізге әсем көктем туралы тақпақ айтып берер екен?
Ару: Қар еріді ,су ақты,
Күндер туды шуақты.
Байтақ дала келбеті,
Түкті кілем сияқты.
Асылай: Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада орманда,
Құстар әні төгілді.
Бәйшешек гүл ашады
Мұздар сайға қашады,
Суға толып, өзен, көл
Кемелінен асады.
Ән ,,Наурыз-Көктем,,
Жүргізуші:-Ендігі кезекті ойынға берейік.Бүгін ойынды өздеріміз емес ,келіп отырған қонақ аналарымызбен ойнаймыз.Ойын:,,Кім жылдам шеңбер құрайды?,,-деп аталады.
Шартын түсіндіру.Ортаға төрт ана шақыру.
Жүргізуші:-Сайысымыздың келесі бөлімі:,,Сәнгер-Ана,, деп аталады, яғни сән үлгісін көрсетеді. Аналар қыздарын қажетсіз материалдардан дайындалған киім үлгісімен сәндеп, ат қойып таныстырады.Дайындалуға уақыт беріледі.
Көйлек киіп әдемі,
Тамсандырар елімді,
Түрлі-түсті сән көйлек,
Көз тартады не керек.- Қыздарымызды ортаға шақырамыз.Аналар кезекпен өз топтамаларын
таныстыруын сұраймыз.
Жүргізуші:-Аналарымызға арналған өлеңдерімізді оқуға ортаға балаларымызды шақырамыз. Балалар тақпақтарын айтады
Биі:,,Армян биі,,
Сайысымыздың келесі бөлімі ,,Шебер қолдар ,,деп аталады. Аналарымыз қыздармен бірге
мерекеге арналған ашықхат дайындайды.Бұл бөлімде аналар өздерінің шығармашылық
қабілеттерін,шеберліктерін көрсетеді.Ол үшін түрлі –түсті қағаз,альбом беттері,
желім,қайшы ,қарындаш беріледі
Аналар қыздарымен үстелге жайғасып,жұмысқа кіріседі..
Жүргізуші:-Балалар 8 наурыз тек аналардың мейрамы ма?
Балалар: Жоқ.Қыздардың,әжелердіңде мейрамы.
Олай болса әжелерімізге арналған тақпақтарымызды айтайық
Хамза:Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Айналайын әхелер,
Құтты болсын мерекең.
Темірхан:Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Ауырмашы ай әжем.
Ән:,,Дана әжем,,
Жүргізуші:-Кезекті тағыда ата-аналармен ойынға береміз.Ойынымыз,,Тапсырмана орында ,,деп аталады.Шартын түсіндіру.Ортаға екі ата –ана шақырылады.Жіптің ішіндегі тапсырманы оқып,орындауды сұрау.
Жүргізуші
Әй-әй бөпем, әй бөпем.
Ән
айтайын, бал бөпем.
Ән
тыңдағын келсе егер,
Және
айтайын, жан көкем…-деп әрбір қазақ
анасы баласын бесік жырына
бөлеп ұйықтатқан.Сайысымыздың келесі бөлімінде аналарымыз баланы
құндақтап,бесікке бөлеп,бесік жырын айтып ұйықтатады.Аналар кезекпен шығады.
Жүргізуші -Балалардың аналарына арнаған өлеңдері бар екен,олай болса сөз
бүлдіршіндерде
Санжар:Анам менің тірегім,
Анам менің жүрегім.
Сен болмасаң қасымда,
Қалай өмір сүремін.
Асылхан:Мен үшін асыл жан,
Тек өзің ғанасың.
Қартайма жүз жаса,
Қымбатты анашым.
Елнар: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен
Нұрила:Әлпештеген,аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Тақпақ айтып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын
Жарас: Мен анамды сүйемін,
Ақылын ойға түйемін.
Мәпелеген анамды,
Қуансам деп келемін
И.Алихан:
Ясмина: Ана өмір жарығы,
Ана өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр әні,
Құлағымда тұрады.
Т.Алихан:
Би:,,Вальс,,
Жүргізуші:-Сайысымыздың соңғы бөлімі:,,Үй тапсырмасы,,Сайыскерлер үй тапсырмасын орындауға кіріседі.
Жүргізуші:Анасына қолғанат,
Барлық істе балақан.
Қонақ күтіп,ас қамдау,
Үйренеді анадан - деп қыздар аналарымен бірге үйде дайындаған тағамдарының алып шығып, атауын айтады. Аналар тағамның құрамымен таныстырып,дайындалу жолын айтып,әділқазы мүшелеріне сараптама жасауға ұсынады.
Аналар мен қыздар көңілді музыкамен тағамдарын алып бірінің артынан бірі шеңбер бойы жүріп , жарты шеңбер құрып тұрады.Кезекпен сөз алады.
Осымен сайысымыз аяқтала келді,уақыттарыңызды бөліп бізбен бірге мерекені көңілді өткізуге атсалысып қатысқанедарыңыз үшін мың алғыс айтып, ендігі кезекті әділқазы алқасына береміз. Марапаттау бөлімі.Номинациялар беріледі.
Жүргізуші:Құрметті аяулы аналар,ардақты әжелер,асыл қыздарымызды тағыда мерекемен құттықтаймыз,атсалысып қатысқандарың үшін,уақыттарыңызды бөліп келгендерің үшін шексіз алғыс білдіреміз.Кешімізді аяқтай келе балардың сіздерге арнаған
,,Анамызды сыйлайық,,атты әзіл –өлеңдерін тыңдауға шақырамыз.
Жандәулет:Анамызды сыйлайық,
Үйдің ішін жинайық.
Бұрынғыдай еркелеп,
Ерегесіп тұрмайық.
Сұлтан:Гүлдерді де суарып,
Едендіде жуамын.
Келген кезде жұмыстан,
Қалсын апам қуанып.
Алан: Өлең айтып беремін,
Нанды алып келемін,
Өйткені мен мамамды
Өте жақсы көремін
Нұрғаным:Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Мерекемен құттықтап,
Сыйлықтарды сыйлаймыз.- балалардың өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс ету.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген