Материалдар / Ал, қане қыздар!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ал, қане қыздар!

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық, тапқырлық, шеберлік т. б. жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әсемділікке тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2020
330
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен мектеп-лицейінің
Көркем еңбек пәні мұғалімі
Нурбергенова Айнагүл Амандыққызы
Тақырыбы:«Ал,қане, қыздар!»
Түрі: танымдық сайысы
Пәні: көркем еңбек
Сыныбы: 8
Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік,
ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық, тапқырлық, шеберлік т. б. жан - жақты
ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге
үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын,
шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әсемділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қанатты сөздер, картиналар, жүн, рама, мата түрлері,
манекен, инелер, қайшы, түйрегіштер.
Бағдарлама:
1) Танымдық тапсырма
Берілген картинаға байланысты мақал құрау
2) Эстетикалық талғам
Қазақ қызының шаш үлгісі
(шаш үлгісі, киім үлгісі, оқушының жүріс-тұрысы бағаланады)
3) «Табиғат қандай тамаша!»
(тақырыпқа байланысты жүннен өнер туындысы - картина дайындайды.)
4) «Қиялдан туған туынды»
( Манекенге таратылып берілген материалдардан сән үлгісін жасайды.)
Ескеру:Әр топтың қиял ұшқырлығы бағаланады

І жүргізуші
Армысыздар, құрметті ата - аналар, аяулы ұстаздар және оқушылар!
Бүгін, сіздер мектебіміздің 8-сынып қыздары арасында «Ал, қане, қыздар!» байқауын
тамашалауға келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші
Әділ - қазылар алқасымен таныстырамыз
1) Мектеп басшысы
2) Мектеп әдіскері
3) «Ибалы қыз» кеңесі төрайымы
І жүргізуші
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе - елдің көркі» - деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам!»
І жүргізуші
Шық аруым жарысқа,
Бір - біріңнен қалыспа.
Өнеріңді байқасын,
Мына отырған халық та, демекші, бүгінгі мектепшілік байқауымызға қатысушы
қыздарымызды ортаға шақырамыз. (қатысушылар ортаға кезекпен шығады. «Қыз сыны»
Отформатировано: Отступ: Слева: 0 см, Выступ:
0,25 см
Отформатировано: Отступ: Слева: 1,27 см, Не
добавлять интервал между абзацами одного стиля


Page 2

әнінің әуені қосылады).
ІІ жүргізуші
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыла төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
І жүргізуші
1тапсырма. Екі картина көрсетіледі, осы екі картинаға байланысты мақал
құрастыру (әділ қазылар бетшелеріне бағалап отырады).
ІІ жүргізуші. Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің,
инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе, қыз баланың көрікті болып
өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі - жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың
шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған.
Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған.
Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген.
І жүргізуші
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін, - деп Абай атамыз жырлағандай, байқауымыздың
негізгі «Эстетикалық талғам» бөліміне кезек берейік.
І жүргізуші
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ қиғаш қара қасыменен.
Майысып, бұратылып, майда басып,
Жаныңа наз қылықпен келгенімен.
2-тапсырма.
қазақ қызының шаш үлгісін жасау.
(Бұл сайыста әр топтан бір қызға шаш үлгісін жасап, көрсетеді.
Қыздардың киімі, шаштың өрімі, жүріс - тұрысы бағаланады)
ІІ жүргізуші
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізіліп сөз маржанын тергенімен.
Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен.
3-тапсырма. Таратылып берілген түрлі – түсті жүннен «Табиғат қандай тамаша!»
тақырыбына байланысты өнер туындысы - картина дайындайды.
(7 минут уақыт беріледі. Әр топтың қиял ұшқырлығы бағаланады)
ІІ жүргізуші
4-тапсырма
«Қиялдан туған туынды» манекенге сән үлгісін жасайды.
(Берілетін уақыт - 5 минут) Оны қорғайды.
І жүргізуші:Әділ қазыларға сөз беріледі (Жеңімпаздар анықталып, марапатталады).
ІІ жүргізушіҚолөнері халқымның өрістесін,
Әрқашан Алла берсін берекесін.
Осымен жыр кестесін аяқтаймын,
Өнерлі жастарымыз өсіп өнсін!
Олай болса, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!


Page 3



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!