400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Ал, қанеки қыздар!" (сыныптан тыс шара)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«№ 45 ЖОББМ» КММ















« Ал, қанеки, қыздар! »

(сайыс сабақ)








Сынып: 2 «В»

Сынып жетекшісі: Кереева Ш.М.


















2018 – 2019 оқу жылы

«Ал, қанеки, қыздар!» атты сайыс
Өтілу формасы: Конкурс (сайыс)
Міндеттері:

  • Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәндерге деген қызығушылығын ояту;

  • Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру;

  • Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын сауық, жарыс.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, математика, көркем еңбек.
Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, сурет көрмесі, қолөнер бұйымдары.

І. Ұйымдастыру бөлімі:
- сайыстың тақырыбымен таныстыру,
- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,
- әділқазы алқаларымен таныстыру.
- сайыстың шарттарымен таныстыру

Сайыс барысы:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнербілімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,

Дарынды мектеп дәстүрін
Жаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, - деп «Ал, қанеки, қыздар» атты кешімізді бастайық.
- Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.
1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады.
2-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы.
3-шарт. «Кім жылдам?»
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
ә) картоп ашу
б) Инені сабақтап түйіндеу
в) Алманы турау (әр топтан 1 қыз шығып, алманы тез әрі әдемі турау керек).
г)Киім бүктеу (әр топтан 1 қыз шығып киімді тез, әрі мұқият бүктеу керек).
4-шарт. «Тіл өнері»
Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын табу.
5-шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі пәндерден сұрақтар беріледі.

Жүргізуші:

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.

1шарт бойынша «Сәлем сөздің -анасы» әр топ өздерін таныстыру.

Жүргізуші:
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.
«Бәйге»
Әр топқа 10-сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек.
«Бәйге» І - топ

1.Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
4. .Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
5. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)

«Бәйге» ІІ – топ
1. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)
2.Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)
3.Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
4.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
5.Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)

«Бәйге» ІІІ – топ
1. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
2. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
3. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)
4. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
5. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)

3-шарт. «Кім жылдам?»
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).
ә) Картоп тазалау. (әр топтан 1 қыз шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).
б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).
в) Алманы турау (әр топтан 1 қыз шығып, алманы тез әрі әдемі турау керек).
г)Киім бүктеу (әр топтан 1 қыз шығып киімді тез, әрі мұқият бүктеу керек).


Жүргізуші: 4-шарт. «Тіл өнері»(үш тілде айту)
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.
1-топ
1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине-Игла-needle)

2. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз-Соль-Salt)
3. Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық-Ложка-spoon).

4. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады,

Ірімшік май құртыңда. (Сүт-Молоко-milk)

5. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап,
Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ-посуда-dishes)

6. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол-Рука-hands)

7. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама.(Кітап-Книга-Book)


- Келесі кезекте 5 - шартымыз «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Әр түрлі пәндерден сұрақтар беріледі. (оқушы ой-өрісі).

Әр топ алдына тапсырма беріледі, топпен жұмыстанады.


1. У әрпі дауыссыз болатын сөзді тап:
А) Қуат

В) туған

С) уақыт

Д) жу
2. Дұрыс жазылған сөзді тап:
А) тайақ

В) кіиім

С) аяз

Д) қәзір
3. Ұяң дауыссыздарды тап:
А) к, қ, с, т, ш, щ, ц

В) л, м, н, ң, р, й, б

С) б, в, г, ғ, д, ж, з

Д) ч, в, к, й, ф, м, р
4. Мәтіннің түрін анықта:

Мен екінші сыныпта оқимын. Сабағымды қызыға дайындаймын. Кітап оқығанды ұнатамын.
А) Сипаттау

В) пайымдау

С) әңгімелеу

Д) ешқайсысы емес
5. Сұраулы сөйлемді тап:
А) Олар тату тұра ма

В) Әжем келді.

С) Су ақты

Д) Сабақтан кешікпе
6. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап:
А) балалық

В) теңіз

С) жайлау

Д) жүгіру

7. Мәндес сөздерді тап:
А) Қария, шал

В) үйге кел

С) жап - жақсы

Д) ақ - қара
8.Түбір сөзді тап:
А) Домбыра

В) сазсырнай

С) сызғыш

Д) аққала
9. Жұрнақ жалғанған сөзді тап:
А) Жұмыста

В) жұмысқа

С) жұмысшы

Д) жұмыспен
10. Қате жазылған сөзді тап:
А) фудбол

В) баскетбол

С) теннис

Д) хоккей
11. Сұлу сөзіне мәндес сөздерді тап:
А) Ибалы, сыпайы

В) ару, көркем

С) қатігез, долы

Д) айдай, аппақ

12. 3 ондығы бар санды көрсет
А) 300
Ә) 3
Б) 30

13. Х - тың мәні қаншаға тең? Х+20=70
А) 50
Ә) 90
Б) 60

14.«24 пен 8 санының айырмасына 5-ті қос» . Осы өрнектің жазылуын табыңыз.

А) 24 + ( 8 – 5 )

В) ( 24 – 8 ) + 5

С) 8 + ( 24 + 5 )

15. Адам өміріне ең қажетті нәрселердің бірі

А) жылу

В) қалам

С) дәптер

16. Адам өміріне ең қажетті жағдайларды қайдан алады?

А) ауа

В) табиғат

С) кітап

17. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан жариялады?

А) 1990 ж 16 желтоқсан

В) 1991 ж 16 желтоқсан

С) 1992 ж 15 желтоқсан



- Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ марапаттау қағазымен марапатталады.
- Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.











2 «В» сыныбында өткен тәрбие сағатына

А Н Ы Қ Т А М А



Күні:

Сабақ тақырыбы: «Ал, қанеки қыздар!» 
Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Сабақтың мақсатын баяндау

  3. Барысы

1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады.
2-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы.
3-шарт. «Кім жылдам?»
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
ә) картоп ашу
б) Инені сабақтап түйіндеу
в) Алманы турау (әр топтан 1 қыз шығып, алманы тез әрі әдемі турау керек).
г)Киім бүктеу (әр топтан 1 қыз шығып киімді тез, әрі мұқият бүктеу керек).
4-шарт. «Тіл өнері»
Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын табу.
5-шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі пәндерден сұрақтар беріледі.


Қорытынды:

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.






Сынып жетекшісі: Кереева Ш.М.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
726
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі