Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Еңбекшіқазақ ауданының «№8 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ
Баяндама

Педагог-логопед: Джамбурбаева А.А
Шелек ![]()
Алалия; логопедтің теориясы мен практикасы
Алалияны айқындау өте қиын, себебі, бұл ауытқудың өзі күрделі, кейбірсөйлеу тілінің бұзылыстарымен немесе сөзсіз бұзылыстармен ұқсасжәнекүрделі болып келеді. Алалияны зият бұзылыстарынан, психикалық дамуының тежелуінен,ерте балалық аутизмі бар балалардан ажырата білу қажет.
Зиятының жеткіліксіздігі бар балаларға орталық жүйке жүйесінің диффузды түрде жетілмеуі тән болады, ал алалиясы бар балаларда екі жарты шардағы бас миының аса біліне қоймайтын билатеральды зақымданулары, бас ми қыбығындағы жүйке клеткаларының жетіліп дамуының кешеуілдеуі байқалады.
Зияттың жеткіліксіздігіндегі және алалиядағы сөйлеу тіл бұзылыстарының түрлі механизмдері осы екі категориядағы балалардың сөйлеу тілі дамуының динамикасының ерекшеліктерін белгілейді. Сондай-ақ, зиятының кемістіктері бар балалар 6-7 жасқа келгенде, олигофренияның күрделенбеген түрлерінде, ана тілінің қарапайым грамматикалық стереотиптерін өз бетінше меңгерсе, ал моторлы алалиясы бар балалар өз бетінше дұрыс сөйлеуді меңгере алмайды. Зиятының жеткіліксіздігі бар балалардың сөйлеу тілі дамуының кешеуілдеуі тотальды бірқалыпты сипатта болады және импрессивті және экспрессивті сөйлеу тілінде байқалады. Алалияда не импрессивті не экспрессивті (алалияның түріне байланысты: моторлы немесе сенсорлы) сөйлеу тілінің жетілмеуі байқалады.
Алалияда сөйлеу тілін түсінуде күрделі бұзылыстар байқалмайды. Алалиясы бар балаларда сөздің дыбыстық және буындық құрамы бірінші реттілік болып бұзылған болса, зиятының жеткіліксіздігі бар балаларда ол екінші реттілік болып бұзылады. Алалиясы бар балалар сөйлемнің құрылымын бұзып айтса, зиятының жеткіліксіздігі бар балаларда ол сақталады, алайда, семантикалық аграмматизм айқын көрінеді. Зиятының жеткіліксіздігі бар балалар ойды дұрыс іріктей алмайды, баяндаудың мәнін бұзып, ақпаратты айтуда уақытты дұрыс жеткізе алмайды. Зиятының бұзылысы бар балалардың психикалық дамуында, таным әрекеттерінің жетілмеуі, эмоциялық жағының кедейлігі анық көрінеді. Алалиясы бар балаларда дифференциалды түрде эмоциялық реакциялары, өзінің сөйлеу тілінің кемістігіне сынмен қарап бағалауы байқалады. Алалиясы бар балалардың психикалық дамуының қарқыны зияты төмен балалармен салыстырғанда аса жоғары, алайда, қалыпты сөйлейтіндерден төмен болады. Балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары, бас миының қабығындағы сөйлеу аяларының зақымдануымен емес, ең алдымен, анализатор арасындағы байланыстардың жеткіліксіздіктерімен байланысты. Алалияда сөйлеу тілінің тұрақты, терең бұзылыстары, аграмматизм белгілері болады, алпсихикалық дамуының тежелуімен күрделенген оқуда қиындықтарға тап болатын балаларда ондай байқалмайды. Логопедияда бұзылыстың механизмі мен шоғырлануын белгілеудің қиындықтарымен мүмкін еместігі салдарынан алалия тобына сөйлеу тілінің тежелуі бар балаларды қосып жатады.
Себебі: алалиясы бар балалар сияқты сөз қорын молайтуда, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын өңдеуде, дыбыстарды айтуда қиналады. Алалиясы бар балалардың сөйлеу тілін тексергенде, оның даму жолдарының ерекшеліктерін және өзіне тән қиындықтары байқалады.Алалияда баланың ұзын түсініктемелерді түсінуі ауыр болады. Жалған алалия синдромы церебральды сал ауруы (параличі) бар балаларға тән болып келеді.
Алалия балалар церебральді сал ауруында (параличінде) кездеседі, әсіресе, жүре пайда болған оң жақ гемиплегияда. Жалған алалия синдромы церебральді сал ауруы (параличі) бар балаларда кездесіп, сөйлеу тілінің қалыптасу қарқынының тежелуі түріндегі белгісінде болуы мүмкін. Бұл жерде қимыл-қозғалыс жеткіліксіздігінің интеллект зақымдануымен бірге болуы, іс-әрекетінің бұзылуы, мотивацияның бұзылуы, соматикалық әлсіздігі сөйлеу тілінің дамуына кері әсер ететін факторлар болады. Жалған алалия синдромының құрылымында ең алдымен, сөйлеу тілінің экспрессивті жағының қалыптасуының бұзылуы - сөйлеу тілінің фонетикалық және лексикалық-грамматикалық жақтарының дамуы тежелуі, сөйлеуге деген негативизм, қарым-қатынас жасаудағы қиындықтар, фонематикалық естудің бұзылыстары көрініс табады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз