400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Аламан бәйге» Қазақ ұлттық спорт түрлерінің республикалық фестивалінің ашылу салтанатыныңсценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздарға ,жаңа концерттік бағдарлама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «БАЛДӘУРЕН»

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МИНИСТРЛІГІ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ

ОРТАЛЫҒЫ



ТӘРБИЕ КЕШЕНІ


Shape1

2020 жылдың «Аламан бәйге» Қазақ ұлттық спорт түрлерінің

республикалық фестивалі 15-ауысымның

ашылу салтанатының сценарийі

Іс-шараға жауапты:

Жасұлан Алмат

Сүндетбаева Риза

Өткізілетін орны: Балқаш қ. Балдаурен сахнасы

Өткізілу уақыты: 16.11.2020 ж, сағ. 12:30

Қатысушылар: ауысым қатысушылары, педагогикалық ұжым, ауысым қонақтары.

Мақсаты: ауысымға қатысушы балалар бойындағы қызығушылықтарын ауысым тақырыбына сай бағыттау, жаңа ауысымға бастама беру.

Міндеттері:

  • балалар мен жасөспірімдерді ауысым барысындағы іс-шараларға белсене қатысуға ұмтылдыру;

  • балалар бойында әлеуметтік, достық қарым-қатынасты дамыту;

  • ауысымға қатысушы балалар арасында қарым-қатынас орнату.

Қолданылатын көрнекіліктер:музыкалық сүйемелдеу, микрофондар, планшеткалар.

Жүргізушілер: – ұйымдастырушы-ұстаздар.

Іс-шара барысы:

Сахнада бір неше қыздардан құралған бишілер "Серпін" күйіне қазақы нақышта ұлттық ойындар түрлерін көрініс ретінде көрсетіп билеп шығады. Би соңына ұлттық киімдер киген балалар әр түрлі қозғалыстар арқылы ортада жаршыларға жол ашады.

1 жаршы: Құлағын тұр қайшылап қазан аттарың,

Бақ пен бабы сай келсе, озады аттарың.

Ал, бұйыртып бəйгенің алдынан келсең,

Көкке лақтыр бөркіңді, азаматтарым!

2 жаршы: Уа халайық, халайық мұнда назар салайық,

Балдәурен атты мекенде ұлы дала ойыны бастау алды қарайық.

Аламан бәйге басталды назарды мұнда салайық

Ортаға көкпар биін билеп 10 шақты бала шығады.

1 бала: Ұлттық ойын – салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын адамды тәрбиелеп шығарудың құралы.

2 бала: Одним из важнейших элементов культуры казахского народа являются национальные игры, как историческое наследие, закрепленное вековым опытом и жизнью многих людей. 

3 бала: Казахские национальные игры - это не просто игры, а это целый мир познавательных и воспитательных мер. Через игры дети узнавали свою культуру и свои обычай.

4 бала: Казахские национальные игры - выполняли широкую, универсальную функцию. Яркими представителями таких игр были: қол күрес, күрес, ләңгі тебу, тоғыз құмалақ, асық и др.

Балалар іс қимылдармен сахынадан шығып кетеді

Ортаға 2 бала ойын түрлерін таныстыруға шығады.

Ойын түрлері таныстырылып жатқан сәтте сахнада балалар ойындарды көрсетіп тұрады

Қол күрес- Қазақстанда ұлттық спорт дәрежесіне көтерілген сайыстың бірі. Ұлттық мерекелер мен түрлі жиын-тойлардың көркі болған білектілер сайысы.

Күрес - казахская национальная борьба. Казакша курес является одним из древних видов спорта у казахов. Цель схватки — бросить противника на спину. Приёмы казакша курес были включены в технику борьбы самбо. Зачастую борцы казакша курес (палуаны) участвуют в различных соревнованиях по самбо и дзюдо.

Арқан тартыс ойыны — ұлттық ойын. Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады.Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Ойынның мақсаты қарсыласты белгіленген сызыққа дейін тарттып алу.

Тоғыз құмалақ- это настольная игра на доске на логику и смекалку, призваная развивать логическое математическое мышление и выдержку. 

Асық ойыны- қазақ халқының дәстүрлі ойыны.  Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп бөлінеді.

1 бала: Қазақтың ұлттық ойындары-ұлттың қазынасы!

Қазақ киімдерін киген қыздар сахнаға шығып тұрып қалады

2 Бала: Казахские национальные игры это неотъемлемая часть казахской культуры

Ойындарды таныстырған балалар шығып белгілі бір іс қимыл жасап тұрып қалады

3 бала: Ұлттық ойындар - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. 

Көкпар биін билеген балалар бір іс қимыл жасап тұрып қалады

4 бала: : Национальные игры - это достояние нашего народа и мы должны передовать это следующему поколению!

Барлық қатысушылар: Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың асыл мұрасы!

Фанфар ойнайды, жүргізушілер шығады

Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар мен ауысым демалушылары! Қасиетті Балқаш жері мен «Балдәурен» атты бақыт ордасына қош келдіңіздер!

Ведущий: Мы рады приветствовать вас на торжественной церемонии открытия 15 смены 2020 года Республиканского учебно-оздоровительного центра «Балдаурен» города Балхаш. Этот центр отличается от других центров тем, что проводиться инклюзивное образование.

Жүргізуші: Құрметті достар, 2020 жылғы «Аламан бәйге» қазақ ұлттық спорт түрлерінің республикалық фестивалі атты 15 ауысымын ашу мәртебесі және құттықтау сөз Балқаш қаласының «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиал жетекшісінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кампышев Серікбай Бейсембайұлына беріледі.

Ауысым ашық деп жарияланады

ҚР Гимні

Ведущий: А сейчас самый волнительный момент. Ведь именно сегодня мы узнаем, кто стал президентом 15 смены 2020 года центра «Балдаурен-Балқаш».

Жүргізуші: Сонымен, 50% дауыс жинап, 2020 жылдың 15 ауысымының президенті болып ______________________ сайланады.

Ведущий: Для вручения удостоверения и отличительного галстука президенту 15 смены 2020 года приглашается

(15 ауысым Президентіне куәлік тапсыру рәсімі)

Жүргізуші: Біз Отанның ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Балдәуреннің Ұланы

Ант беруге дайын бол!

президенттің ант қабылдау рәсімі

Жүргізуші: 2016 жылдың наурыз айынан бастап «Қазақстандық жас патриоттар академиясы» өз жұмысын атқарып келеді. Қазіргі таңда Академия құрамына қабылданған 2444 бала туған жерлерінде патриоттық ұстанымдарды насихаттап жүргізуде.

Ведущий: В 3 смене 2016 года в головном центре была создана «Академия юных патриотов-казахстанцев», 2459 детей принятых в члены Академии, ведут пропаганду патриотизма в своих областях.

Ведущий: «Национальные игры» – неотъемлемая часть казахского народа. С помощью игр казахи воспитывали в себе такие качества как: ловкость, скорость, стремление к лучшему, доброта, человечность, конкурентноспособность.

Жүргізуші: 2020 жылғы «Аламан бәйге» атты қазақ ұлттық ойындары фестивалінің спорт түрлерімен таныстыру үшін және құттықтау сөз Балқаш қ. «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің меңгерушісі Алхин Ринат Хайыржановичке беріледі.

Спорт түрлерімен таныстырады


Жүргізуші: В 15 смене 2020 года, у вас, дорогие балдауреновцы, будет уникальная возможность продемонстрировать свои спортивные достижения на корабле дальнего плавания острова детской мечты «Балдаурен-Балқаш»!

Жүргізуші: Құрметті 15 ауысымның қатысушылары! Сіздерде ауысым барысында өтетін байқауларға, сондай-ақ әр түрлі спорттық сайыстарға, қызықты мерекелік іс-шараларға белсенді қатысу арқылы көптеген марапаттарға ие бола аласыздар!


    1. «Жүрегің қазақ» әні,

орын:Төрехан Шалқар, Тұрсын Ақберен, Шайхымалиев Мейрам

Ән кезінде қазақ биін билеген қыздар шығып,

қолдарына шар ұстап би қимылдарын жасап тұрады

1 ер бала КР туын шығарып сермеп тұрады


Жүргізуші: Біздің алтын ұямыз – Қазақстан Республикасы. Жүрегі «Елім» деп соғатын нағыз патриот азаматтар ғана біздің Отанымызды биік шыңдардан асқақтата алады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17.11.2020
1119
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі