Алаңдағы ойындар

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алаңдағы ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға таза ауада ойналатын қимылды ойындарды таныстыру; таза ауада түрлі қимылды ойындарды ұйымдастыра отырып, қуанышты, көңілді көңіл-күй қалыптастыру; төзімділікті, жылдамдықты, ептілікті дамыту; таза ауада ойналатын алаң ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру, ойын ережелерін бұзбай орындауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаратылыстану: Алаңдағы ойындар

Оқу қызметінің мақсаты

Балаларға таза ауада ойналатын қимылды ойындарды таныстыру; таза ауада

түрлі қимылды ойындарды ұйымдастыра отырып, қуанышты, көңілді көңіл-күй

қалыптастыру; төзімділікті, жылдамдықты, ептілікті дамыту; таза ауада

ойналатын алаң ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру, ойын

ережелерін бұзбай орындауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс

Тақия, Алдаркөсе, торғай.

Әдіс-тәсілдер

Қимылды ойындар: «Тақия тастамақ», «Торғайлар мен автомобиль», «Теңіз

толқиды».

Құрал-жабдықтар

1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР

Сылдырмақтың дыбысы жазылған дыбыстық жазба, сылдырмақ, Алдар көсе,

тақия.

2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР

Барлық балаларға торғай маскасы, машинаның рулі.

Оқу қызметінің барысы

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1.1. Педагог жаз мезгілі туралы өлең оқиды.

Жаз келіп жадырап,

Балалар ойнайды.

Далада асыр сап,

Ойынға тоймайды.

- Бүгін біз сендермен алаң ойындарының фестивалін бастаймыз! Аула

1

ойындарын аулада жиналатын барлық балалар ойнайды. Ал, біз ойын алаңына

жиналдық.

Педагог сылдырмақты сылдарлатып балаларды ойынға шақырады.

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

Жаз келді алақай!

Ойнаймыз далаға-ай.

Қамалып отырмай,

Жүріңдер, балақай!

- Қараңдаршы, балалар, бізге қонаққа кім келді?

- Сіз кімсіз?

- Қайда барасыз?

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. - Мен, Алдар көсемін.

Алдар көсе:

- Мен сендердің аула ойындарын ойнайтындарыңды естіп, бірге ойнауға бел

будым. Мен көптеген ойындарды білемін және сендермен сол ойындарымды

бөлісемін.

Балалар шеңберге тұрады, Алдар көсе шеңбердің сыртында жүреді.

- Қазақтың халық ойыны «Тақия тастамақ».

Серуенде бұл ойынды шеңбер жасап, түрегеліп тұрып ойнауға болады. Сырттан

бұл шеңберді айналып өтіп, көшбасшы балалардың біреуінің артына тақияны

қалдырып қашып кетеді. Егер, артында тақия қалған ойыншы мұны байқаса, ол

көшбасшыны қуып жетуі керек, ал көшбасшы шеңберде ойыншының орнын

алуға тырысуы керек. Егер ойыншы жүргізушіні қуып жете алмаса, онда ол өз

2

өнерін көрсетуі керек. Мысалы, ән айту, тақпақ айту немесе би билеу.

2.2. Алдаркөсе:

- Балалар, сендермен «Торғайлар мен автомобиль» ойынын ойнайық. Алдымен,

торғайлардың қалай ұшып, қалай секіретінін еске түсірейік.

Мен торғаймын, торғаймын (қанаттарын қағады),

Суықтаймын да тоңбаймын (екі аяқпен секіру),

Құрт-құмырсқа шіркейден (еңкейеді)

Бау-бақшаны қорғаймын.

- Балалар, ойын ережесін мұқият тыңдаңдар! Торғайлар орындықтарда отырады,

олар ұялар болады. Олар белгі бойынша ұшады, секіреді, дән іздейді. Көлік (мен

көлік боламын) «Би-Би-Би» дыбысын шығарғанда, барлық торғайлар ұяларына

ұшып кетеді.

2.3. Алдар көсе:

- Балалар, «Теңіз толқиды» ойынын ойнайық.

Теңіз толқиды - бір,

Теңіз толқиды - екі,

Теңіз толқиды - үш,

Теңіз фигурасын көрсет!

Дәл сол жерде қату.

Осы кезде балалар қолдарын екі жаққа жайып айналады және тербеледі.

«Көрсет» сөзі айтылғаннан кейін ойыншылар белгілі бір қалыпта қатып

қалғандай болып, кез келген фигураны бейнелеуі керек (олар бірінші топтың

балалары). Одан кейін жүргізуші ойыншылардың біріне қолын тигізеді, қимылсыз

тұрған бала қимылға келеді. Ойын жүргізушісі қандай фигура екенін табуы

керек, ол үшін ойыншы қолдары мен аяқтарын сермеп бейнелеуі керек.

Фигураны дұрыс көрсете алмаған ойыншы жүргізушіге айналады және ойын

осылайша жалғасады.

2.4. Алдар көсе:

- Жарайсыңдар, балалар! Барлығың да батыл, епті, шеберсіңдер екен. Сендер

ойындарды тамаша ойнадыңдар, Шаршаған шығарсыңдар?

Музыка әуенімен балалар сергіту жаттығуын жасайды.

3

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

Педагог:

- Балалар жарайсыңдар! Бәрің кереметсіңдер! Алдар көсе, бізбен ойнағаныңызға

көп рахмет. Балалар, топқа кіретін уақыт болды.

Алдар көсе:

- Менің де қайтатын уақытым келді. Сендерге көп рақмет! Сендермен

қоштасамын, Сау болыңдар, балалар!

3. ҚОРЫТЫНДЫ

- Балалар, бізге кім қонаққа келді?

- Алдар көсе.

- Біз бүгін не істедік?

- Біз әртүрлі ойындар ойнадық. Жарайсыңдар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2025
202
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі