400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Алақай Жаңа жыл келді

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы





Ертеңгіліктің тақырыбы: «Алақай жаңа жыл келді »


Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл туралы түсінік бере отырып, ертегілерге

ғажайып қиял арқылы,мерекеге деген қызығушылықтарын ояту.

Көрнекілігі: шырша, аяз ата мен ақшақар, санбуфер.

1-жүргізуші : Армысыздар құрметті ата-аналар ,қонақтар бүлдіршіндер.

Сіздерді Жаңа- Жыл мерекесімен құттықтаймыз.


2-жүргізуші: Жаңа жаңа бақыт сыйласын

Көгімізде бақыт құсы самғасын

Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы әнін

Қуанышпен арайлансын ақ таңың


1- жүргізуші: Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп көбейсін

Ортақ ойы арманы

Жақсы дәстүр көбейсін

2- жүргізуші: Бәрекелді құрметті халайық, бүгінгі Жаңа жыл мерекесін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен әсем ән сәнді бимен өткізейік

Ән: Ақ қоян

Уақыт таяп қалған сияқты ескі жылды қарсы алайық бізге айтары бар шығар.


Ит жылы : Жасампаз заман бұл заман

Бүгіннен ертең ғаламат

Алдыңғы сапта боларсың

Келер жыл саған аманат


Аяулы да құрметті ит жылы сен құтты жыл болдың!

Біз саған ризамы.Енді сені тарих сапарына аттандырғалы тұрмыз, ал сау бол Ескі жыл! Ән : Шыршаға бардық 2-жүргізуші: Балалар енді ортамызға келер жаңа жылымыз Доңыз жылын

шақырайық.


Доңыз : Сәлеметсіздер ме балалар мен кешігіп қалған жоқпын ба ?


Доңыз жылы: Армысыңдар халайық,

Бармысыңдар халайық

Жаңа жылды жұп жазбай

Келіңдер қарсы алайық.

1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын тамсаныңдар

Сүйіншімен маңайға жар салыңдар

Аяз ата келеді Ақшақармен

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар

Хормен : Аяз ата аааауууууу Ақшақар.


Аяз ата мен Ақша қар келеді

Аяз ата: Сәлем бар адамдарға Ардақты ұл қыздарға Бүлдіршін балаларға Баршаңызға амандық тілеймін.

Ақшақар: Ал кәнекей балалар Ән мен жырға басайық Той думанды жалғайық Шыршамызды айналып Би билеп ән салады Ән «Шырша жыры»


Сиқыршы : Шырша шамын жағады

Жарқыра,жарқыра

Шамдарыңды жарқырат!

2-жүргізуші: «Жемістер» тобының ата-аналарының Жаңа жылға әзірлеген


«Бауырсақ» ертегісін тамашалайық.


Би:


1-жүргізуші: «Жемістер» тобының сіздерге әзірлген Жаңа Жылдық тақпақтарын тамашалайық

Әли Оразғали: Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып

Еркеназ: Жаңадан тақпақ, Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ

Қосжан: Аяз ата біздерге

Орманменен келеді.




Артур: Арқасында дорбасы

Сыйлық әкеп береді.



Ақбота: Шыршаға бардық,

Сыйлықтар алдық.

Аяз атадан

Сыйлықатар алдық.



Ақзия: Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса.

Ханбибі: Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.



Айзере: Көрікті шыршамыз

Шамдары самсаған

Көңілді ортамыз

Айтамыз шырқып ән.

Зере: Қуантып елді,

Жаңа жыл келді. Айза:

Шыршаға бардық

Әсем ән салдық.

Нұржігіт: Ата әже, ата әже

Құтты болсын жаңа жыл.


Кенже: Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.


Аяна: Өсетін болдым,

Бір жасқа енді.

Ерасыл: Қыс келді, қыс келді

Ақтарып ақ қарды.


Анель: Аралап қайтамыз

Ақ күміс бақтарды.


Алина: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтары тізілген.

Ғалым: Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.


Мейрамбек: Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса.

Жібек: Басымда әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.


Айсұлтан: Жаңа жыл келді Жаңа жыл аппақ.


Ән: «Құтты болсын жаңа жыл»


2-жүргізуші: Балалар Сайқымазақпен бірге ендеше ойын ойнайық.


Ойын:

1-жүргізуші: Ал балалар Аяз ата мен Ақшақармен қоштасатын уақытта


болып қалған ситяқты ендеше оларды шығарып салайық.



Аяз ата мен Ақшақар қош сау болыңдар келесі жылға дейін көріскенше



Енді сөз кезегін ата аналар комитетіне берейік.


1-жүргізуші: Жаңа жыл әр отбасына береке әкелсін, табыс әкелсін


2-жүргізуші: Әрдайым жүздеріңнен нұр кетпесін, жаңа жылымыз құтты


болсын. Осымен Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз


аяқталды ,қош сау болыңдар.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі