400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алақай, жазғы демалыс! 2-класс

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алақай, жазғы демалыс!" ашық сабақтың ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Алақай, жазғы демалыс!

Мектеп: Ақтөбе қ. № 9 орта мектеп-гимназия Пән: қазақ тілі


Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Истай Марина Истаевна

Сынып: 2

Қатысқандар саны: 16


Қатыспағандар:

Оқу мақсаты

2.1.4.1 тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну жəне кейіпкерлер мен оқиғалардың ретін анықтау

2.4.1.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттерді қолдана отырып, мәтін құрастыру

2.4.3.1* мұғалімнің қолдауымен сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және тиісті тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану

Бағалау критерийі (күтілетін нәтиже)

Сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады

Айтылуы бойынша сөйлем түрлерін ажыратады

Сөйлемнің соңында тиісті тыныс белгілерін қояды

Суреттер мен тірек сөздер бойынша әңгіме құрастырады

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Қарапайым сөйлемдердің мағынасын ажыратады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді ажыратады

Кейбір оқушылар орындай алады: Сурет бойынша шағын мәтін құрастырады.

Құндылықтарды дарыту

Табиғатты қорғау, аялау.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Бастапқы білім

«Миға шабуыл» әдісі. Оқушылар ойланып, жауап береді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басы

4 минут

Оқушылардың дайындығын тексеру.

Мұғалім: Саламатсыз ба! Оқу-құралдарыңыз дайын ба?! Жарайсыңдар!

Бүгінгі сабақта жұппен пен де, жеке де жұмыс түрлері болады, сол себепті біз жұпқа бөлінуіміз керек. Менің қолымда екіге бөлінген суреттер бар, таңдаған суреттеріңнің бөлшігін тауып жұптарыңызды анықтайсыңдар. Бөлшігі сәйкес келген суреттің артқы жағында отыратын парталарыңның нөмірі көрсетілген.

«Миға шабуыл» әдісі. Жұпқа бөлу.

Қима қағаздардан «Жазғы демалыс» тақырыбына сурет жинап шығарады.


Оқушылар жинаған суреттер арқылы жұптарын тауып, сұрақтарға жауап беріп, сабақтың тақырыбын анықтайды.


Мұғалім: Керемет! Енді осы барлық суреттерге қарап, қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

  • Жаз.

  • Жазғы саяхат.

  • Жазғы демалыс.

Мұғалім: Жазда не істейміз?

  • Жазғы демалысқа шығамыз.

  • Саяхатқа барамыз.

  • Суға шомыламыз, күнге күйеміз, балық аулаймыз . . .

Мұғалім: Дұрыс! Бүгін біз үйренген сөздерімізді еске түсіреміз, алған білімдерімізді қортындалаймыз.


Дифференциация жүргізіледі.

(қабілеті жоғары балалар сабақтың тақырыбын айтады.)

«3 шапалақ» әдісі арқылы бағалау.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Тақта, презентация, қима қағаздар.

Ортасы 35 минут






































































Сергіту сәті

2 минут




































1.(М, Ж) Мұғалім: 1-тапсырма: шашыраған әріптерден сөз шығарасыңдар. Бұл тапсырманы жұппен орындайсыңдар. Барлығыңызға 2 минут уақыт беріледі. Шашыраған әріптерден сөзді дұрыс жинаған жұп «жұлдызша» арқылы бағаланады.



1-тапсырма. Шашыраған әріптерден сөздер жинайды.

айғажаж

жағажай

ңезіт

теңіз

лақыб

балық

хаятас

саяхат

қзытықы

қызықты

зіөтдік

өткізді

битағат

табиғат

онмар

орман

Дескриптор:

- шашыраған әріптерден сөздерді дұрыс жинайды

«Жұлдызша» арқылы бағалау.Picture 5


2.(МК, Ж) Мұғалім: Жарайсыңдар! Келесі тапсырма өте белсенділерге. Тақтаға қолын бірінші көтергендер шығады. Тасырманы мұқият тыңдаңыздар. Сендер суреттер мен сөздерді сәйкестендіріп , сөз тіркесін құрастырасыңдар. Дұрыс құрастырылып , айтылып шыққан сөз тіркесі смайликпен бағаланады.

2-тапсырма. Суреттерді сөздермен сәйкестендіріп, сөз тіркесін құрастырады.



шомылады

күйеді

аулайды

ойнайды

тереді

Дескриптор:

- суреттерді сөздермен сәйкестендіреді;

- сөз тіркесін құрастырып, айтып шығады.

«Жұлдызша» арқылы бағалау.Picture 5

3.(МК, Ө) Мұғалім: Керемет! Жарайсыңдар, балалар! Біз сөздер мен сөз тіркестерін еске түсірдік. Енді келесі тапсырма берілген сөздерден сөйлем құрастырудан тұрады. Бұл тапсырма жеке орындалады. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, тиісті тыныс белгілерін қою дискрипторы бойынша жұлдызшамен бағаланады.

Барлығыңызға 2 минут уақыт беріледі.

3-тапсырма. Сөздерді ретімен орналастырып, тыныс белгілеріне көңіл бөліп, сөйлемдер құрастырады.

1. гүл / тереді / қыздар

2. күн / болады / қандай / жазда

3. келді / жазғы / алақай / демалыс

1. Қыздар гүл тереді.

2. Жазда күн қандай болады?

3. Алақай, жазғы демалыс келді!


Мұғалім: Жақсы, уақыт аяқталды. Енді мен тапсырмаларыңызды бағалап шығайын.

Жарайсыңдар! Енді осы сөйлемдерді оқып шығайық.

Дескриптор:

- тыныс белгілеріне көңіл бөліп, сөйлемдер құрастырады;

- сөйлемнің құрылымын сақтайды;

«Жұлдызша» арқылы бағалау.Picture 5


Оқушылардың ойын сергітіп, бойларын жазу үшін, мұғалім келесі өлеңді оқып, қимылдарын көрсетеді. Оқушылар қайталайды.

Кәне, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық. 
4. (М, Ж) Оқылым. Айтылым.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Келесі тапсырмаға көшпес бұрын, оң жақтағы суреттерге назар аударайық. Енді тапсырманы тыңдаймыз: Мәтінді тиісті суретті ақпаратпен толықтыруларың керек. Бұл жұмыс жұппен орындалады. Біреуіңіз тиісті суретті анықтайды, екінші оқушы сөйлемді оқиды.

4-тапсырма. Мәтінді тиісті суретті ақпаратпен толықтырады.

Алақай, жазғы демалыс келді!

Жазда _________ ыстық болады.

________________ піседі.

Мектеп ________________ демалады.

Балалар ______________, лагерьге барады.

Олар суға ________________, балық _________, күнге күйеді.

Қыздар _________________ тереді.

Уақытты _________________ өткізеді.

Дескриптор:

- мәтінді дұрыс құрастырады

«Жұлдызша» арқылы бағалау.Picture 5

Мұғалім: Жарайсыңдар! Тапсырманы жақсы орындадыңдар , енді мен оны күрделендіремін. Суреттерді қалдырып, мәтінді алып тастаймын. Қане, кім маған осы суреттерге сүйене отырып, мәтіннің мазмұнын айтып бере алады екен? Керемет!

«Жұлдызша» арқылы бағалау.Picture 5


5. (М, Ж) ҚБ Тыңдалым.

Мұғалім: Енді тыңдалым тапсырмасына көшеміз. Мәтінді мұқият екі рет тыңдаймыз. Тапсырманы орындауға екі минут беріледі. Сол берілген уақытта тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша тиісті сөйлемдерді белгілеулерің керек. Дайынсыңдар ма?


5-тапсырма. Тыңдаған мәтінге сәйкес келетін сөйлемдерді белгіле ().

Shape2 Shape1

1) Отбасымен орманға барды.



Shape4 Shape3

2) Отбасымен саяхатқа шықты.



Shape5

Shape6

3) Анасы жеміс-жидек терді.



Shape8 Shape7

4) Ол әкесімен доп ойнады.



Shape10 Shape9

5) Олар жақсы демалды.




Мұғалім: Уақыт аяқталды. Қаламдарымызды партаға қоямыз. Енді өзара тексеріп көрейік. Жұмыстарымызбен алмасамыз. Тақтаға назар аударыңыздар. Тақтада дұрыс жауаптар мен бағалау дискрипторлары берілген. Осы дискрипторлар бойынша жұбыңның жұмысын тексересіңдер.


Тексереміз!

Отбасымен саяхатқа шықты.

Ол әкесімен доп ойнады.

Олар жақсы демалды.

Дескрипторлар:

- біреуі дұрыс болса, 5 балл;

- екеуі дұрыс болса, 7 балл;

- үшуі дұрыс болса, 10 балл;

Оқушылар бірін-бірі бағалайды. (+) (-)

Мұғалім: Жарайсыңдар! Ал, енді кім айтады екен, неге бірінші сөйлеммен үшінші сөйлем тыңдалған мәтінге сәйкес келмейді ?

Дұрыс айтасың! Мәтінде олар тауға барғандары, анасы гүл тергені айтылады.


Мұғалім: Ал енді еске түсірейік, табиғат аясында демалғанда қандай ережелерді сақтауымыз керек?


  • Қоқыс тастамау керек.

  • Табиғатты ластамау керек.

  • Табиғатты қорғау, аялау.

Табиғатқа қамқор боп

Байлығын біз қорғайық

Табиғатпен достасып

Жақсы істермен қолдайық

Тақта, қима қағаздар.


















Тақта.























Тақта, карточка.


























Тақта, суреттер































Аудиотапсырма, карточка

Соңы

3 минут


















2 минут

Сабақты қорытындылау.

Мұғалім: Сонымен балалар, бүгін біз не туралы өттік?

- Жаз туралы.

- Жазда не істейді екен?

- ….


Мұғалім: Жарайсыңдар! Енді сабақты зигзаг әдісі арқылы қорытындылайық. Жазда не істейтінімізді айту үшін, Алақай, жазғы демалыс! - деп бастап, ар жағын жалғастырып айта беріңіздер.


Алақай, жазғы демалыс! Жазда мен . . . . Ал сен жазда не істейсің?


Бүгінгі сабақта жақсы жұмыс істедіңіздер. Осымен сабақ аяқталды, Сау болыңыздар. Жазғы демалысты көңілді, қызықты өткізулеріңізге тілектеспін!


Кері байланыс:


түсіндім сұрақтарым бар түсінбедім

Тақта









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.06.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі