400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алақай, мен 5 - сыныпта оқимын!

Материал туралы қысқаша түсінік
5 - сынып оқушыларына орта буында оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо - педагогикалық қолдау көрсету. Сабақтың міндеті:  5 - сынып оқушысының жаңа әлеуметтік статусы туралы түсінігін дамыту;  Өзінің мүмкіндіктеріне және жетістіктерге ұмтылуға деген дұрыс қатынас қалыптастыру;  Басқалармен тату өмір сүрудің қажеттілігін және өзара түсіністіктің маңызды екендігін түсіндіру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Алақай, мен 5 - сыныпта оқимын!
Сабақтың мақсаты:
5 - сынып оқушыларына орта буында оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо - педагогикалық қолдау көрсету.
Сабақтың міндеті:
5 - сынып оқушысының жаңа әлеуметтік статусы туралы түсінігін дамыту;
Өзінің мүмкіндіктеріне және жетістіктерге ұмтылуға деген дұрыс қатынас қалыптастыру;
Басқалармен тату өмір сүрудің қажеттілігін және өзара түсіністіктің маңызды екендігін түсіндіру;
Қажетті құралдар: дәптер, қалам, карандаш, жұмсақ ойыншық немесе доп.
Жоспары:
1. Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.

2.Әңгімелесу

3.«Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы.
4. «Сағат бойынша достар» жаттығуы
5. Топтық жұмыс. «Біздің 5-сынып»
6. Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер»
Ұйымдастыру кезеңі. 

1. Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.
Қазір біздер балалар, шеңберге тұрамыз. Сіздермен өте қызықты жаттығу орындаймыз. Атауы да ерекше – «Өзіңді мақта!». Өзімізді мақтауға бізге сиқырлы доп көмектеседі. Әрбір оқушы қолына сиқырлы допты алғаннан кейін өзін мақтауы керек. Сіздерден ұялмауларыңызды сұраймын. Ендеше, ойынды өзімнен бастайын. «Мен өзімді ақылдымын және мейірімдімін деп мақтағым келеді, себебі мен әрқашан өзімнің оқушыларыма және олардың ата - аналарына, сонымен бірге басқа да адамдарға көмектесемін». Осылай допты келесі адамға береді. Бұл жаттығу оқушыларда өзіне деген сенімділікті және батылдықты дамытады.

- Жүргізуші таныстықтан кейін топтық ереже қабылдауды ұсынады, егер қатысушылар ережемен келіскен болса қолдарын шапалақтайды, егер келіспесе – аяқтарымен жерді тысырлатады.

Тренинг ережесі:
Құпиялылық
Белсенді болу және әзілдесе білу
Бір-бірімізге ренжімейміз
Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз

 Психологтың кіріспе сөзі.

5- сынып дегеніміз не ?

Бесінші сынып дегеніміз – бастауыш буыннан орта буынға көшудің алғашқы кезеңі болып табылады. Бесінші сыныпта оқушылардың бейімделу кезеңі жүреді. Балада кіші мектеп жасынан өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сынып оқушысы бір ғана мұғалімге, бір кабинетке , яғни тұрақты қалыпқа үйренген. Ал орта сыныпқа көшкен кезде оларға бірнеше мұғалім сабақ береді. Сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастарымен, жаңа ұстаздарымен қарым – қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады. Бастауышпен салыстырғанда сабақ үлгерімі нашарлайды. Баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін оқушылардың білімге деген қызығушылығын оятумен қатар, жаңа сыныптастарымен, мұғалімдерімен қарым – қатынасына көмектесу керек.

Оқушыларға сұрақтар:

  • 5 сыныпта оқудың қандай ерекшелігі бар ?

  • 5 сыныпта қандай пәндер оқытылады ?

  • 5 сыныптан не күтесіз ?

  • 5-сыныпқа көшкенде қандай қиындықтар кездесті?

Оқушылармен 5 - сыныпқа келгенде олардың өмірінде қандай өзгерістердің, жаңалықтардың болғандығы туралы әңгімелесу жүргізіледі.

2. « Мен қандаймын?» жаттығуы.
Оқушыларға сөйлемді жалғастыру тапсырылады. Жазбаша орындау керек.
«Менің ойымша, мен...».
«Басқалар мені... ойлайды».
«Мен... болғым келеді».
Әрбір сөйлемге 5 - 6 сөзден жазуға болады.
Сөздер тізімі:
Ұқыпты, белсенді, қонақжай, тәртіпті, білімді, жауапты, еңбекқор, кешірімді, таза, шыдамды, батыл, сенімді, қарапайым, мәдениетті, қамқор, мейірімді, сабырлы, жылы жүзді, адал, сыпайы, білімге құштар, кеңпейіл,... т. б.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Оқушылардың көпшілігіне ортақ, сәйкес келгендері саналады.
3. «Сағат бойынша достар» жаттығуы.
1. Қолын қысыңыз

2. Арқасынан қағыңыз

3. Күлімсіреңіз

4. Қол бұлғаңыз

5. Көзіңізді қысыңыз

Топтық жұмыс.  «Біздің 5- сынып» суретті жаттығу.

 Мақсаты: оқушылардың сынып туралы ойларын білу, қарым – қатынасын анықтау. Топтық суреттер арқылы оқушының ойын білу.

Оқушылар топ болып отырады. Топқа жұмыс беріледі. Оқушылар өздерінің ойларын білдіріп, презентация жасайды.

1 топқа - «Менің бесінші сыныбым»,

2 топқа - «Менің сынып жетекшім»,

3 топқа - «5 сынып оқушысы қандай болу керек ?»

Оқушылар салған суреттері бойынша түсінік жүргізеді.

Рефлексия.

«Аяқталмаған сөйлемдер» жаттығуы.

Бүгінгі сабақта менің түсінгенім…

Бүгінгі сабақта маған ұнағаны және ұнамағаны…

Оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтай отырып, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

-Бүгінгі тренинг сабақтың соңындағы көңіл күйлерің қандай? Алдарыңдағы дөңгелекшелерден таңдайсыздар.
- көңіл күйлерің өте жақсы болса жасыл дөңгелекті көрсетіндер 
- көңіл күйлерің орташа болса көк дөңгелекті көтересіндер 
- дербестікті сезсеңдер қызыл түсті дөңгелекті көтересіндер 

Қорытынды:

5-сынып оқушыларының дамуы, одан әрі  қалыптасуы, үнемі дамып отырады. Оқушылардың орта буынға көшкендегі психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуының, ұстаздарға жеңіл бейімделуге, оңай тіл табысуға үйрете білуіміз керек. Сондықтанда оқушыларды дамыта түсуіміз керек. Ерекшеліктерін ескере білуіміз керек.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23.12.2019
1477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі